Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

The Weeknd пен Лили-Роуз Депптің қатысуымен хикая неге сәтсіз болды?

«Кумир» сериалы жайлы киносыншының пікірі


РЕДАКЦИЯ АТЫНАН: «Зияны Төмендеу» редакциясы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан «Кумир» телехикаясы туралы өзінің пікірімен бөлісу үшін белгілі киносыншы Кәрім Қадырбаевты шақырған еді. Осы хикаяны көруден кейін болатын зиянды қалай төмендетуге болады? Спойлер – қарамаңыздар».

Келесі аптада HBO Max платформасынан дарынды адам барлық жағынан дарынды дегенге сеніп кеткен, әрі шектен тыс шыққан музыканттың нағыз есерсоқтығының айқын мысалына айналған «Кумир» хикаясы көрсетілімнен кенеттен және масқара болып шығарылатын болады.

The Weeknd әншісі өз хитіндегі I’m blinded by the lights жолын сөзбе-сөз іске асырғандай, әрі өз ұлылығының жарығынан соқырайған ол жылдың ең жиіркенішті бейнесімен өзінің имиджін едәуір нашарлата түскен.    

Бәрі де айтарлықтай қызықты басталады. Өзінің интерьерімен нағыз сәтті сәттілікті көрсетіп тұрған сән-салтанатты виллада назарларынан ешнәрсе байқаусыз қалмайтын ұятсыз продюсерлердің бақылауында ондаған епті фотографтар, жарық түсірушілер және бишілер қызмет етуде. Олардың барлығы да психологиялық жарақаттардың орнын жыныстық эскападтармен алмастырып отырған Джослин есімді поп-диваның мансаптық жолын «аяғына нық тұрғызу» үшін тер төгіп, жұмыс істеп келеді.

Егер де хикая «қайсысымыздың бетімізге шәует себілмеді дейсіз, бұрын біз содан ләззат алатынбыз» (дәйексөз!) деген секілді тақырыпты күнделікті талқылап отыратын шоу-бизнестің жаны жоқ қалыптастырушыларының қарсы тұрушылығы іспетті дәл осы тарихына және сынған дерлік, дегенмен сахнаның әлі де «тірі» ханшайымының хикаясына негізделгенде, онда «Кумир» ескі және қазіргі заманғы әдептіліктің қарама-қайшылықтарына байланысты көкейкесті тақырыбына жасалған күлкілі сатираға әбден айнала алатын еді.

Дегенмен, өкінішке қарай, хикаяның екінші жартысында бүкіл кеңістік пен хронометражын өз бейнесімен толтырған жоғары мәртебелі «жалаңаш король» Эйбел Тесфайе пайда болады. Міне, оның нақ осы пайда болу сәтінен нағыз шегі жоқ талғамсыздық деңгейімен еліктіретін, әрі жалықтырып жіберетін кринж фестивалі басталады.

Егер белгілі бір ұқсастықтарға келер болсақ, онда «Кумир» — бұл хикаялар әлеміндегі «Шоугелз» болып келеді. Білмейтіндер үшін айта кетейік, «Негізгі инстинкт» секілді сәтті шыққан эротикалық триллердің ықпалымен пайда болған Пол Верховеннің 1995 жылғы фильмі «Алтын таңқурай» 7 антисыйлығын жинап, содан кейін, тіпті, онжылдықтың ең нашар фильмі ретінде танылған болатын. Ең өкініштісі, бұл Джина Гершонға ауыр тиеді, өйткені осы картинаның кесірінен дерлік оның мансап жолы аяқталды деуге болады. Сонымен бірге The Weeknd өзі мұны түсінбестен, өзінің алғашқы реквиемін Лили Роуз-Депп серіктесінің мансаптық жолы бойынша жазған болып шығады.  

«Кумир» хикаясы «Шоугелз» сияқты қозудың орнына, қайта экранда болып жатқаннан ұят сезімін тудыратын төсектегі сахналарға тым толы болып келеді. Осылайша, мысалы, екінші серияда басты кейіпкерлер арасындағы алғашқы жыныстық қатынас кезінде Тесфайе порнографиядан естіген барлық сөз тіркестерін жаттап алғандай тізіп шығады. Ал ең қорқыныштысы, ол осының барлығын да мысқылдап айтып тұрған жоқ. Тек қана осы бір сахна үшін хикаяның барлық авторларына да «созылмалы шәует токсикозы» диагнозын қоюға әбден болады.

Сондай-ақ оқу «Секс және қала» телехикаясының феномені неде? Анықтап көрейік

Алайда егер «Кумир» хикаясында кішкене болса да ұғынықты сюжетке сілтеп тұратын тұстар болғанда осының барлығын ақтап шығуға болар еді. Алайда бұл атымен жоқ, Сэм Левинсон және Тесфайе хикаясы ең «ыстық» демекші тақырыптарды (отбасыдағы абьюз, кибербуллинг, психологиялық жарақаттар, уытты батылдық, шоу-бизнес машинасының аяусыздығы) қамтып алуға тырысып, сонымен бірге оның ешқайсысын да ашып көрсете алмағаны хақ, өйткені бас продюсер әрі басты ер адам рөлінің сомдаушысы осы мазмұндауды кезекті бір орынсыз және өзінің орындауындағы порнопародиямен тоқтатып отырады.

Осы бес бөлімнен тұратын «апатты» хикаяның бөлек бір тұсы – актерлік ойын. Лили Роуз-Депп өзінің кейіпкері турасында ешқандай түсінігі жоқ іспетті, ол әрбір эпизодтың сценарийін алаңға шығудан бес минут бұрын ғана оқып шығатын сияқты көрінеді. Джослин формалды түрде «Кумир» хикаясының басты кейіпкері саналғанымен, ол фильмнің ең көрнекі емес персонажы болып келеді.

Дегенмен актрисаны жалпы нашар дейтін болсақ, онда Тесфайе – бұл нағыз дарынсыз актерлік орындаушылықтың алтын стандарты десек болады. Сюжет бойынша Тедрос (бұл The Weeknd персонажының есімі) – дарынды музыканттар кіретін культтің басшысы, әрі бүкіл хикая бойына мына бір сұрақ туындайды да тұрады: «Неліктен басшы дәл сол екен?». Үнемі ұятты бір сөздерді айтып отыратын осы бір жасанды және арзанқолды «мамасының» гангстері әлдекімді өз соңынан еруге қалайша сендіре алған екен? Тедростың бойынан ешқандай сүйкімділік, не болмаса қорқыта алушылық, не бір дарындылық пен тасып тұрған ақылды таба алмайсың, әрі осыған қоса оны актерлік тәжірибесі жоқ танымал музыкант нашар сомдап отыр. Бұның жанында Бритни Спирс пен Мэрайя Кэридің актерлік күшенуі тура «Оскар» сыйлығына лайықты болып көрінеді.

Жалпы алғанда «Кумир» хикаясы қорқақ режиссер Левинсон, бір мезетте сайқымазаққа айналған шадыр продюсер Эйбел Тесфайе, мән-мағынасы жоқ, бірақ бүкіл мәселелердің басын ашуға талпынған түсініксіз сценарий, әрі ақыры дербес шығармашылық тұлға бола алмайтын тарихта керемет әнші мен тамаша актердің қызы ретінде ғана қалатын секілді Лилли-Роуз Депп қосылған мінсіз дауыл көрінісіне ұқсас келеді.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

3
0
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз