• Басты бет
  • Шолулар
  • Түтінсіз Қазақстан: тыйым салынған вейптерді немен ауыстыруға болады
Редакция ұсынады

Түтінсіз Қазақстан: тыйым салынған вейптерді немен ауыстыруға болады

Темекі шегу мен жаман әдеттерден бас тарту трендтердің артынан ілесудің жай ғана талпыныстары емес, бұл өз денсаулығыңыздың, сондай-ақ жақындарыңыздың амандығының пайдасына жасалған нағыз саналы таңдауға айналып отыр. Айналамыздағы адамдар, әсіресе балалар мен қарттар, темекі тартудан өзімізден гөрі кем емес, ал кейде, тіпті, көбірек зардап шегетіні туралы ойланатындар кемде-кем. Темекі түтінін деммен бірге жұтқан кезде олар тура белсенді шылымқұмарлар секілді сол бір қауіп-қатерлерге ұшырайды, әрі жұтатын шайыр мен тұншықтырғыш газдың мөлшері бірнеше есе артық болады екен.


Темекі қораптарындағы қорқыныш сезімін тудыратын суреттер шылымқұмарларға үрейлі әсер етуін тоқтатқалы қашан, ал белсіздік, өкпенің қатерлі ісігі және бедеулік туралы ескертулер «бұның маған қатысы жоқ» деген реакцияны ғана тудырады. Ал бұл бекершілік, өйткені зерттеулер көрсетіп отырғандай, шылым шегу 13 түрлі қатерлі ісікті, жүрек-қан тамырларының дерттерін, өкпенің созылмалы ауруының даму қаупін арттырады және өлімнің шамамен 25% жағдайында негізгі себебке айналады. Осы тәуекелдерді ұғыну барған сайын адамдардың көбін аталмыш жаман әдеттен бас тартуға мәжбүр етеді.

Түтінсіз Қазақстанға қол жеткізудің жолы қандай?

Дәл осы жану үдерісі темекі түтінінің түзілуі мен оның адам денсаулығына деген теріс салдарының басты себебі болып келеді. Инновациялар бұл залалды үдерістен қашық болуға көмектесетін түтін шығармайтын балама нұсқаларды ұсынады, мәселен, хиттерлер (темекіні қыздыруға арналған жүйелер) және вейптер секілді құрылғылар.

Көбінесе адамдар хиттерлер мен вейптерді «электронка» деп жалпы терминмен атайтын көрінеді. Алайда бұл құрылғылар бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Вейптерде құрамында никотині бар сұйықтық, хош иістендіргіштер және басқа да қоспалар қолданылады, ал хиттерлерге келсек, бұл жерде стиктердің ішінде орналасқан арнайы өңделген темекі пайдаланылады.

Ескерту: Қазақстанда 2024 жылдың 20 маусымынан бастап электронды темекі және вейптерге арналған сұйықтықтарға тыйым салынады, әрі бұл елдегі темекі шегушілерді бір ғана балама нұсқамен қалдырып отыр.

Сонымен түтін шығармайтын балама нұсқалар классикалық шылымнан несімен ерекшеленеді және олардың қайсысы біздің денсаулығымызға көбірек зиян келтіреді?

Сондай-ақ оқу Түтінсіз баламалар және темекі – екеуі бір нәрсе ме? Темекі тартудың балама нұсқалары туралы басты дақпырттарды сейілтеміз

Темекіні 900 градус температурада жағатын дәстүрлі шылыммен салыстырғанда темекіні қыздыруға арналған жүйелерде температураны небәрі 250–350 градусқа дейін ғана көтеретін арнайы қыздыру элементі қолданылады. Осының нәтижесінде аэрозоль пайда болады, ал оның құрамындағы никотин мөлшері кәдімгі темекідегі никотин мөлшерімен тең, алайда тұншықтырғыш газ мөлшері әлдеқайда төменірек және орта есеппен алғанда уытты канцерогендер мен шайыр 98% аз болып келеді.

Айта кетерлік маңызды жайт, шылым шекпейтін адамдармен салыстырғанда, тіпті, бір темекінің өзі жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін 50% арттыратынына әкеліп соқтырады, ал шылымқұмарларда инсульттің пайда болу ықтималдығы 

30% жоғарылай түседі екен. Мұндай жүйелер дәстүрлі темекіге қарағанда зияны әлдеқайда төменірек балама нұсқалар болып келеді, әрі адам ағзасына түсетін зиянды заттектердің мөлшерін 95% азайтады және шылымқұмарлар үшін темекі шегуден біржолата бас тарту үдерісіндегі аралық нұсқа ретінде қызмет ете отырып, зиянды төмендетуге көмектесе алады.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

9
3
6

Тақырып бойынша тағы оқыңыз