”Аман-саулык” қоры туралы

ЗиянытөменДеу жобасы «Аман-саулық» қорымен іске асырылып келеді.

«Аман-саулық» – бұл денсалық саласы және әлеуметтік қорғау салаларындағы сараптамалық және құқыққорғау ұйымы. Негізі 2007 жылғы 14 мамырда қаланған.

2017 жылғы мамырда «Аман-саулық» ҚҚ негізінде Бақыт Түменова басқарған республиканың сарапшылар қауымдастығы мен мемлекеттік органдардың 11 өкілі кірген ИЕА қауіпі факторларын төмендету бойынша жұмысшы топ құрылды.

3,5 жыл ішінде Жұмысшы топ баспасөз-конференциялар мен әлеуметтік акциялар өткізді, инфекциялық емес аурулар (ИЕА) проблемасын шешу жолдары мен шешімдерін талқылады. Олар халықаралық тәжірибені саралап, өз зерттеулерін жүргізіп, бұқаралық баспасөз құралдарына белсенді шығып, халықаралық конференцияларға қатысты, үкіметке аналитикалық жазбалар дайындады. Осы мерзімде Қор Ресей, Украина, Қырғызстан, Армения, Ұлыбритания, Австрия, Израиль және Американың халықаралық ғылыми қауымдастықтарымен өзара әрекеттестік орнатты.

2021 жылғы 28 қаңтарда «Аман-саулық» ҚҚ инфекциялық емес аурулар қаупі факторларымен шақырылған зиянды төмендету бойынша «Денсаулық» ассоциациясын құрғанын жариялады. Оның негізгі міндеті - әркімнің денсаулыққа деген құқығын іске асыру.

Өмір сапасы мен оның ұзақтығы денсаулық жағдайына тікелей байланысты.

Денсаулық негізі біз не ішіп, не жегенімізге, өмір салтымызға, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімдігіне байланысты.

Дәл осы себепті біз зиянды төмендету қағидатын танымал етумен айналысып келеміз – әдеттер мен өмір салтын алкогольден, шылым шегуден, зиянды тамақтан және өмір салтынан келетін қауіпті төмендету жағына өзгерту Қазақстанда ауру және өлім-жітім жағдайларын төмендетуге көмектеседі.

Біздің барлық жобаларымызды зерделей алатын Қордың негізгі сайты: http://www.amansaulyk.kz/