Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Шығатын кез келді

Ағзаны темекі шайырынан қалай тазартуға болады

Шығатын кез келді: Ағзаны темекі шайырынан қалай тазартуға болады

Темекіде өмір сүретін басты зиянкестердің бірі – шайырдың портретін нобайладық. Сондай-ақ осы «қаскүнемнен» өзіңізді құтқарудың бірнеше кеңесін қоса салдық. 


Шайыр дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

Шылымның түтіні газдар мен өте ұсақ қатты бөлшектерден тұрады. Темекі және сигареттің қағазы жанған кезде пайда болатын, суы және никотині жоқ, осындай бөлшектердің қоспасы шайыр деп аталады.

Шайыр уытты зат және уақыт өте келе ол әртүрлі биохимиялық және механикалық үдерістердің нәтижесінде шылымқұмардың өкпесін зақымдайды. Ол өкпедегі тазарту үдерісінің бұзылуына әкеліп соқтырады да, нәтижесінде жалпы иммундық жүйе жұмысының тиімділігін төмендетеді. Ақыры созылмалы жөтел, қырылдау, деміпке пайда болады.

Дегенмен, бұл мәселенің бір шеті ғана десек болады. Шайырдың құрамында ондаған канцерогендер бар, олар онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін. Яғни, ұзақ жылдар бойы саналғандай, адамдар көбінесе никотиннің кесірінен емес, атап айтқанда темекідегі шайырдың әсерінен зардап шегеді. 

Әуесқой темекі шегуші бір жыл ішінде өкпесі арқылы 1 литрге жуық шайырды сүзеді. Бұл шамамен 5500 шылым немесе 275сигарет қорабы екен. 10 жылда қарамайдың бір шелегі шығады. Орташа статистикалық шылымқұмардың өкпесінде шөгіп, сіңіп қалатын шайырдың килограмдары, тіпті, крематорий пешінде де өртеніп кетпейді. Ал ашық бетке жағылған мұндай шайырдың иісі тек 8-10 жылдан кейін ғана шығып бітеді.
Сондай-ақ оқу Адам тұншығарлық ауа Үй ішіндегі темекі иісінен қалай құтылуға болады

Мұнымен не істеуге болады?

Темекіні тастау. Мүлдем. Ал егер никотинсіз өмір сүре алмасаңыз, онда темекі шегудің зиянын азайта түсуге көмектесетін ымыралы жолдарды іздеу керек.

Соның бірі – никотинді жеткізетін түтінсіз жүйелер: электрондық сигареттер және темекіні қыздыратын жүйелер. Ғылыми мағлұматтарға сүйенсек, қарапайым темекінің түтініне қарағанда осы құрылғыларды қолданған кезде бөлінетін аэрозольдің құрамындағы канцерогендер және басқа да уытты заттардың мөлшері 90-95% төмен келеді екен. Бұл осындай жүйелерде жану үдерісі жоқтығының нәтижесі.

Темекіден кейін өкпені қалай тазартуға болады?

Ең негізгісінен бастаған абзал – дәрігерлік кеңеске жүгініңіз және мамандардың ұсыныстарын қатаң сақтаңыз, сонда дұрыс бағытта қозғалып келе жатқаныңызға әбден сенімді бола аласыз.

Дәрігер кеңес бере алатын ең қарапайым нәрсе, – таза ауада тұрақты түрде серуендеуді әдетке айналдыру. Ең жақсысы фитонцидтер өмір сүретін қылқан жапырақты орманда серуендеу. Бұл бактериялардың өсуі және дамуын жоқ қылатын немесе тежейтін, өсімдіктер түзетін биологиялық белсенді заттектер. Олар ауаны озонмен тазартуға және ғалымдар «ауа дәрумендері» деп атайтын теріс аэроиондармен адам өкпесін қанықтыруға қабілетті. 

Тыныс алу жаттығулары өкпенің жұмысын жақсы ынталандырады және темекі шегуден кейін оны барынша тез тазартуға көмегін тигізеді. Сонымен қатар бірқалыпты физикалық жүктемені де қосуға болады. Тазарту үдерісін жүзу, фитнес, жүгіру жылдамдата түседі, әрі мұны бапкердің бақылауында жасаған дұрыс.

Сонымен бірге монша процедураларын да қосуға болады. Ең болмағанда, аптасына бір рет. Әлбетте, мұны қарсы көрсетілімдер жоқ болған жағдайда ғана жасаған жөн. Монша шығару жүйесінің жұмысын ынталандыра түседі де, теріні және жалпы адам ағзасын жақсы тазартады. Моншаға арналған самырсын немесе еменнен жасалған сыпыртқы процедураның әсерін арттыруға көмектеседі. Қақырық түсіретін қасиеттерге ие шөптің түйінін қоссаңыз, осылайша сыпыртқыны «жетілдіруге» болады. Сондай-ақ бумен қыздыратын бөлмеде эвкалипт немесе басқа да қылқан жапырақты майлардың бірнеше тамшысын тамызу ұсынылады, бұл ингаляция әсерін береді.

Әртүрлі шөп терімдері қосылған ингаляцияларды моншадан тыс жерлерде де жасауға әбден болады. Ол үшін жөке гүлі, самырсын, арша, жалбыз, жусан, түймедақ, балқарағай және қылқан жарап қалады. Сонымен қатар: сәлбен, лаванда, қайың жапырақтары, қарағай, қара қарақат та өте тиімді. Оларды бөлек алсаңыз да, араластырсаңыз да болады.

Тағы не маңызды. Тұрақты түрдегі ылғалды тазалау, бөлмелерді желдетіп отыру және үйге арналған ауа ылғалдауышын қолдануды ұмытпаңыздар.

Темекі сіңіп кеткен өкпені дәрі-дәрмек арқылы қалай тазартуға болады?

Осы тұста емдейтін дәрігерге міндетті түрде барғаныңыз абзал, әлбетте, ол муколитикалық, қақырық түсіретін: муколтин, геделикс, амброксол, аскорил секілді дәрі-дәрмектер курсын ұсынатын болар. 

Ақ халатты абзал жандар дәріні ішу ұзақтығы мен мөлшерлемесін адам ағзасының жеке ерекшеліктері және тыныс алу жүйесінің жағдайына байланысты жаздырып береді. 

Ағзаға тағы қалай көмектесуге болады?

Тамақтанудың дұрыс рационын ұйымдастыру. Оған міндетті түрде нені қосқан жөн:

  • ағзаның антиоксидантты, иммундық және уытсыздандыру қорғаныш жүйесінде ерекше маңызға ие, әрі зат алмасу үдерісіне атсалысатын құрамында селен бар азық-түліктерді таңдау. Оларды келесі өнімдерден іздеу керек: бразилиялық жаңғақтар, нәлім, тунец, арқан балық, теңіз өнімдері, алуан түрлі жармалар, брокколи, чиа тұқымдары;
  • сарымсақ және пияз, олардың құрамында фитонцидтер бар;
  • тәтті жүгері, оның құрамында бета-криптоксантин деп аталатын өкпенің қатерлі ісігінің дамуына жол бермейтін күшті антиоксидант болады. Сондай-ақ ол мандарин, апельсин, асқабақ, шабдалы және папайяда кездеседі;
  • зімбір қосылған шай, ол тыныс алу үдерісін жеңілдетеді, әрі метаболизмді жылдамдатады;
  • әртүрлі жемістерді көбірек тұтыну – бұл пайдалы минералдар және дәрумендердің табиғи көзі.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз