Редакция ұсынады

Темекі төңкерісі: әйелдерге темекі тартқызған кім?

Шылым – бұл әйелдер үшін еркіндіктің шырағы ма? Темекі нәзік жандылар үшін нені білдіреді? Әлеуметтік тыйымға қарамастан, әйелдерді жария түрде темекі тартуға не итермеледі? Әуел баста ерлерге ғана тиесілі болып саналған темекі тарту әдеті әйелдер арасында қалайша кеңінен таралып кеткен? Бұл туралы осы мақалада әңгімелейміз.


ДИСКЛЕЙМЕР: «Зияны Төмендеу» жобасының редакциясы кез келген түрде болатын темекі тартуды қолдамайды және шылымқұмарлар үшін бұл әдеттен бас тартқаны анағұрлым жақсырақ деген пікірді ұстанады. Алайда бас тартқысы келмейтін адамдарға зияны әлдеқайда төменірек түтін шығармайтын балама нұсқаларға ауысуды қарастырған жөн: хиттерлер (қыздырылатын темекі) немесе никотинді алмастыратын терапия өнімдері.

Осыдан 100 жыл бұрын жағдай тіптен басқаша болған еді. Темекі әйелдер үшін жосықсыз, тек қана ерлерге арналған әдеттен тәуелсіздік пен тең құқықтық нышанына дейін жылдамдатылған жолдан өтті.

«Еркіндік шырақтары», не болмаса Қалайша маркетинг темекіні әйелді ырықтандырудың нышанына айналдырған

ХХ ғасырға шейін темекі тарту тек қана еркектерге лайықты әдет деп саналып келген, әрі темекі шығаратын компаниялар шылымды нағыз ерлерге, табысты және күшті ер адамдарға арналған өнім ретінде жайғастырған.

Алайда 1920-шы жылдары, яғни, әйелдер өз құқықтарын кеңейту қажеттілігін аса қатты сезіне бастаған кезде, АҚШ-тағы темекі компаниялары пайданы ұлғайту үшін игілікті негізді байқай алды. 1928 жылы Американың әртүрлі штаттарындағы саясаткерлер әйелдерге қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салатын заңдарды, сонымен бірге оларды бұзғаны үшін жазалауды бекітуге талпынғанда, American Tobacco Company жетекшілігі компанияның кірісі үшін әйелдер аудиториясының қаншалықты үлкен әлеуетке ие екендігін түсінеді. Осы тұста фирма қоғамдық айыптау деңгейін төмендетуге шешім қабылдайды да, әрі әйелдерді тартымды түрде темекі шегуді үйретуге ниеттенеді. Сол кездегі қолданыста болған әлеуметтік нормаларға байланысты әйелдер көбінесе темекіні қалай дұрыс ұстау керектігін де, түтінді қайда және қалай шығаруды да білмеген, осының салдарынан олардың орындауындағы шылым шегу біртүрлі болып көрінетін.

Осы бір қиын жұмысты атқаруға әйгілі пиар маманы Эдвард Бернейс кіріседі. Психиатр Абрахам Брилдің кеңесіне құлақ асып, ол феминисттердің көмегімен мынадай: «Өз Еркіндігіңіздің шырағын жағыңыз! Тағы да бір сексистік тыйымға қарсы күресіңіз!» деген ұранға ие кампанияны іске асырады. Осылайша 1929 жылдың 1 сәуірінде Нью-Йоркте өткен жыл сайынғы Пасха шеруінде әйелдер дәл осы сөздермен жұрттың көзінше ашықтан-ашық темекі тартқан еді. Танымал феминист Рут Хейл аталмыш шеруде болған барлық әйелдерді жоғарыда айтылған нәзік жандыларды ырықтандыру әрекетіне қосылуға үндеген, ал Бернейс тарапынан шақырылған фотосуретші әрі қарай АҚШ пен күллі әлем бойынша таратуға арналған көптеген сапалы фотосуреттерді жасаған еді.

Сондай-ақ оқу Түтінсіз баламалар және темекі – екеуі бір нәрсе ме? Темекі тартудың балама нұсқалары туралы басты дақпырттарды сейілтеміз

Маркетинг кампаниясы осы бір ұраннан гөрі әлдеқайда ауқымды болғаны сөзсіз: темекі шығаратын компаниялар сүзгілері мен алуан түрлі дәмдері бар жіңішке, «фиминдік» шылымдарды өндіруді қолға алған, ал темекі тартып тұрған әйелдердің фотосуреттері журналдар, газеттер және қоғамдық орындарда жаппай жариялана бастайды. Әйелдерді темекі артық салмақтан арылуға және күйзелістің деңгейін төмендетуге көмектесе алады дегенге сендіруге кіріседі. Ұзақ уақыт бойы Lucky Strikes американдық темекінің жарнамалық ұраны мынадай бір қарапайым сөз тіркесінен құралған: «Тәттілерді емес, «Lucky» таңда». Бұдан бөлек темекі тартатын әйелдің бейнесі медиажобаларға енгізіле бастаған. Қолына темекі ұстап тұрған арулар үлкен экрандардағы танымал фильмдерде де байқалады. Мұндай байланыс әйелдер арасында темекі шегудің іс жүзінде анағұрлым дамыған және кеңінен таралған деген түсінікті қалыптастыра бастайды.

Эдвард Бернейс және өте бай темекі компанияларының барлық әрекеттері де есептелетін табыспен тәмамдалған еді. Американдық медициналық қауымдастықтың мәліметтеріне сүйенсек, 1923 жылы әйелдер темекінің 5% тұтынған, әрі 1929 жылы бұл көрсеткіш 12% дейін артқан болатын, ал 1935 жылы әйелдер тарапынан сатып алынған темекінің үлесі 18,1% құрайды. Бұл көрсеткіш 1965 жылы өзінің шыңына дейін, яғни, 33,3% дейін жетеді де, әрі 1977 жылға шейін осы деңгейде қала береді.

Зиянды әдеттің Кеңес Одағы мен Қазақстандағы эволюциясы

Сол тұста дәл осыған өте ұқсас жағдай Кеңес Одағында да қалыптасып жатты. Өткен ғасырдың басында темекі тарту тек ауыр физикалық еңбектің өкілдері – фабрикалар мен зауыттардың жұмысшылары ғана бейім келетін зиянды әдет болып саналғаны белгілі. Мұндағы парадоксқа келер болсақ, нақ сол уақытта шылым шегу зиялы қауым өкілдерінің арасында да, яғни, ақындар, жазушылар және суретшілер ортасында нағыз сәнге айналған әдет еді. Дегенмен бір қызығы, бұл санатта да әйелдерден гөрі ер адамдар көбірек темекі тартатын.

Әйелдерге бағытталған темекі тартуды насихаттауға байланысты коммуникацияның күшейе түсуіне қарамастан, Кеңес Одағында бұл белсенділік адамдардың көбі үшін орынсыз болып саналған. Нәзік жандылар жасырын түрде темекі тартуды жалғастырып, әрі өздеріне қоғамдық орындарда темекімен көзге түсуге жол бермеді. Бұл жағдай 1970–1980-шы жылдары өзгере бастайды, сол кездегі тоқтаусыз тапшылықтың салдары ел ішінде батыстық өмір салтына деген үлкен қызғаныш сезімін тудыра бастайды. Нақ сол кезеңде әйелдер өз әдетіне қатысты әлдеқайда батылырақ болады және оны әшкере етеді. Бұл уақытта үлкен экрандарда көрсетілген «Тағдыр ирониясы немесе Жеңіл буыңызбен» және «Қызметтік роман» секілді классикалық кеңестік фильмдерде де кейіпкер әйелдердің темекі тарта отырып, рөлдерін сомдағанын байқауға болады.

Көптеген жылдар өтті, ал біз темекі тартудың әйелдерді еркін етпейтіндігін көріп отырмыз. The American Lung Association (Американдық өкпе қауымдастығы) есебінің мәліметтеріне сәйкес өкпенің қатерлі ісігі әйелдер арасындағы обырдан болатын өлім-жітімнің негізгі себебі болып келеді. Жыл өткен сайын сүт безі, аналық без және тоқ ішектің қатерлі ісігімен салыстырғанда әйелдер өкпенің қатерлі ісігінен көбірек қайтыс болады. Соңғы 44 жылдың ішінде әйелдер арасындағы өкпенің қатерлі ісігі дертіне шалдығу көрсеткіші 79% артқан екен, ал ер адамдар арасында бұл ауруға тап болу деңгейі 43% төмендеген. Тұтынылатын темекі саны мен шылым шегу «өтілі» бірдей болғанына қарамастан, қосымша факторлардың салдарынан ерлерге қарағанда әйелдердің өкпенің қатерлі ісігіне шалдығу қаупі сәл жоғары болып келеді.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

7
1
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз