Редакция ұсынады

Темекі тарту IQ деңгейіне ықпал ете ме: зерттеулер не дейді?

Жылдам өзгеріп отыратын әлемімізде көпшілігіміз физикалық денсаулығымызды күтеміз де, алайда ақыл-ойымызға қамқорлық таныту туралы не айта аламыз? Жасыратыны жоқ, адам қартайған сайын оның зейін қою, есте сақтау және күрделі тапсырмаларды орындау қабілетінің нашарлауы секілді белгілер пайда болуы мүмкін, бұл әсіресе 60 жастан кейін ерекше айқын көріне бастайды. Шылымқұмарлар болса, өздерінің guilty pleasure салдары жайында айырықша ойланғаны адзал. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, темекі тарту өмір сапасына ғана емес, сондай-ақ миымыздың когнитивті қабілеттеріне де теріс ықпалын тигізеді екен. Жалпы бұл қаншалықты мүмкін және жаман әдеттердің иелері оң өзгерістерге әлі де үміт арта ала ма, әлде ол үшін тым кеш пе? Мұны осы мақаламызда анықтап көрейік.


Шылым шегу зейін қоюды жақсарта ала ма?

Темекінің зияны туралы көңіл көншітпейтін соңғы зерттеулер мен шылым шегуге қарсы сан миллиондаған ағартушылық кампанияларға қарамастан, адамдардың көбі темекі тарту қырағылық пен зейіннің шоғырлануын жоғарылата түсетінін желеуретіп, шылым шегуді жалғастырып келеді. Шын мәнісінде мұндай болжамдар шындыққа мүлдем жанаспайтыны анық. 

Жаман әдетті жақтаушылар никотиннің орталық жүйке жүйесінің стимуляторы ретінде әрекет ете отырып, дофаминнің (ләззат гормоны) бөлінуін арттыра алады деген секілді дәлелді қолданып отырады, яғни, когнитивті үдерістерді, соның ішінде зейін қою, назар және стимулға деген реакцияны жақсартатына әкелуі мүмкін дегенді алға тартады, дегенмен бұл шындықтың бір бөлігі ғана. Айта кетерлік бір жайт, никотиннен болатын кез келген жағымды әсерлер денсаулық үшін түйінді қауіп-қатерлермен қатар жүреді, соның ішінде никотинге деген тәуелділіктің дамуы және өкпе мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің жалпы жағдайының нашарлау ықтималдылығы да баршылық. Сонымен бірге никотиннің зейін қою мен көңіл бөлуге тигізетін әсері уақытша ғана болуы әбден мүмкін, әрі кейіннен когнитивті функциялардың нашарлау кезеңдерімен бірге жүреді.

Когнитивті бұзылыстардың алдын алудың негізгі қадамдарының бірі жаман әдеттерден, атап айтқанда, темекі шегуден біржолата бас тарту болып келеді. Ал темекімен қоштасуға дайын емес адамдар үшін үйреншікті шылым тартудың орнына темекіні қыздыруға арналған жүйелер мен НАТ (никотинді алмастыратын терапияны) қарастыруға болады. Бұл балама нұсқалар толықтай қауіпсіз болмағанымен, олар жаман әдеттерден толықтай бас тарту жолындағы уақытша шешім бола алатыны анық. Аталмыш балама нұсқалардың зиянды салдары бар екендігін есте ұстаған маңызды, дегенмен олар темекі тартуға байланысты пайда болуы мүмкін аурулардың дамуын төмендете алатыны рас.

Темекі тартудың IQ-ға әсері туралы соңғы зерттеу

Шотландияның ғалымдары өздерінің жақында өткізген зерттеулерінде темекі тартудың адамдар өмірінің әртүрлі кезеңдеріндегі, яғни, 11 жастан бастап 64 жасқа дейінгі аралықта олардың когнитивті қабілеттеріне деген ықпалын зерттеп шықты. Зерттеу қатысушылары ретінде 1936 жылы дүниеге келген, әрі деменция (кем ақылдылық) белгілері жоқ адамдар тартылған еді. Сонымен қатар зерттеу барысында нәтижелердің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында адамдардың білім деңгейі, кәсіпқой мәртебесі, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен өкпе қызметінің жағдайы секілді алуан түрлі факторлар да ескерліген. Бір қызығы, 64 жас шамасында когнитивті қабілеттердегі өзгерістердің шамамен 5,7%-ын адамдардың білімі мен мамандықтарының ерекшеліктеріне байланысты түсіндіруге болады.

Сондай-ақ оқу Швед ғалымдары: темекіні қыздыру жүйелері туралы бар шындық Жаңа зерттеуді талдайық

Зерттеу нені анықтады?

Осы зерттеудің қорытындылары көрсеткендей, эксперименттің басталуынан бері 50 жылдан астам уақыт бойы шылым шеккен адамдар темекі тартпаған адамдармен салыстырғанда когнитивті тестілерде әлдеқайда төмен өнімділікті танытқан екен. Бұл әсіресе шылымқұмарлар нәтижелерінің айтарлықтай төмен екендігін көрсеткен психомоторлы тестілердің көрсеткіштерінде аса қатты байқалған еді. Бұл сынақтар орталық жүйке жүйесінің сипаттамалары мен жүйке үдерістерінің қозғалғыштығына баға беруге көмектеседі. Зерттеудің мәнмәтінінде аталмыш тестілер темекі тартудың реакция жылдамдығы, моторлық үйлестіру және ақпаратты өңдеу деген секілді психомоторлы дағдыларға қалай әсер ететіндігін бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мынадай бір жайт анықталған: бірге, әрі сол секілді бөлек-бөлек әрекет ететін темекі тарту мен өкпе қызметі бұзылуының тіркесімі небәрі 4%-дан аспайтын көрсеткішті құрайтын кішігірім, дегенмен мағыналы теріс үлесін қосады екен. Бұл тыныс алу жүйесінің ауруларына шалдыққан әрі темекі тартуды жалғастырып жүрген адамдарға ӨСОА дертінің асқынуы мен өкпенің қатерлі ісігінің пайда болу тәуекелінен ғана емес, сондай-ақ деменцияның (кем ақылдылық) айтарлықтай жылдам дамуынан қауіптену керектігін көрсетіп отыр.

Бұдан басқа ұзақ уақыт бойы шылым шегу деменция және Альцгеймер ауруының дамуына жол бермейтіні немесе кейінге ығыстыра алатыны туралы қауесеттер таралып жүрген, алайда шын мәнісінде бұл мүлдем олай емес. Ғалымдар анықтағандай, сіз темекіні неғұрлым көп тартсаңыз, деменцияның даму қаупі де соғұрлым жоғары болып келеді екен. Мәселен, егер сіз күніне шылымның екі қорабынан артық шексеңіз, онда сіздің Альцгеймер ауруына шалдығу тәуекеліңіз 157%-ға артады, ал тамырдың деменциясы үшін бұл қауіп бұдан да жоғары – 172%-ға артық болып келеді. Сонымен қатар белсенді темекі тартатын адамдардың жанында жүретін және темекі түтінін үнемі деммен бірге жұтатын пассивті шылымқұмарларда да жоғары деңгейдегі қауіп байқалады. Деменцияның тереңдеуімен қатар адамда күнделікті қарапайым міндеттерді орындау қабілеті де төмендейді: көлік айдау, тамақ дайындау және қаражатты басқару. Уақыт өте келе негізгі дағдыларға қатысты түйткілдер де пайда болуы бек мүмкін, соның ішінде киіну, жуыну және қозғалу, сонымен бірге қоршаған ортамен әрекеттесудегі қиындықтар да туындайды. Басқа тән белгілерге шатасу, ашуланшақтық, күдіктенушілік және, тіпті, агрессия көріністері жатады. Жағдайдың тіптен нашарлануының нышаны науқастың басқа адамдардың көмегіне толықтай тәуелділігі болып саналады.

Ұзақ және «саналы» өмір сүру үшін не істеу керек?

Зерттеудің нәтижелері біздің өмір салтымызға назар аудару және темекі тартудың жағымсыз әсерін төмендету мен өкпеге байланысты түйткілдер бойынша мүмкіндігінше шара қолдану қажеттілігін көрсетіп отыр. Алайда ақыл-ой айқындылығының құпиясы өте қарапайым: тұрақты түрдегі физикалық белсенділік, антиоксиданттар мен нутриенттерге бай үйлестірілген тамақтану, тұрақты және сапалы ұйқы мен ақыл-ой белсенділігі. Жаттығулар тек денемізге ғана емес, сондай-ақ миымызға да қажет екендігін ұмытпаңыздар. Сөзжұмбақтар, ойжұмбақтар, оқу және жаңа дағдыларды игеру деменцияның алдын алып қана қоймай, сонымен бірге жаңа әрі сүйікті ермек ісіңізге айналуы әбден мүмкін.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

1
4
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз