Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Өкпем өшпесін десеңіз

Темекі түтіні тыныс алуда қалай кедергі болады

Өкпем өшпесін десеңіз: Темекі түтіні тыныс алуда қалай кедергі болады

Өкпенің созылмалы обструктив ауруы (ӨСБА) – осы күні бүкіл әлем бойынша өлім себебі тізімінде үшінші орында тұр, ал шылым шегу – бұл аурудың пайда болуының негізгі факторларының бірі. Алайда зиян әдеттен бас тарта алмаған күннің өзінде аталған қатерді азайтуға болады. 


ӨСБА деген не?

Бұл қауіпті ауру. Оған ұшыраған адамның тыныс алуы қиындайды, салдарынан өкпе жазылмастай зақымданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметтері бойынша, тек 2019 жылы ғана әлемде ӨСБА-дан үш миллионнан астам адам қайтыс болған. Бірақ жақсы жаңалық та бар: ауру адамнан адамға жұқпайды.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл аурудың пайда болу себептері қатарында генетика факторы; бала кездегі өкпе қалыптасуына әсер ететін жағдай (мысалы, шала туу); газ немесе шаң деңгейі жоғары жерде өмір сүру және жұмыс істеу, сонымен қатар, әрине, ұзақ уақыт бойы шылым шегу бар. Соңғы топқа шылымқормен бірге тұратын адамдар да кіреді.

ӨСБА бір басталса, тоқтап қалмайды, асқына береді. Жанды алатын және ұзаққа созылатын жөтел, қақырықтың бөлінуі, кеудедегі сырыл, алқыну (дене қимылдап қалса, күшейіп кетеді) және тез шаршап қалу – сырқаттың негізгі белгілері және тез арада дәрігерге қаралу керек екенін білдіретін симптомдар.

ӨСБА асқынып кетсе, қатерлі ісікке дейін апаруы мүмкін ауыр жағдайға тап қылады. Сонымен қатар газ алмасуының бұзылуы және жүрек-қан тамырлары аурулары (оның ішінде кеуде қуысындағы күтпеген ауырсу сезімін тудыратын өкпе жүрегі синдромы да бар), жүрек ритмінің бұзылуы, терінің көгеруі бар. Бұдан бөлек ӨСБА-ға ұшырағандар жүру-тірек жүйесінің бұзылуынан және мазасыздық ауытқуынан жиі зардап шегеді.

Салдарынан мүгедектік тіркелуі мүмкін. Адамға баспалдақпен көтерілу секілді дене қимылының белгілі бір түрлерін атқару қиынға соғады. Ол осы жағдайы үшін өзін кінәлі сезініп, басқалармен қарым-қатынас орнатудан қашатын болады. 

ӨСБА: темекіден болатын зиянды қалай азайтуға болады?

ӨСБА-ны емдеу мүмкін емес. Алайда оны баяулатуға және асқынудың алдын алуға болады. Ол үшін диагностиканы ерте жүргізіп, темекіден бас тартуға көмектесетін емді бастап кету қажет.

Адам шылым шегуді біржолата қойып кетуге дайын болмаса, мамандар балама жол ретінде никотин қабылдаудың түтінсіз жүйелеріне өтуді жиірек ұсынып жүр, себебі никотин тәуелді қылса да, шылымға байланысты аурулардың негізгі себебі саналмайды. Өкпе обыры, жүрек-қан тамырлары аурулары, сонымен қатар ӨСБА бірінші кезекте темекінің жану барысында үлкен көлемде пайда болатын зиянды заттарды жұту кесірінен асқынады. Ал электронды темекі немесе темекіні қыздыру жүйесі секілді гаджеттерде жану процесі мүлдем кездеспейді.

Соңғы уақытта мұндай балама технологияларды зерттеуді мақсат еткен ұзақмерзімді клиникалық зерттеулердің алғашқы нәтижелері пайда бола бастады. Солардың бірін Рикардо Полостың басшылығымен Катания университеті клиникалық және эксперименталды медицина кафедрасының ғалымдары жүргізген болатын. Олар шылымқорлардың екі тобындағы өкпенің созылмалы обструктив ауруының қалай жүретінін салыстырып көрді. Қатысушылардың бірі тобы кәдімгі шылым шекті, екіншісі темекіні қыздырудың электронды жүйелеріне көшіп көрді. Зерттеу үш жыл жүрді және электронды жүйені пайдалана бастаған топтың бірқатар көрсеткіш бойынша нәтижені жақсартқаны тіркелді. Кәдімгі шылым түтінсіз дүниелермен алмастырылған соң олар дене қимылдарын жеңілірек атқара бастады, ал өкпесінің өмірлік көлемі артқан, сондай-ақ жай-күйі де жақсара бастаған. Зерттеу авторлары мұны шылым түтінінде жоғары концентрацияда кездесетін көміртек оксиді әсерінің төмендеуімен және карбоксигемоглобин (гемаглобин мен көміртек оксиді байланысы, тым көп болса оттек жетіспеушілігін тудырады) деңгейінің азаюымен байланыстырады. 

«Пациенттерде кәдімгі шылым жанғанда бөлінетін химиялық заттар әсері азайған соң ӨСБА асқынуы жиілігі айтарлықтай төмендеді, аурудың өршуі баяулады және жалпы денсаулығының жақсаруы байқалды. Электронды жүйені қолдану кезінде темекі шегу және оған ілесе жүретін салт-ғұрыптар сақталады, сондықтан компенсаторлық дене және іс-әрекет әсерімен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуі мүмкін. Осылайша балама жүйелер рецидив профилактикасының тиімді әдісі болуы мүмкін, сәйкесінше кәдімгі шылымға оралудың алдын алуға көмектеседі», – дейді зерттеу авторлары.

Аударған Димаш Зиядин

Фотоколлаж yanlaurentxo

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз