Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Швед ғалымдары: темекіні қыздыру жүйелері туралы бар шындық

Жаңа зерттеуді талдайық

Сіздерді темекіні қыздыруға арналған жүйелерге (ТҚЖ) қатысты ең өзекті зерттеулермен таныстырып отыруға тырысамыз. Соңғы жылдары түтін шығармайтын балама нұсқаларға деген көңіл бөлушілік ерекше жоғары болғандықтан, ғалымдардың шығарған кез келген жаңа қорытындылары шынымен де қызығушылықты тудырып отырады. Шылымқұмарлар кәдімгі темекіге қарағанда ТҚЖ-ның денсаулыққа әлдеқайда азырақ зиян келтіретіндігі жайлы біледі. Дегенмен бұл шынында да солай ма? Осы жолы біздер Стокгольмдегі (Швеция) Каролин институтына қарасты Экологиялық медицина институтының интегративті токсикология бөлімінің ғалымдар тобының дәстүрлі темекі мен темекіні қыздыруға арналған жүйелердегі зиянды заттектердің деңгейлерін анықтауға бағытталған жаңа зерттеуін талдаймыз.


Темекіні қыздыру жүйелері: бұл қалай жұмыс істейді?

Зерттеудің мәліметтеріне сәйкес, темекіні қыздыруға арналған жүйелер әлемнің 50-ден астам мемлекетінде қолжетімді болып тұр, сондай-ақ 2027 жылға қарай оларды сату көлемі шамамен 68 миллиард долларға дейін жететіндігі болжануда. Бұл әсіресе жастар, әрі қазіргі және бұрынғы шылымқұмарлар арасындағы осы өнімдерге деген қызығушылықтың қарқынды өсуін көрсетіп отыр.

Қазіргі уақытта ТҚЖ зерттеулерінің шектеулі базасы бар темекі бұйымдарының инновациялық санаты болып келеді. Бұл құрылғылардың жұмыс қағидаты олардың темекіні 350 °C дейін ғана қыздыратындығында жатыр, дәстүрлі темекімен салыстыратын болсақ, мұнда 900 °C дейінгі температуралар қолданылады. Бұл тәсілдің ең негізгі артықшылықтарының бірі – темекінің жану үдерісінің жоқтығында жатыр, сол секілді электронды темекі сияқты басқа балама құрылғыны пайдаланған кезде де аталмыш үдеріс болмайды, дегенмен осы екеуінің жұмыс қағидаттары бір-бірінен түбейгейлі ерекшеленеді екен. 

Шылымқұмар кәдімгі темекіні тартқан кезде уытты заттектердің (6000-нан астам) орасан зор мөлшері бөлініп отырады, соның ішінде: ауыр металдар, шайыр және канцерогенді қосылыстар – олар темекінің салдарынан пайда болатын алуан түрлі аурулардың даму қаупін тудырады.

Темекіні қыздыру жүйелері мен дәстүрлі темекіні салыстыру: ғылым не дейді?

Темекіні қыздыруға арналған жүйелер мен дәстүрлі темекіден болатын шығарындыларды салыстыру бірнеше қызықты қорытындыға әкеліп отыр. Мәселен, кәдімгі темекінің түтінімен салыстырғанда ТҚЖ шығаратын аэрозолдің құрамындағы никотиннің мөлшері айтарлықтай төмен келеді екен. Темекіні қыздыруға арналған құрылғылардың аэрозоліндегі никотиннің әлдеқайда аз мөлшері пайдаланушыларының никотинге деген тәуелділігін төмендетуге септігін тигізуі әбден ықтимал. Шылым шегуге байланысты көптеген жағымсыз әсерлер дәл осы никотиннің бар екендігіне нұсқап отыр, сондықтан оның аэрозольдегі азайтылуы темекіні тұтынудан болатын зиянды төмендетуге деген алғашқы қадам болуы мүмкін. Екіншіден, шығарындылардағы никотиннің айтарлықтай төмен мөлшері айналадағы адамдарға тигізілетін теріс салдардың қаупін төмендете алады, өйткені атмосферадағы никотиннің төмендетілген мөлшері адамдардың денсаулығына деген екіншілік темекі тартудың әсерін азайта алады. Бұл тұста тек бір ғана аспектіні ескерген маңызды: түтін шығармайтын балама нұсқаларға ауысу арқасында никотин мөлшерінің төмендетілгені күніне шегілетін стиктердің санын ұлғайтудың себебіне айнала ала ма?

Сонымен қоса, зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, дәстүрлі темекінің түтінімен салыстырғанда ТҚЖ аэрозолінде формальдегид, көмірқышқыл газы (СО), әрі хош иісті амин қышқылдары секілді уытты заттектердің деңгейлері айтарлықтай төмен болып келеді. Алайда айта кетерлік бір жайт, ТҚЖ шығаратын аэрозолде глицерин және пропиленгликольдің бар екендігі анықталған. Бұл заттектер белгілі бір жағдайларда қауіпсіз болып саналғандығымен, қосымша зерттеулердің жүргізілуін қажет етеді. Бәлкім, болашақта технологиялық тұрғыдан жетілдіру үдерісіндегі әрекеттер осы компоненттерді азайтуға немесе оларды алып тастауға көмектесуі бек мүмкін, сонда ТҚЖ құрамындағы зиян тағы да бірнеше деңгейге төмендейтін болады.

Қыздырылатын темекінің денсаулыққа деген әсері

Өкпеге тигізетін салдары

Жақында Жапонияда жүргізілген зерттеудің қорытындысына сәйкес, экспериментке қатысқан әрі соңғы үш жыл бойы күн сайын кемінде 10 тал темекі тартқан 148 ересек адамның қанындағы ақ жасушалар – лейкоциттер деңгейінің әжептеуір төмендегені байқалған, бұл олардың ТҚЖ қолдануға ауысуы кезінде анықталды, әрі мұның адам ағзасының жалпы хал-жағдайына оң әсерін тигізгені белгілі болды.

Лейкоциттер адамның иммундық жүйесінде инфекциялар мен қабынуға қарсы күрес жүргізу ісінде маңызды рөл атқарады. Дегенмен олардың шамадан тыс деңгейі әртүрлі респираторлық түйткілдер және жүрек-қан тамырлары ауруларының үлкен спектрінің даму қаупімен байланысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар бұл экспериментке өкпенің созылмалы обструктивті ауруына (ӨСОА) шалдыққан, әрі ТҚЖ пайдалануға көшкен адамдар да атсалысқан. Дәстүрлі темекі тартуды жалғастыра берген адамдармен салыстырғанда олардың балама нұсқаға ауысу нәтижесінде өкпе жұмысының жақсарғаны, физикалық жүктемеге деген төзімділіктің артқаны мен аталмыш дерттің асқыну жиілігінің төмендегені анықталды.

Жүрек-қан тамырлары жүйесіне тигізетін салдары

ТҚЖ шығаратын түтіннің әрекет етуі жүрек пен қан тамырларға теріс әсерін тигізуі мүмкін, алайда бұл әсер кәдімгі темекіні тартқан кездегі ықпалмен салыстырғанда әлдеқайда кемірек болып келеді. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, ТҚЖ пайдаланушыларында жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы, күретамырлық қысымның көтерілуі және артериялардың қаттылығы секілді ұқсас асқынған салдар пайда болып тұрады, дегенмен дәстүрлі темекіні тұтынудан болатын нәтижелерден асып түспейді екен. Бұл салдар бірнеше параметр бойынша өлшенген еді, соның ішінде жүректің жиырылу жиілігі, күретамырлық қысым және әртүрлі артериялар арасындағы тамыр соғу толқыны да қамтылған, әрі олардың барлығы әсер етуден кейін айтарлықтай ұлғайған.

Жапондық және американдық зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтердің талдауы көрсеткендей, классикалық шылымнан қыздырылатын темекіге ауысқан адамдарда бірнеше зиян биомаркерлерінің айтарлықтай жақсарғаны байқалған. Осындай жағдайларда «жақсы» холестериннің (тығыздығы жоғары липопротеидтер) деңгейі ұлғая түсіп, ал қабыну көрсеткіштері төмендеген болатын, демек бұл атеросклероздың даму қаупін әлдеқайда азайтумен қатар жалпы жүректің денсаулығына жағымды әсер етеді.

Сондай-ақ оқу Сіз түтінсіз өнімдерге ауыссаңыз, не болады?

Сонымен ТҚЖ-ға ауысудың қажеті бар ма?

Денсаулығыңызды сау қалпында сақтап қалу үшін, әлбетте, ең дұрыс шешім – бұл темекі шегуден біржолата бас тарту екендігі шүбәсіз. Дегенмен темекі тартуды толығымен тоқтату нағыз күрделі сын-қатерге айналу мүмкіндігін жете түсіне отырып, түтін шығармайтын балама нұсқаларға назар аударған жөн. Олардың құрамындағы никотин онша жоғары емес мөлшерлемеде болса да, дегенмен бар екендігіне қарамастан, бұл баламалар анағұрлым салауатты өмір салтына бірте-бірте көшуге өз септігін тигізе алады. Зерттеулер ТҚЖ құрылғыларын ұзақмерзімді түрде пайдаланған кезде дәстүрлі темекімен салыстырғанда адам ағзасына деген теріс әсердің едәуір төмендейтіндігін көрсетіп отыр. Алайда осыған дейін атап өткеніміздей, түтін шығармайтын балама нұсқаларды мүлдем қауіпсіз деуге келмейді.


Аударған: Рита Сәрсенова

 

Понравилась ли вам статья?

25
14
12

Тақырып бойынша тағы оқыңыз