• Басты бет
  • Орта
  • Неліктен демалыстан кейін өзіңізді шаршаулы сезінесіз?
Редакция ұсынады

Неліктен демалыстан кейін өзіңізді шаршаулы сезінесіз?


Сізді күш-қуатқа бөлеуі тиіс кезекті демалыстан оралу кейде сергектік емес, шаршағандық сезімімен бірге жүреді. Неліктен осылай болып жатады? Біз осы мәселенің басын ашып, себептерін көрсетуге дайынбыз:

Молыққан бағдарлама

Көпшілігіміз демалыс күндерін барынша белсенді түрде және мүмкіндігінше бәріне үлгеретіндей етіп өткізуге тырысамыз. Экскурсиялар, белсенді ойын-сауық іс-шаралары, түнгі серуендер – осының барлығы да нағыз күш-қуатты талап етеді. Нәтижесінде дұрыс демалып қайтудың орнына сіз бар күшіңізді шаршағандық сезімін жинақтауға жұмсайсыз. Осылайша үйіңізге оралған кезде ешнәрсені істеуге энергия мен ықыластың болмайтыны да айқын.

Демалғаныңыз үшін өзіңізді кінәлі сезінесіз

Өнімділік пен тұрақты түрде жұмыспен айналысып отыру ізгілік болып саналатын қазіргі қоғамда көпшілігіміз демалу туралы шешім қабылдағанда өзімізді кінәлі сезінеміз. Әлеуметтік желілер мен медиа ұдайы жұмыс істеп жүретін, сонымен бірге бүкіл мақсаттарына жетіп отыратын табысты адамның бейнесін қалыптастыратындықтан, біз үшін демалыс – бұл уақытты зая кетіру деп көрінеді. 

Сонымен бірге адамдардың көбі, тіпті, демалыс – бұл нағыз әлсіздік немесе жалқаулықтың көрінісі ретінде қабылдайды. Олар өздернің қаншалықты қателесетіндерін білсе ғой!

Ең жақсы демалыс – айналысып отырған ісіңді өзгерту

Кеңінен таралған «Ең жақсы демалыс – айналысып отырған ісіңді өзгерту» деген нұсқама адамдардың көбі үшін күш-қуатты қалпына келтірудің мінсіз бір рецептісі ретінде көрінеді. Бір қарағанда бір белсенділікті басқасына ауыстыру қалыпқа келуге көмектесетіні қисынды сияқты. Алайда іс жүзінде мұндай тәсілдеме қалаған нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді, әрі адамды шаршатып жібереді және қанағаттандырмайды екен. Мәселен, егер сіз ақыл-ой белсенділігін қажет ететін еңбектен шаршасаңыз, онда физикалық белсенділікпен айналысып көріңіз, және керісінше жасағаныңыз абзал. Дегенмен мұндай әдіс-тәсіл әрдайым жұмыс істей бермейді. Сіздің миыңыз алуан түрлі тапсырмалармен тұрақты түрде айналысқан кезде және олардың, тіпті, негізгі жұмысыңызға қатысы жоқ болса да, сіз толыққанды демалысқа ие бола алмайсыз.

Демалыс кезінде жұмыс істеу

Жұмыс пен демалысты біріктіру – қазіргі заманғы адамдардың көбі үшін қызықты шешім болып келеді. Бір қарағанда қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігімен қатар демалыстан ләззат алып отыру мінсіз бір нұсқа секілді көрінуі мүмкін. Алайда іс жүзінде мұндай тәсілдеме екі бағытта да көңіліңізді қалдыруы ықтимал. Табиғат сұлулығынан рахатқа бөлену, жаңа жерлерді зерттеу немесе әшейін ғана жағажайда демалудың орнына сіз іскерлік хаттарға жауап беріп, жұмысқа байланысты мәселелерді шеше отырып, бар уақытыңызды ноутбуктың алдында өткізіп отырасыз. Нәтижесінде сіз толыққанды демалыс емес, кінәлік сезім, ұят, мазасыздық пен нағыз стреске ғана ие боласыз.

Өз қажеттіліктеріңізді түсінбейсіз

Әрбір адам бірегей болып келеді, әрі оның демалысқа деген қажеттіліктері де бірегей. Кейбір адамдар үшін мінсіз демалыс уақытты тыныштықтықта өткізу болса, басқалар үшін – белсенді іс-әрекеттермен айналысу. Кейбіреулер диванда жатып, кітап оқып, фильмдерді қараса немесе жай ғана ешнәрсе істемей уақыт өткізсе, өздерінің демалып қалғанын сезінеді. Бұл оларға бойын еркін ұстауға, алаңдаушылықты басу мен күш-қуатты қалпына келтіруге көмектеседі. Басқа адамдарға толыққанды демалыс үшін өзгелермен араласу және әлеуметтік белсенділіктер қажет болып тұрады. Көңілді кештер, клубтар мен караокеге бару, не болмаса достармен бас қосу өздерін жігерлі сезінуге септігін тигізеді. Оларға басқа адамдармен араласу мен жаңа әсерлерден болатын эмоционалдық үстеме маңызды. Естеріңізде болсын, демалыс – бұл қалыпқа келу мен демалуға арналған уақыт. Өз жан-тәніңізге құлақ асып, өзіңізге қамқорлық танытқаныңыз абзал. Дұрыс демалу әркімнің жеке қажеттіліктеріне байланысты болып келеді.

Демалыс түрлері

Сонымен өзіңізге жарамды келетін жеке демалыс түрін нақтырақ анықтау үшін оның әрқайсысы туралы айтып берейік. 

Физикалық демалыс. Бұл демалыс екі түрге бөлінеді: белсенді және белсенді емес. Толыққанды демалыс үшін осы екі түрді алмастырып отыру ұсынылады. Белсенді демалыс стретчинг, йога, жүгіру, спорттық секцияларға (бокс, дзюдо, каратэ) қатысу және, тіпті, қарапайым жаттығуларды орындауды қамтиды. Белсенді емес демалыс таза ауадағы жеңіл өтетін жаяу серуендер, жүзу, массаж, хаммамға бару және де ұйқыны білдіреді.

Менталды демалыс. Орташа статистикалық адамға бір тәулік ішінде түсетін ақпарат пен стрестің мөлшері жалпы ақылдан айырылып қалмау мақсатында осы демалыс түрі жайында кез келгенді ойлануға міндеттейді. Бұл мазасыздық деңгейін төмендету үшін медитацияарды, кітап оқуды, музыка тыңдауды, арт-терапияны (мәселен, нейрографика сабақтары) қамти алады.

Эмоционалды демалыс. Бұл жинақталып қалған негативті эмоцияларды сыртқа шығару мен күш-қуатты қордалауға мүмкіндік беретін демалыс түрі. Эмоциялар күнделігін жүргізу, психолог маманымен дербес сессияларды өткізу, краш-бөлмелерге (бұл жерде интерьер заттарын сындыруға болады) бару, орманда айқайлау, жақын адамдармен ашық сөйлесу – осының барлығы да сіздің эмоцияларыңызды бақылауда ұстау мен түсінуге көмектеседі.

Әлеуметтік демалыс. Демалыстың бұл түрі адамдармен (жұмысқа қатысты емес митингтер) белсенді өзара әрекеттесуді қосады және эмоционалдық тепе-теңдікті қалпына келтіруге, әлеуметтік байланыстар мен жалпы жай-күйіңізді жақсарта түсуге көмектеседі. Бұған отбасылық кешкі астар, саяхаттар, экскурсияларға бару, дастармен бірге өтетін көңілді кештер, әлеуметтік желілердегі экологиялық түрде болатын араласу, онлайн-ойындар, бейнеқоңыраулар мен қызығушылықтар бойынша үйірмелерге қатысу жатқызылады.

Шығармашылық демалыс. Бұл бойыңды еркін ұстау мен демалуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге жасампаз ойлануды ынталандырады, көңіл-күйді жақсарта түседі және жеке тұлға ретінде өсуге септігін тигізеді. Демалыстың бұл түріне нөмірлер бойынша сурет салу, музыкалық аспаптарда ойнау, өлең шығару, скрапбукинг (фотосуреттері бар альбомдарды жасау), аспаздық шедеврлерді жасау және, тіпті, фотосурет курстары жатқызылады.


Аударған: Рита Сәрсенова

 

Понравилась ли вам статья?

4
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз