Жоба туралы
Біз үзілді-кесілді шараларға қарағанда, өз өмірімізді жақсартуға арналған күнделікті кішкентай ғана қадам мен өзіміз тапқан әдеттеріміз ұзақ мерзімді перспективада тиімдірек екеніне сенімдіміз. Дүйсенбіден жаңа өмірді бастамадық, деп өзіңізді іштей сөгу міндетті емес. Өзіне қамқор болу, денсаулығқты сақтау және зиянды салдарды төмендету жақсы нәтиже беретіні дәлелденген.
Арамызда жүрген адамдардың көбісі бір сәтте темекіні тастай сала алмайды, тамақтану кестесін өзгерте алмайды немесе алкогольден бас тарта алмайды. Зерттеулерге сәйкес әрекеттеріміздің 40% - бұл оймен істейтін әрекеттер емес, демек стресс жағдайында темекі шегу, коктейль ішу, зиянды тамақ жеу әдеті – оймен салған жігер күшінен де мықты әдет.
Дәл осы себепті біз зиянды төмендету қағидатын алға тартып отырмыз.
Зиянды төмендету – есірткіге тәуелділігі бар ересектерді емдегенде алғаш рет қолданылған денсаулық сақтау стратегиясы. Бұл көзқарас аддикциясы бар адамдар арасында өлім жағдайларын айтарлықтай төмендетуге көмектесті. Дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен дәлелденгендей, мұндай көзқарас шегінулермен қоса жүретін тыйым салудан және күрт бас тартудан тимдірек.
Біздің мақсаттарымыз:
- Зиянды әдеттерден үзілді-кесілді арылудың баламасын ұсыну – әркімнің өз таңдауы болуы тиіс!
- Алкоголь, шылым шегу, есірткі тұтыну және зиянды тамақ сияқты жағымсыз әдеттерден денсаулыққа келетін зиянды төмендету,
- Адамдарды өз өмір салтына позитивті өзгерістер енгізуге ынталандыру,
- Өмір салты мен зиянды әдеттерге салынып кетуге байланысты бүйрек, жүрек және басқа да ағзаларды бұзатын инфекциялық аурулармен науқастануды төмендету.
Бізбен қалайша байланысуға және бізді қалай оқуға болады?
Бұл зиянытөменДеу жобасының негізгі сайты. Мұнда қарапайым тілмен жазылған түрлі тақырып бойынша мақала оқуға, әдеттерден келетін зиянды төмендетуге қатысты ток-шоу көруге, тестілеуден өтуге, осы мәселе бойынша ең соңғы зерттеулер оқуға болады. Нәтижесі – өмірді асығыссыз бара-бара әрі оңай өзгерту!
Материалдар тұрақты толықтырылып тұрады 😊
Сондай-ақ біздің жаңалықтар, қысқа ескертулер мен нұсқаулықтар, зерттеулер мен видеороликтер жариялап тұратын және оқырмандарымызбен қарым-қатынас жүргізетін біздің Instagram, Facebook, VK және YouTube бар.