Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Темекі тартқаннан тырнақтар сарғайып кетті. Не істеуге болады?

Темекі тартқаннан тырнақтар сарғайып кетті. Не істеуге болады?:

Саусақтардың арасында жанып тұрған темекіні ұстап тұрғанды ұнатасыз ба?Қан айналымының бұзылуы және темекі түтінінен құрғақ болатын тырнақтар шылымқұмарларға зең ауруларының пайда болуына кепілдік береді. Темекі тартудың тырнақтарыңызға деген зиянды әсерін қалай азайтуға болатынын анықтайық.


Шылым шегу тырнақтың жай-күйіне қалай әсер етеді

Темекі тарту кезінде оның түтіні мен құрамындағы шайырдың әсерінен тырнақтар уақытша ғана сарғаяды деп ойлайсыз ба? Көңіліңізді қалдыруға тура келеді: тырнақтардың жай-күйі адам ағзасының жалпы жағдайының көрсеткіші болып саналады, ал түстің өзгеруі одан да күрделі түйткілдердің бар екендігі туралы белгі ретінде болуы мүмкін.  

Шылым шегу тырнақ пластинасының реңкіне ғана ықпал етпейді, сондай-ақ оның сынғыштық пен, тіпті, пішін өзгеруіне де әсерін тигізетінін білу маңызды.

Сонымен тырнақ бетіндегі жолақтар, сызаттар және ауа қалталары авитаминоз бен микроэлементтердің жетіспеушілігі туралы айтады. Өкінішке қарай, бұл шылымқұмарларда жиі кездесетін белгілер.

Темекінің жоғары температурасы мен түтіні тырнақтарды құрғатады, соның нәтижесінде сызаттар пайда болады. Ал сол сызаттарға зең ауруы секілді «көршінің» қоныстану мүмкіндігі өте жоғары. 

Түтін мен шайырды алып тастау

Тырнақтарыңыздың денсаулығы мен әдемі қалпын сақтап қалуды қалайсыз ба? Ондай болса, өз өміріңізден темекіні мүлдем алып тастағаныңыз абзал. Ал жаман әдетінен біржолата бас тарта алмайтын жандарға ағзаға деген қауіпті төмендету мақсатында түтінсіз құрылғыларға ауысқан дұрыс. Мәселен, электронды темекі және темекіні қыздыруға арналған жүйелер. Олар жану үдерісін болдырмайды, қолыңызда ешқандай да бір иіс қалдырмайды және қарапайым темекінің түтінімен салыстырғанда зиянды заттектерді 95% азырақ шығарады. 

Сондай-ақ оқу Орама темекіден электронды девайстреге дейін Адамдар қашан шылым шеге бастады және темекі шегу қағидаты қалай өзгерді

Тырнақтағы сарғыштықтан қалай құтыламыз

Кейбір жағдайларда тырнақтардың бұрынғы жай-күйін қалпына келтіру қиынға соғуы мүмкін, дегенмен тиімді әдістер баршылық. Егер де «сары маникюрдің» себебі денсаулыққа байланысты мәселелер емес, сіңіп кеткен темекі шайыры болса, онда келесі әрекеттерді қолданып көріңіз.

Лимон шырыны. Тырнақтың пластинасын ағартуға және бұрынғы жалтырлығын қайтаруға көмектеседі.

Теңіз тұзы қосылған ванна. Ағартып қана қоймай, жұқарған тырнақтарды нығайтады.

Сутегінің асқын тотығы. Лимон шырыны қағидаты бойынша әрекет етеді.

Дәруменді және минералды кешендер. Олар үнемі қабылданған кезде тырнақ пластинасының құрылымы мен сыртқы түрін жақсарта түседі.

Жалпы тырнақ гигиенасы

Тырнақтарыңыздың денсаулығы мен сыртқы түрін жақсы қалпында сақтап қалуға тырыссаңыз, тағы да нені есте ұстау керек?

Бірінші кезекте қарапайым гигиенаны назардан тыс қалдырмағаныңыз абзал. Бұл дегеніміз, әдеттегі қол жуу, тырнақ күтіміне арналған жеке жиынтықтарды пайдалану. Ал егер сұлулық салондарына барсаңыз, маникюр құралдарының бір реттік болғанын немесе олардың сапалы түрде өңделгенін қадағалаңыз. 

Темекіден бас тартыңыз, қарапайым гигиеналық ережелерді сақтаңыз, сонда тырнақтарыңыз сіз үшін сарғаймайтын болады.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

4
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз