Редакция ұсынады

Түтінсіз балама нұсқалар дәстүрлі темекі тартуды жоқ қыла ала ма?

Жаңа зерттеудің басын ашайық

Әртүрлі тәуелділіктерді зерттеу саласының сарапшысы, профессор Карл Фагерстрем Harm Reduction Journal басылымында жарияланған өзінің мақаласында темекі тартудың балама нұсқаларын кеңінен қолданатын елдердің классикалық темекіні тұтынудың айтарлықтай төмен деңгейіне қалайша қол жеткізе алғандары туралы әңгімелейді. Осы елдердің тәжірибесін талдай отырып, олардың бұл жетістікке қалай жеткендерін түсінуге тырысып көрейік.


Қазіргі таңда көптеген елдер темекі тартуға қарсы күрес жүргізу стратегиясының бір бөлігі ретінде зиянды төмендету тұжырымдамасын қабылдауда. Олардың арасында Ұлыбритания мен Жаңа Зеландия көшбасшы болып келеді, бұл елдерде шылым шегуді тоқтату және зиянды төмендету мақсатында вейпингтің пайдалануын қолдау ісі белсенді түрде жүріп жатыр.

Швеция және Жапония елдері де зиянды төмендету тұжырымдамасын белсенді қолдап келеді. Түтін шығармайтын балама нұсқалар ішінде Швецияда – снюс, ал Жапонияда – темекіні қыздыруға арналған жүйелер кеңінен таралған.

Біз сіздердің назарларыңызға түтін шығармайтын балама нұсқалардың пайдаланылуы кеңінен қолдау тауып отырған елдердегі темекі тарту деңгейі мен осындай өнімдердің тұтынылуы төмен болып келетін елдермен салыстырылған шолуды ұсынамыз. Сондай-ақ Фагерстрем деректердің көбісін ДДСҰ есеп беру құжаттарынан алып отырғандығын айта кеткен жөн.

Тағы да айта кетерлік бір жайт, ДДСҰ созылмалы аурулар және денсаулықты нығайту жөніндегі департаментінің бұрынғы басшысы Роберт Биглхол және ДДСҰ жұқпалы емес аурулар кластеріндегі эпидемиологиялық бақылау жөніндегі бұрынғы директоры Рут Бонита The Lancet басылымында жарияланған бірлескен мақаласында соңғы үш онжылдықтың ішінде әлем бойынша темекі тартатын шылымқұмарлардың жалпы саны іс жүзінде өзгермегендігін алға тартады. Осыған байланысты ілгерілік пен жаңа ғылыми мағлұматтарды ескере отырып, темекі тартуға қарсы күрес жүргізу әдіс-тәсілдерінің өзектілігін қамтамасыз ету керек. Олардың айтуынша, бұл ең алдымен зиянды төмендетуге бағытталған стратегиялар болуға тиіс. Мәселен, темекінің орнын зиянды заттектерді әлдеқайда азырақ түзетін түтін шығармайтын балама нұсқалармен алмастыру.

ҰЛЫБРИТАНИЯ және ЕО

2020 жылы Ұлыбританияда темекі тартудың кеңінен таралғандығы 14%-дан сәл кемірек болған. Әрі соңғы жылдар ішінде ЕО елдеріне қарағанда әлдеқайда тезірек төмендеп отырған.

2014-2020 жылдар аралығында ЕО елдеріндегі темекі тартудың кеңінен таралғандығы 2%-ға төмендеген, салыстырмалы түрде алатын болсақ, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 4%-ды құраған.

Сонымен бірге ЕО-дағы 2%-ға қарсы Ұлыбритания халқының 6,54%-ы электронды темекіні пайдаланып келеді.

ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ ЖӘНЕ АУСТРАЛИЯ

Жаңа Зеландияда халықтың 6,2%-ы электронды темекіні күн сайын қолданады екен. Аустралияда бұл көрсеткіш 1,1%-ды құрап отыр. Жаңа Зеландияның үкіметі темекі шегуден бас тарту үшін вейптердің таралуына қолдау көрсетіп жатса, Аустралия мұны қолға алмаған көрінеді.

Тиісінше, Аустралияға қарағанда, Жаңа Зеландияда күнделікті темекі шегудің таралу көрсеткіші тезірек төмендеп келеді (10,3%-ға қарсы 9,4% көрсеткіші). Сонымен бірге екі елде де темекі тартуға қарсы күрес жүргізудің дәстүрлі шаралары ұқсас болып отыр (жоғары акциздік салықтар, сауда орындарында темекіні шығарып қойып сатуға тыйым салу және т.с.с.).

Швеция және шайнайтын темекі

Бір қызығы, снюстің қолжетімділігі мен кеңінен таралғандығы кәдімгі темекі тартудың рекордтық төмен таралуына және Еуропадағы ерлер арасында шылым шегуге байланысты өлім-жітімнің ең төмен деңгейіне септігін тигізгендігіне қарамастан, елдің үшеуі де (Ұлыбритания, Аустралия және Жаңа Зеландия) снюстің сатылымына тыйым салып отыр (шегілмейтін шайнамалы темекі). Кейде бұл құбылысты «швед тәжірибесі» деп атайтын көрінеді.

Темекі тартудың орнына снюсты қолдануға ауысу секілді жағдай Норвегияда да болған: бұл жерде күнделікті темекі тартудың таралғандығы Швециядағы деңгейге дерлік келіп жетті. Екі ел де темекі тартуды азайту деңгейі бойынша снюске тыйым салынған – Дания мен Финляндия сияқты көршілерінен әлдеқайда алға озып кеткен

2021 жылы жасалған зерттеудің нәтижелеріне сәйкес, Швецияда 16-84 жас аралығындағы адамдар арасында темекі тартудың таралғандығы 10%-дан сәл төменірек көрсеткішті құраған еді.

ЖАПОНИЯ

Жапония елінде ТҚЖ (темекіні қыздыру жүйелері) дәстүрлі темекі тартудың орнын айтарлықтай белсенді және сәтті алмастырып келеді. 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі аралықта ересектер арасындағы темекі тартудың таралғандығы 18,3%-дан 13,1%-ға дейін төмендеген екен.

Зерттеулер көрсеткендей, ТҚЖ қолданған жапондық пайдаланушылар санының 76%-на жуығы 2019 жылы кәдімгі темекіні тартпаған болып шықты.

Бір қызығы, Жапонияда (13,1%) ересек адамдардың арасындағы темекі тарту таралғандығының деңгейі, тіпті, Аустралиядан да (14,7%) төмен екен, ал соңғы елде темекіге қарсы саясат әлдеқайда қатаң болып саналады.

Болашағы

Осы мақалада қарастырылған деректер дәстүрлі темекі бұйымдарынан түтін шығармайтын балама нұсқаларға ауысу жалпы шылым шегу деңгейінің төмендеуіне септігін тигізуі мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Дегенмен ең жақсы тәсіл — бұл темекіден біржолата бас тарту екендігін есте сақтаған өте маңызды.

Сондай-ақ темекіні қыздыруға арналған жүйелер мен басқа да өнімдердің қауіп төндіру мүмкіндігінің дәрежесі турасындағы пікірталастар әлі де жалғасып отырғандығына қарамастан, осы өнімердің бір де біреуі зиян келтіру тұрғысынан темекі тартумен, тіпті, бір қатарға жатқызылмайтыны шүбәсіз.

АҚШ-та үш санатқа жататын өнімдердің барлығы да – ТҚЖ, снюс және электронды темекі – Азық-түлік өнімдері және дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау жөніндегі басқармасының (FDA) тарапынан тексеруден өткен және «қоғамдық денсаулықты қорғау үшін жарамды» деп танылып отыр. Олардың қауіп төндіру бейіні никотиндік шайнайтын сағыз бен никотинді алмастыратын терапияның басқа да құралдарына ұқсас болып келеді, ал олардың барлығы ондаған жылдар бойы нарықта қолжетімді болып отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ

Осы шолуға енген елдердегі темекі тартудың таралу деңгейінің төмендеуінің бір себебі ретінде жас буынның кәдімгі темекіден түтін шығармайтын балама нұсқаларға көшуді белсенді қолдайтыны секілді фактормен байланысты болуы мүмкін. Мұндағы бірыңғай жағдай тек Жапония болып отыр, өйткені бұл жерде темекі тартуды әдетте кейінірек бастайды.

Жаңа Зеландиядағы «Темекі тартумен күрес бағдарламасының» директоры Дебора Харт атап көрсеткендей, «бұл соңғы онжылдық ішінде жастар арасындағы темекі тарту деңгейінің төмендегенінің ең үлкен көрсеткіші, әрі жас адамдардың темекі тартудан азат елге жету жолындағы прогресті басқарып келе жатқандығы қатты қуантады».

Шыны керек, жасөспірімдердің барлық уақытта да қауіпті мінез-құлыққа бейім екендігі баршаға белгілі. Сондықтан саналы және прагматикалық әдіс-тәсілдер арқылы осы қауіптерді барынша жоққа шығару керек.

Егер қазіргі үрдіс сақталып жатса, онда жастар арасында темекі тарту деңгейінің төмендеуіне қол жеткізе алған елдерде, бәлкім, бір-екі ұрпақтан кейін аталмыш жаман әдеттің, тіпті, жойылып кетуі де әбден мүмкін.

Дегенмен қазірдің өзінде-ақ осы мақсатқа жету және көбірек елді қамту үшін көп нәрсе жасауға болады және жасау қажет болып отыр. Мәселен, Ұлыбритания мен Жаңа Зеландия вейпингке деген көзқарасы оң болғанымен, бұл елдерде темекінің басқа балама нұсқалары назарға алынбайды. Жапонияда ТҚЖ-ға рұқсат етілгенімен, электронды темекіні медициналық мекемелерден тыс жерлерде сатуға тыйым салынған және дәріқағаз болмаған жағдайда ол қолжетімсіз болады. Ал снюсты, Швеция мен Норвегиядан басқа, мақалада қарастырылған барлық елдерде сатуға тыйым салынады.

Бір өкініштісі, әзірше никотиндік өнімдер ішіндегі балама нұсқалардың ешқайсысы да темекі тарту бойынша әлемдік деңгейді де, әрі оның кесірінен пайда болатын аурулар санын да айтарықтай төмендете алмайды. Соңғы жылдары Ұлыбритания мен АҚШ-та электронды темекінің кеңінен таралуы арта түскен. Егер шылымқұмарларға басқа да балама нұсқаларды қарастыру туралы кеңес берілгенде, олар темекі шегуден көбірек бас тартар еді.

ДДСҰ темекі тартуды жоюға бағытталған неғұрлым белсенді және батыл әрекеттерді ұсынуға тиіс. Дегенмен, бір өкініштісі, мұндай әрекеттер әзірге қолға алынбай отыр, өйткені күш-жігердің басым бөлігі темекі тартуға қарсы күрес жүргізудің дәстүрлі әдіс-тәсілдеріне шоғырланған.

Алайда осы шараларды зияны әлдеқайда төменірек балама нұсқаларды белсенді қолдаумен біріктіру арқылы – темекі тартуды толығымен жою секілді мақсатқа жетуді жылдамдата түсуі әбден мүмкін еді.

Бұл ретте, мысалы, темекі бұйымдарына әлдеқайда жоғары салықты енгізе отырып, сонымен бірге баламалы өнімдерге жеңілдік ұсыну секілді жайттар болуы мүмкін. Не болмаса, темекі шегуден бас тарта алмайтын шылымқұмарлар үшін зиянды төмендетудің бір нұсқасы ретінде баламалы никотиндік өнімдерді танымал ету.

Жалпы темекі тартуды жою жолында зиянды төмендетудің тұжырымдамасына белсенді түрде қолдау көрсетуді қоса алғанда, неғұрлым батыл саясат жүргізу қажет.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

10
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз