Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Шылымқұмар темекіден бас тартып, ТҚЖ-ға ауысады

Бұл эксперименттен не шықты?

Шылымқұмар темекіден бас тартып, ТҚЖ-ға ауысады: Бұл эксперименттен не шықты?

Темекіден денсаулық үшін зияны азырақ темекі қыздыру жүйелеріне ауысуға шешім қабылдаған шылымқұмардың күнделігі: үміт vs. шындық.

Шылымнан бас тартып, темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысып жатқан шылымқұмарлар саны күннен күнге өсіп келетіні рас. Темекі шығаратын ірі компаниялардың мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 4 млн шылымқұмар бар, ал олардың 15%-ға жуығы түтінсіз өнімдерге көшкен екен. Алматының өзін алғанда, мәселен, мұндағы ілгерілік одан бетер әсерлі болып тұр – бұл жерде көрсеткіш 20%-дан асады.

Дегенмен ең консервативті шылымқорлар әлі де болса жаңашылдықты егжей-тегжейлі зерделеп, таразылап, кейде, тіпті, одан қауіптенеді екен. Ал денсаулыққа елеулі зиян келтіретін дәстүрлі темекі тартудың қауіп-қатері жайында көптеген адамдар ойлана бермейді. ТҚЖ-ға ауысу арқасында зиянды төмендету мүмкіндігі ұсақ тұрмыстық психологиялық қорқыныштарға байланысты кейінге шегеріле береді. Кейбіреулер ТҚЖ-ға көшкенде мүмкін болатын «сынуларға» қатысты алаңдайды, басқалар – мұның бюджетке салмақ түсірмейтініне, не болмаса онсыз да қауырт әрі жүйкені тоздыратын жұмыс тәртібіне қосымша күйзеліс пен ыңғайсыздық әкелмейтіндігіне күмәнданып қарайды.

Біздерге дәстүрлі шылымнан бас тартқан, әрі темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысу туралы күнделігін ұсынған кейіпкеріміз 24 жаста. Тіпті, осындай жап-жас шағында да ол темекі тартудың денсаулығына деген салдарын сезініп үлгерді. Сонымен бірге оның темекіні тастауға деген өзіндік әлеуметтік себептері де табылды.

КҮНДЕЛІК

Жеке мәліметтер:

Жас шамасы: 24 жас.

Жынысы: ер адам. 

Қызмет түрі: digital-компанияның менеджері.

Темекі тарту өтілі: 5 жыл.

ТҚЖ-ға ауысу туралы шешімге не ықпал етті: денсаулыққа деген зиянды азайту ұмтылысы. Сонымен қатар адамдармен араласқан кезде қол мен киімге сіңіп кеткен темекінің жағымсыз иісінің сезілуі мазалайды.

Әдетте нені шеккен: күніне 20 дана көлеміндегі сүзгісі бар темекі.

12 қаңтар

Басы. Құрылғының түсі мен дизайнын таңдауға болады, бұл керемет. Алуан түрлі дәмдерге ие стиктердің бар екендігі анықталды.

Алғашында байқағаным: қол мен киімнен иіс шықпайды, бұл ең бір жағымды өзгеріс. Өз-өзімді сезінудің бірінші оң өзгерістерін де белгіледім: тамағымның жыбырлағаны тыйылды. Бұрындары бұл суықтан шығар деп ойлағанмын, осы аймақта кетпейтін бір жеңіл суық тигендіктің сезімі іспетті көрінетін. Бүгін кешке қарай мұндай сезім жоқ.

13 қаңтар

Құрылғыны зарядтауды ұмытып кетіппін, бұл темекімен салыстырғанда ыңғайсыз екен! ТҚЖ-ны тартқаннан кейін аузымнан өткір иіс шықпайды, меніңше, адамдар үшін менімен сөйлесу әлдеқайда жағымды бола түскен секілді. Әсіресе, темекі тартпайтындар үшін.

ТҚЖ-ның орнына кәдімгі темекіні тартқым да келмейді, яғни, «сыну» жоқ, бұл өте жақсы! Жұмыс тәртібі онсыз да қауырт, мен темекіден бас тартқаным үшін қосымша күйгелектенетін боламын деп қауіптенген едім.

Кешке қарай әдеттегіден гөрі біршама аз шаршаған сияқтымын.

14 қаңтар

Кейбір адамдарға қастарында тұрып тартқан кезде ТҚЖ-ның иісі ұнамайтыны анықталды, олардың көбісі, тіпті, қарапайым темекіге жақсырақ қарайды.

Осыған дейін сан рет болғандай, киімді бүлдіріп алу, күйдіріп алып, тесік жасау секілді жағдаяттар енді орын алмасы анық. ТҚЖ-ны тартқан кезде осыны үнемі қадағалап тұрудың қажеті жоқ, демек бойыңды еркін ұстасаң болады.

15 қаңтар

Темекіден бас тартқаннан кейін таңертең оянуым анағұрлым жеңіл екендігін байқадым. Ұйқым әлдеқайда жақсырақ қанатын секілді.

Тұқылды қайтадан қораптың ішіне салуға болатыны ыңғайлы, қоқыс жәшігін іздеп жүрмейді екенсің.

Әзірше ызаландыратын жалғыз ғана нәрсе оны ұдайы зарядтау керектігін ұмытпау.

16 қаңтар

Аязға шыға берудің қажеті жоқ, тіпті, пәтердің ішінде тарта берсем де болады, енді бұл ешкімді алаңдатпайды.              

Қолымның иісі жоқ екендігі қатты ұнайды!

Бағасына келер болсақ, тек сол құрылғының өзін сатып алуды есепке алмағанда, стиктер мен темекіні сатып алу арасындағы айтарықтай айырмашылықты байқаған жоқпын.

17 қаңтар

Құрылғыны қабының ішіне салуды ұмытып кетіппін, оны оңай жоғалтып алуға болады екен. Темекіні жоғалтқаныңда, жай ғана жаңасын барып сатып аласың да болды.

Өткен аптамен салыстырғанда тырнағымның түсі жақсарған сияқты, бәлкім, маған жай солай болып көрінген шығар.

Таңертең тұрғанымда көзімнің айналасындағы қараю да азайған секілді көрінді. Жалпы алғанда терім де жақсарғандай болды.

25 қаңтар

Тайландтан оралдым. Ең сұмдығы – ол жерде темекіні шегуге болады да, ал ТҚЖ-ны тарту заң бойынша қудаланады: үлкен айыппұл салынады және өзіңді түрмеге отырғызады, айта кетсем, ол жерде, тіпті, шөпті де шеге беруге болады екен. Айыппұлды төлемес үшін ұшар алдында құрылғыны қоқысқа тастай салуыма тура келді. 

Темекіні қайта тарта бастадым, енді екі сезімді салыстыра аламын. Айырмашылықтары бар екендігі сөзсіз. Мұнда дәмдік ерекшеліктер де, сондай-ақ өзіңнің хал-ахуалың секілді тұстар баршылық. Дегенмен кейбір таныстарымнан естігенім бойынша бәрі де өте ұқсас келеді. 

Жалпы алғанда кемшіліктерінен гөрі артықшылықтары көбірек, тіпті, салыстырмалы түрде алсақ та, қысқа мерзімнің ішінде-ақ мен осының бәрін толықтай сезіндім. Кәдімгі темекінің орнына ТҚЖ тартуды жалғастыра беремін, әрі жаңа құрылғыны сатып алуға бармақшымын.

Ұйқының ТҚЖ-ға ауысқаныма байланысы бар ма, әлде жоқ па екендігін білмеймін, алайда ұйқымның сапасы анағұрлым жақсара түсті. Демалыс та өз үлесін қосқан болар деп ойлаймын. Жалпы өңім жақсарған,әрі тыныққан.

Күнделіктің соңы.

ТҚЖ-ға ауысу туралы шешім қабылдағаннан кейін қазіргі заманғы шылымқұмарлар жаман әдетін жай өзгертіп қана қоймайтындарын айтуға болады. Денсаулықтарына деген залалды төмендете отырып, олар өздерінің ұзақ өмір сүруге деген мүмкіндіктерін арттырады да, әрі осылайша өмірлерін ыңғайлы ете түседі, сондай-ақ оның сапасын жақсы жаққа өзгертетіндері айдан анық.


Аударған: Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

7
10
4

Тақырып бойынша тағы оқыңыз