Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Сіз түтінсіз өнімдерге ауыссаңыз, не болады?

Сіз түтінсіз өнімдерге ауыссаңыз, не болады?:

Бүгінгі таңда көптеген ересек шылымқұмарлар түтін шығармайтын балама нұсқаларды зиянды төмендететін әдіс ретінде қарастырып отыр: өйткені, бәріміз білетіндей, жанып тұрған темекі түтінінің құрамындағы зиянды химиялық заттектерінің жоғары мөлшері темекі тартуға байланысты пайда болатын аурулардың негізгі себебі болып келеді. Төменде біз қарапайым темекіден түтінсіз өнімдерге ауысқан кезде байқауға болатын негізгі айырмашылықтар туралы айтып береміз.

Түтінсіз балама нұсқалар не үшін қажет?

Түтін шығармайтын балама нұсқалар темекі мен никотиннен толықтай бас тартумен тең келмейді. Егер сіз темекі тартсаңыз, әрі қандай да бір аурудың пайда болу қаупі бар болса, онда денсаулығыңыз үшін қауіп-қатерлерді төмендетудің ең жақсы амалы – бұл темекі және никотиндік тәуелділіктен біржолата бас тарту болып саналады. Дегенмен бәрібір темекі шеккенді жалғастыруды қалайтын ересектер үшін түтін шығармайтын балама нұсқаларға ауысу шылым тартуды жалғастыра беруге қарағанда анағұрылым жақсы таңдау болар еді.

Шылым шегу зиянды екендігі және никотин тәуелділікті туғызатынына ешкім де дауласпайтыны хақ. Темекіні жандырып жіберетін шылымға қарағанда, түтін шығармайтын балама нұсқалар осы жану үдерісін тіптен керек етпейтінімен ерекшеленеді. Жануды алып тастаған жағдайда зиянды химиялық заттектердің деңгейін төмендетуге, әрі осылайша темекі тарту салдарынан пайда болатын аурулардың негізгі себептеріне жол бермеуге әбден болады.

Олардың атауы айтып тұрғандай, түтінсіз балама нұсқалар түтін шығармайды. Қыздырылған темекі секілді баламалар тәжірибесіз біреу үшін түтінге ұқсас келетін, алайда темекі жанған кезде бөлінетін түтін болып келмейтін тек аэрозольді ғана бөліп шығарады. Осының нәтижесінде темекімен салыстырғанда, күл пайда болмайды және жалпы алғанда, иісі де аздау болады. Түтінсіз өнімдер аэрозолінің құрамы қарапайым темекі түтінінің құрамынан түбегейлі ерекшеленеді. Мұнда зиянды химиялық заттектер мөлшері әлдеқайда азырақ кездеседі және көміртегі негізіндегі қатты бөлшектер мүлдем жоқ. Жақын адамдарыңыз темекі түтінін деммен бірге жұтпайтын болады, сонымен қатар шаш, қол немесе киімге сіңіп кететін күл мен темекі түтіні иісіннің әсеріне тап болмайды. Кәдімгі темекі түтінімен салыстыратын болсақ, аэрозольдегі зиянды құрамдастардың шоғырлануы 95%-ға төменірек келеді, әрі бұл адам денсаулығына да азырақ ықпал етеді. Сонымен бірге қыздырылған темекі бөлме ішіндегі ауаның сапасына теріс әсерін тігізбейді.

ЖАҚСЫ және ЖАМАН тұстарын таразылап көріңіз – түтінсіз өнімдерге қаншалықты қатты ауысқыңыз келіп отыр?

Артқа бір қадам жасаудан бастаңыз. Неліктен темекінің түтінсіз балама нұсқасына ауысқыңыз келіп отыр? Өз-өзіңізге бірнеше сауал қойып көріңіз. «Өйткені сіздің достарыңыз осыны қалап отырғандықтан ба?», «Өйткені сіз күл және темекінің күйдіргіш иісінен алшақ болғыңыз келетіндіктен бе?», «Өйткені сіз өзіңіз үшін темекі тартудан пайда болатын зиянды химиялық заттектердің ықпалын азайтқыңыз келетіндіктен бе?» және т.с.с. Қалай болғанда да, сіз үнемі сілтеме жасай алатын қарапайым, әрі есте қаларлық себептердің нақты тізіміңіз болған жағдайда, бұл сізге қандай мақсатты көздеп отырғаныңызды түсінуге көмегін тигізеді.  

Барлық жайттарды ескергеніңіз жөн. Сіз өзіңіздің кәмелетке толған әрі шылым тартатын достарыңыздан темекі ұсынбауын және қасыңызда тұрып темекі тартпауын сұрай аласыз. Егер қажетті кезде түтінсіз балама нұсқалар қол астыңызда табылмай қалса, ондай жағдайда сізде темекі тартуға деген ұмтылыс пайда болуы ықтимал. Сондықтан темекіге қайта оралу үшін ешқандай да бір сылтау табылмасын десеңіз, құрылғының әрдайым қасыңызда болуын қамтамасыз еткеніңіз абзал. Дегенмен, егер де осы құрылғы жаныңыздан табылмай қойса, темекі тарту ұмтылысына қарсы төтеп беруге тырысқаныңыз жөн.

Шылымқұмарлар үшін темекі тартудың қандай балама нұсқалары қолжетімді?

Шайналатын темекі. Бұл адамдарға бұрыннан таныс нәрсе. Кейбіреулер мұны, тіпті, темекі тұтынудың ең ескі тәсілдерінің бірі деп сендіреді. Әдетте, шайналатын темекі кептірілген темекі жапырақтары, сығымдалған немесе бүріскен ширатпа пішініндегі темекі жапырақтарының кесілген және кептірілген түрінде сатылады. Шайналатын темекі ұрт пен төменгі қызыл иектің арасына салынады, не болмаса шайналады – осылайша никотинді тұтыну ауыз қуысында болып жатады. Шайналатын темекіні тұтыну барысында түтін де, аэрозоль де пайда болмайды.

Снюс. Әдетте, ол ұсақ ұнтақталған болып келеді және кішкентай пакеттерге оралған түрінде жеткізіледі. Кәмелетке толған тұтынушылар снюсті жоғарғы ерін мен қызыл иектің арасына қояды.

Насыбай. Оның құрамына темекі, махорка немесе темекі шаңы, зығыр және мақта сабақтарының, әртүрлі ағаштардың күлі, сөндірілген әк немесе құс саңғырығы мен тезек, су немесе өсімдік майы, кейде дәмдеуіштер де қосылады. Насыбай Қазақстанда және Орталық Азияның басқа да елдерінде кеңінен таралған. Кей кездерде оны үй жағдайында жасайды.

Электронды темекі, сондай-ақ мұны булауға арналған құрылғы (вейптер) деп те атайды – бұл түрлері, функциялары және теңшелім мүмкіндіктерінің әралуандығымен сипатталатын дәстүрлі темекінің түтінсіз балама нұсқаларының бір түрі.

Вейптер – аккумулятор батареясынан жұмыс істейтін құрылғы, оның жұмыс қағидаты құрамында дәм мен хош иісті қоспалар және никотині бар арнайы сұйықтықты (электронды темекіге арналған сұйықтық) жылытуға негізделген. Электронды темекіге арналған сұйықтықтардың құрамында шынайы темекінің жоқ екендігіне қарамастан, олардың дәм мен хош иістерінің кең таңдауы ұсынылады, соның ішінде темекі дәмі де кездеседі. Қыздыру барысында электронды темекіге арналған сұйықтық буланады да, аэрозольді түзеді.

Темекіні қыздыру жүйелері. Олар, әдетте сығымдалған темекіден жасалатын арнайы әзірленетін «темекі стиктерін» белгіленген температураға дейін қыздырады, және бұл жерде жану үдерісі болмайды. Осыған дейін атап айтқанымыздай, темекі жанбайды, сондықтан құрамында көптеген зиянды және ықтимал залалды химиялық заттектері бар түтін пайда болмайды. Бұл кәмелетке толған тұтынушыларға никотинді түтінсіз, күлсіз және жағымсыз иіссіз алуға мүмкіндік береді, дегенмен темекіні қыздыруға арналған жүйелер мүлдем зиянсыз деуге болмайтынын есте сақтаған жөн.

Айта кетерлік бір жайт, сіз қандай шешім қабылдасаңыз да, мынаны есіңізден шығармағаныңыз абзал: жыл сайын темекі тартуға байланысты пайда болатын аурулардың салдарынан 8 миллионнан астам адам қайтыс болады. 2020 жылы темекіні әлемдегі халықтың 22,3%-ы, соның ішінде ерлердің 36,7%-ы, әйелдердің 7,8%-ы тұтынған. Түтінсіз өнімдер темекі тартудан болатын зиянды төмендетуге көмегін тигізеді, дегенмен әртүрлі аурулардың қаупінен толықтай қорғай алмайды.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

25
12
9

Тақырып бойынша тағы оқыңыз