Редакция ұсынады

Ғалымдар шылымқұмарларға жаңа эксперимент жүргізді

Таратып бер де, кедергі жасама

«Жуырда ғана, осы жылдың тамыз айында THE LANCET атты ғылыми басылымда бұған дейінгі жасалған барлық зерттеулерден түбегейлі ерекшеленетін жаңа зерттеудің нәтижелері жарияланған еді. Шылымқұмарларға жаңа эксперимент жүргізілген, бұл жерде оларға электронды темекі таратылды да, әрі кедергі келтірілмеді. Негізгі мақсат – мұның темекі тартуға қалайша әсер ететіндігін бақылау. Осы зерттеуді талдап, және де одан не шыққанын түсініп көрейік».


Зерттеудің жаңа «натуралистік» бағыты

Осы уақытқа дейін жүргізіліп келген зерттеулердің басым көпшілігінде оның қатысушыларына терапияның бір бөлігі ретінде электронды темекілер таратылып, шылымнан бас тарту үшін белгілі бір және міндетті күні белгіленетін еді. Нәтижесінде осындай тәсілдің қолданысы эксперимент аяқталғаннан кейін сынақтан өткен адамдардың көпшілігі қарапайым, күнделікті өмірде электронды темекіні қолдануды мүлдем тоқтатып, дәстүрлі темекіге оралғандары анықталды.

Жаңа зерттеу АҚШ-та Ұлттық онкология институтының қолдауымен жүргізілген болатын. Оған елдің 11 штатынан келген 638 ересек шылымқұмар қатысқан еді, әрі олардың электронды темекіні тарту тәжірибелері аз немесе мүлдем болмаған екен, тіпті, қатысушылардың көбісі темекіден бас тартуды да ойламаған. Қатысушылар 2:1 ара қатынасында екі тең емес топқа бөлінді. Бірінші топ 4 аптаға жететіндей электрондық темекінің қорына тегін ие болып, оларды қолдану бойынша минималды нұсқаулықтарды алған болатын. Екіншісіне – ешнәрсе берілмеді, әрі бұл топтың қатысушылары әдеттегі тәртіпте кәдімгі темекі шегуді жалғастыра берген, ал ықылас танытқан жағдайда, өз бетімен электронды темекіні сатып ала алатын. Зерттеудің негізгі мақсаты электронды темекінің табиғи жағдайда қалайша қолданылатындығын бағалауында болған. Әрі мұның темекі тартуға қалай әсер ететіндігін бақылау еді.

Зерттеу қалай жүргізілген

Сонымен, бірінші топтың қатысушылары – өмірінде ешқашан электронды темекіні тұрақты түрде қолданып көрмеген шылымқұмарлар төрт апта бойына пайдалану үшін жеткілікті мөлшердегі электронды темекіге ие болады. Эксперименттің негізгі шарты ешқандай да бір нақты шарттардың болмағанында жатыр. Қатысушылар электронды темекіні қалағанынша тарта алатын. Темекі тартуды қысқарту, кәдімгі шылымнан бас тартып көру немесе темекіні үйреншікті тәртіпте шегуді жалғастыра беруге болатын еді. Электронды темекіге толығымен ауысу, екеуін кезектесіп тарту немесе қарапайым темекіге тыйым салынған орындарда ғана электронды темекіні қолдануға рұқсат болған. Жалпы алғанда эксперимент қатысушыларына толық еркіндік берілді десек те болады.

Зерттеушілердің басты мақсаты «шылымқұмарлардың электронды темекіні жалпы пайдалану қажеттігі туралы, әрі оны қалай пайдаланатындығы бойынша өз бетінше шешім қабылдайтын шынайы сценарийге жақындау» болатын.

Құр бостық үшін де төлеу керек

Электронды темекіні алмаған екінші, бақылау тобының қатысушылары жайында да бөлек айта кеткен жөн. Қайткенде де, олар зерттеуге қатысқандары үшін, бірінші топпен салыстырғанда, айтарлықтай қомақты төлемге ие болған – олар бірінші топ қатысушыларына тиген 240 доллардың орнына 320 доллар алған еді.

Сонымен бірге зерттеушілер плацебомен салыстыру эксперименттің «натуралистік» тәсілдемесін пайдаланған кезде әсіресе негізсіз екендігін көрсетіп отыр. Дегенмен ғалымдар атап өткендей, электронды темекіні ұсыну бойынша зерттеу үміттердің кез келген эффектілерін қоса алғанда, лайықты түрде бақыланып отыруы қажет. Соның ішінде «өнім ұсынының болмауы арқылы» да. Мінеки, жаратылыстану-ғылыми эксперименттің осындай бір күтпеген, тіпті, буддистік, пәлсапалық бөлігі бар болып шықты.

Эксперименттің «ешнәрсеге» ие болған қатысушылары, қалаған жағдайда, өз бетімен барып, электронды темекіні сатып ала алатын еді. Сондай-ақ ештеңені де сатып алмаса да болатын.

Сондай-ақ оқу Қалайша вейпинг жылына 500 миллион фунтты үнемдеуге көмектесе алады Денсаулық сақтау саласындағы төңкеріс

Негізгі нәтижелер

Эксперимент барысында көптеген параметрлер бақыланып отырды. Ниет білдірген оқырмандар зерттеудің толық нәтижесімен сілтеме бойынша таныса алады. Біз болсақ, осы тармақта ең маңызды қорытындылары туралы айтып беруді жөн көрдік.

Эксперимент кезінде электронды темекінің қолданылуы

Электронды темекіге ие болған топта өткізілген эксперимент барысында қатысушылардың оларды қолдану деңгейі 60%-дан бастап 70%-ға дейінгі көрсеткішке ие болған. Бақылау тобындағы көрсеткіш салыстырмалы түрде 9%-13%-ды құраған.

Эксперименттің аяқталуы

6 айдан кейін негізгі топ қатысушыларының 44%-ы электронды темекіні пайдалануды жалғастыра берген (салыстырмалы түрде алатын болсақ, бақылау тобындағы бұл көрсеткіш 16%-ды құрайды).

Ғалымдар темекі шегуден бас тарту эксперименттің негізгі мақсаты болмаса да, қол жеткізілген айтарлықтай нәтиже болып келетіндігін алға тартады.

4-апталық эксперименттен кейін негізгі топ қатысушыларының 14%-ы темекі шегуден біржолата бас тартқандары туралы хабарлады (бақылау тобындағы бұл көрсеткіш 8%-ды құраған).

Ал 6 айдан кейін 23% (темекіні тастағысы келген адамдар арасында) және жалпы іріктелген респонденттердің 39%-ы темекі тартуды мүлдем тоқтатқан екен.

Электронды темекіге ауысу

4-нші аптаға қарай негізгі топтағы 68 адам (14%) негізінен дәстүрлі темекіні тұтынып отырған.

43 адам (10%) толығымен электронды темекіге ауысты.

315 адам (74%) өнімнің екі түрін де пайдаланған.

Эксперименттің 1 қатысушысы өнімнің екеуінен де бас тартты.

Электронды темекіге ауысқан және «қос темекі шегуді» қолданған адамдар арасында шылым тартудың жалпы көлемі айтарлықтай төмендегені байқалғанын айтуға болады.

Қысқарту және бас тарту

Кейбір тұстарды қоспағанда, жалпы алғанда темекі шегуден бас тарту және шегілетін темекі санын қысқарту нәтижелері электронды темекіні тұтынған топтың пайдасына болғаны сөзсіз. Бір қызығы, бұл, тіпті, зерттеудің басында темекіні тастауға онша қызығушылық танытпаған шылымқұмарлар арасында да болды.

Электронды темекіні пайдаланған шылымқұмарлар тобында психологиялық көңіл-күйдің де өзгергені байқалды. Көбісі темекі шегуден бас тартуға ниет білдіріп, әрі бұл олардың қолдарынан келетіндігіне сенімді екендіктерін таныта бастаған.

Зерттеу нәтижесінде жасалған басты қорытындыға келер болсақ: электронды темекі шылым шегуден бас тартудың нағыз катализаторына айнала алатындығын айғақтайтын дәлелдер саны өсіп келеді. Аталмыш нәтижелер бұл темекінің осыған ұқсас балама нұсқаларын, тіпті, құрылымсыз, бақыланбайтын және ешбір реттелмейтін тұтыну үшін де дұрыс екендігін көрсетіп отыр.

Қарапайым, күнделікті өмірде электронды темекіні қолдану бара-бара шылым тартуды азайтуға, ал болашақта біржолата тастауға мүмкіндік береді.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

5
1
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз