Никотин: нағыз қатерді түріне қарап танып жүрміз бе?:

Никотин: нағыз қатерді түріне қарап танып жүрміз бе?

Түрлі зерттеулердің арқасында біз шылымқор адамның ағзасына кесірін тигізетін басты зиянның түтін мен темекі жанған кезде бөлінетін заттардан болатынын білеміз. Енді бір тәжірибе-зерттеулер жану процесін айналып өтетін балама құралдардың кәдімгі темекіге қарағанда 90-95%-ға зиянсыздау екенін көрсетіп отыр. Ал никотин қалай әсер етеді? Жалпы шылым шегудің ағзаға ықпалы қандай? Әңгімелеп берейік.


Шылым шегу ағзаға қалай әсер етеді?

Кей адам темекі тек өкпеге зиян деп ойлайды. Олай емес. Әрине, шылым шегуден бірінші кезекте тыныс алу жолдары зардап шегеді, себебі олар арқылы түтін және түтіннің құрамындағы ыс, шайыр, ауыр металдар тұзы, жану кезінде пайда болатын қалдық секілді химиялық заттар мен байланыстар өтеді. Көмей, кеңірдек, ауатамырдың шырышты қабығы зақымданады, соның кесірінен созылмалы аурулар пайда болады. Ал шылым шегетін адамның тұрақты жөтелі өкпе ұлпасының созылып-қалпына келіп тұруға мүмкіндік беретін қасиетін нашарлатады. Жалпы алғанда, өкпе толыққанды жұмыс істеуден қалады, инфекцияларға қарсы тұру қауқары төмендейді.

Ең бірінші шеккен шылымыңыздың өзі жүрек-қан тамырлары жүйесіне салмақ түсіреді, оны жүрек соғысының жиілеуінен байқауға болады. Қалыпты жағдайда жүрек минутына 70 рет соқса, шылым шегу кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 85-ке дейін көтеріледі. Яғни жүрек айдайтын қан көлемі күрт артады, сәйкесінше бұл ағза мүшесіне түсетін салмақ мөлшерден тыс көбейеді. Бұған тамырлардың тарылып кетуін қосып қойыңыз. Осының бәрі жалпы қан айналым жүйесінің нашарлауына алып келеді. 

Асқорыту мүшелері де шылым уынан зардап шегеді, мәселен, асқазан мен аш ішек ойық жарасы қатері артады. Ал шырышты қабықты тітіркендіретін темекі түтіні асқазан сөлінің еселеп бөлінуіне себепші болады, нәтижесінде гастрит пайда болуы мүмкін. Бұдан бөлек асқазанның жиырылуы да баяулайды. Шылымқор адамның тәбеті төмен болатыны осыған байланысты. Бір сөзбен айтқанда, жалпы ас қорыту жүйесінің жұмысы зиян көреді.

Темекінің сезім мүшелеріне де әсер ететінін айта кеткен жөн. Мысалы, шылым шегушінің тілін жабысқақ жалқақ басады, бұл жүйке ұшы мен тағам арасындағы байланысты бұзады, яғни дәм сезу қабілеті төмендейді. Ал мұрын шырышының тітіркене беруі иіс сезуді нашарлатады. Шылымқордың көзі әрдайым қызарып жүреді, қабағының шеті сәл ісіп тұрады. Бұл да ауытқуларға, атап айтқанда түстерді сезудің бұзылуына алып келеді. Есту жүйесі де бұзылады, себебі құлақ жүйесімен байланысып тұрған жұтқыншақтың қабынуы салдарынан құлақ жарғағы жуандайды, ал есту сүйекшелері икемділігін жоғалтады. 

Темекі миға ерекше әсер етеді, соның нәтижесінде шылым шегуге құштар болып тұрамыз. Шылымқорлар үшін темекі тартқан кезде ойлау қабілеті жақсарғандай болады. Негізі, шынымен солай, себебі никотин молекулалары ми белсенділігін арттырады, артынша эйфория пайда болады, қуат бітеді. Бірақ мұндай күй жарты сағаттан соң жоғалады, ал белсенділік, керісінше, күрт кеміп кетеді. Никотин ағзамызда бөлінбейтіндіктен ми тағы темекі сұрайды. Біраз уақыт темекі тартпай қалған адамның бойында уақыт өте келе шаршау, ашуланшақтық, күйгелектік, бас аурулары, есте сақтау қабілетінің нашарлауы секілді невротикалық қалып белгілері байқалады.

Адам ұзақ уақыт темекі тартса, ұйқы сапасы да бұзылады. Әдетте ағзамызда түн бойы жылдам және терең ұйқы кезеңдері кезектесіп отырады. Ұйқы қанып, демалып тұру үшін ұйқының шамамен үштен бірін терең ұйқыда өткізуіміз керек. Алайда никотин бұл процесті өзгертіп жібереді, нәтижесінде адам жылдам ұйқы кезеңінде көбірек болады, тіпті түн ортасында бірнеше секундқа оянып та кетуі мүмкін. Осының кесірінен таңертең шаршап тұрады, өзін әлсіз сезінеді.

Мұның бәрі өмір сүру ұзақтығына кері әсер етеді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және профилактика орталығының мәліметіне сәйкес, шылымқордың өмірі кем дегенде 10 жылға азаяды екен. 10 жылды елестету қиын болса және ол үшін қанша темекі тарту керек екенін білмесеңіз, мына мәліметке назар аударыңыз: әр шылым өмірді 11 минутқа қысқартады

Темекіден келер зардап қайдан? Жану процесі және бөлінетін заттар құрамы

Никотиннің өзін жеке бөле-жара қарастырсақ, оның өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруларының, сондай-ақ қатерлі ісіктің пайда болу ықтималдығын арттырмайтынын көре аламыз. Алайда ол химиялық заттарға деген тәуелдік тудырады деп саналады. Кей зерттеуде никотин ағзаға кері әсер етеді, мысалы, жүрек-қан тамырлары жүйесіне қатысты қатерді арттыруы мүмкін делінген.

Дегенмен, ең басты зиян темекі түтінінде. Оның құрамында 7000-дай химиялық зат бар, соның 70-тен астамы канцерогенді болып саналады, яғни жасушаның генетикалық материалына зиянын тигізіп, қатерлі ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін. Канцерогендердің қатарына цианид, бензол, формальдегид, метанол, ацетилен секілді заттар кіреді. Зерттеулерге сәйкес, өкпе обыры кесірінен тіркелген өлімнің 90%-дан астамы, сондай-ақ жалпы қатерлі ісікке қатысты өлім жағдайларының 30%-дайы осы темекі түтініне байланысты пайда болған. 

Бензол адам ағзасында сүйек майына әсер етеді. Бұл өте қауіпті, себебі жаңа қан жасушылары жілік майында пайда болады, ал сәл-пәл зақымның өзі қан аздығына әкеліп соғуы мүмкін. Формальдегид, акролеин және ацетальдегид тері, көз, өңеш, шырышты қабық және тыныс жолдарының тітіркенуін тудырады. Көгерткіш қышқыл жасушаішілік және тін тынысалуын бұзады, ағзадағы оттекті тасымалдауға қатысатын және құрамында темір бар ферменттердің белсенділігін азайтады. Күшәләнің тіпті де у екенін айта кету керек, ол жүрекке қатысты проблемалар тудырады және онкологиялық аурулардың пайда болу қатерін арттырады. Сондай-ақ шайырдың құрамында өкпеге барып түсетін қатты заттар бар екенін де ескеру қажет. Мұның бәрі темекі түтінінде бар заттар.

Ал адамның бойында шылым шегу әдетін қалыптастыратын ең басты дүние – никотин. Қанға сіңген соң никотин дофаминнің, яғни қуаныш гормонының бөлінуіне «көмектеседі». Дофаминді «ынталандыру гормоны» деп те атайды, себебі ол әлдебір іс жасағаныңыз үшін «жүлде» ретінде де бөлінеді. Сондықтан шылымқорлардың көпшілігінде «ауыр жұмыс істеу – темекі тарту құқығына ие болу» деген секілді әдет тізбегі қалыптасады. 

Зиянды қалай азайтуға болады?

Шылым шегудің мүлдем зиян тигізбейтін жолы жоқ екенін анық айта аламыз. Алайда зардапты азайтуды мақсат ете отырып, ең қауіпті процесті, яғни жануды «айналып өтетін», сәйкесінше зиянды заттардың ағзаға түсуін 95%-ға қысқартатын, зияны азырақ балама нұсқаларды қарастырып көруге болады.

Ең кең танымал балама дүние – электронды темекі. Оның өзі вейп-жүйе және темекі қыздыру жүйесі болып бөлінеді. 

Вейп-жүйелер

Вейп жүйесі пропиленгликоль, глицерин, хош иістендіргіш және басқа да қоспалардан тұратын ерітіндіні қыздыру әдісімен жұмыс істейді, соның нәтижесіне бу бөлінеді, оны адам жұтады. Түптеп келгенде бұл құралды ингалятор деп те атауға болады. Ең басты артықшылығы да сол, яғни буда шайыр мен көміртек тотығы болмайды. Темекі түтінімен салыстырғанда токсиндер мен канцерогендер көлемі 450 есе аз, яғни айтарлықтай төмен. Бұл өз кезегінде қатерлі ісіктің пайда болу ықтималдығын азайтады.

Жалпы алғанда, пропиленгликоль мен глицерин қауіпсіз заттар болып саналады. Әрине тұрақты түрде ингаляция жасау өкпені тітіркендіруі мүмкін, мұны астма секілді ауруларға шалдыққан адамдар үшін аса пайдалы деу қиын. Сондай-ақ вейпке арналған сұйықтықта адам үшін канцероген саналатын формальдегид секілді улы заттар бар. Оған қоса қан тамырларын нашарлататын хош иістендіргіш те зиян болуы мүмкін. Оның ішінде ваниль мен даршын дәмі ерекше қауіпті саналады. 

Бұл бағыттың толыққанды зерттеліп үлгермегенін айта кету керек, себебі вейп құрылғылар бір-бірінен ерекшеленеді, яғни токсиндердің құрамы, 200-300 градус арасындағы қыздыру температурасы бір-біріне ұқсамауы мүкін, сондай-ақ қоспа заттар да түрлі жағдайда түрліше нәтиже береді. 

Темекі қыздыру жүйесі

Мұнда темекі арнайы стикте болады. Стик Цельсий бойынша 350 градусқа дейін қыздырылады (кәдімгі темекі 600 градус деңгейінде жанады), нәтижесінде никотинмен қаныққан бу бөлінеді. Кәдімгі шылым шеккенде міндетті түрде пайда болатын және қанның оттек жеткізу қасиетін нашарлататын канцерогендер, шайыр, ыс секілді заттар электрон темекі тартқан кезде бөлінбейді. Сонымен қатар стик темекі аэрозоліндегі акролеин деңгейі 85-95%-ға, формальдегид 66-91%-ға аз болады.

Электронды темекі тарту процесі келесідей жүреді: құрылғыға арнайы түрдегі темекі салынады, ол қызған кезде аэрозоль түрінде никотин бөленеді, бұл аэрозолді адам мүштік арқылы жұтады. Яғни ештеңе жанбайды, ағза ыс және улы шайыр секілді қосымша заттарсыз никотинді тікелей алады.

«Зерттеулер қыздырылатын темекі өнімдерін пайдалану кезінде зиянды заттардың әсері кәдімгі шылым шегумен салыстырғанда азайғанын көрсетті. Сірә, темекінің бұл түріне өткен адамдардың қасындағы басқа жандардың денсаулығына төнетін жалпы қатер де азайған болар», – деп жазады токсикология жөніндегі комиттеттің британ дәрігерлері. 2015 жылы Британия денсаулық сақтау мекемесі (Public Health England) мұндай балама жолдар кәдімгі темекіге қарағанда 95%-ға қауіпсіздеу деген тоқтамға келген болатын.

«Стик темекі мен аэрозолдегі никотин көлемі кәдімгі шылым шеккенде бөлінетін көрсеткішке пара-пар деуге келеді, бірақ шылым түтінімен салыстырғанда мұндай балама нұсқалардағы темекіге тән нитрозаминдер құрамы бес есе, ал СО (ыс газы) жүз есе төмен», – деп қорытынды жасайды Ұлттық денсаулық сақтау институтының жапон мамандары.

Қазір бар зерттеулерге сүйене отырып, жақын арада әлем кәдімгі шылымнан біртіндеп бас тартады және никотинді ағзаға жану кезінде бөлінетін заттарсыз жеткізе алатын, зияны азырақ құралдарды пайдалана бастайды деуге болады.

Тақырып бойынша тағы оқыңыз