Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Денсаулық
  • Қоштасатын кез келді: неге бір адам темекіні оп-оңай қойып кетеді, енді біреу үшін бұл – орындалуы қиын дүние? Психологтар не дейді?
Редакция ұсынады

Қоштасатын кез келді: неге бір адам темекіні оп-оңай қойып кетеді, енді біреу үшін бұл – орындалуы қиын дүние? Психологтар не дейді?

Қоштасатын кез келді: неге бір адам темекіні оп-оңай қойып кетеді, енді біреу үшін бұл – орындалуы қиын дүние? Психологтар не дейді?:

Психолог-консультант Юлия Белянина айтып берген шылым шегу әдетіне тәуелді болудың қалыптасу механизмі қалай жұмыс істейді? Бұл мәселеде неге физиологиялық емес, психологиялық себеп маңыздырақ және қайтпек керек? 


Алдыңыздағы мақалада біз тек арнайы нарколог маман көмегімен проблемасы шешілетін шылымқордың проблемасы секілді түрлі клиникалық жағдай туралы сөз қозғамаймыз. Темекіге тәуелді болудың, мәселен, идеаторлық, диссоциациялық және психосоматикалық формалары туралы айтқанда, медициналық психология мәселелеріне де тоқталмаймыз. Бұл материалда темекі туралы сауал Тынық мұхиттағы Үлкен қоқыс алқабына тең алапат үлкен проблемаға айналмай тұрған кез, яғни шылым шектіретін себеп зерделеуге келуі, ал мәселенің өзі шешілу үшін психологпен бір-екі кездесу жеткілікті болатын жағдай тарқатылады.

Сонымен бір адам темекіні оп-оңай тастап кетеді. Енді біреу үшін бұл – мүмкін емес дерлік жайт. Себебі неде? Психологтар бұған көп жағдайда бала шақта және жасөспірім кезде адам психикасына дендеп енетін нұсқау, сенім және іс-әрекет паттерндері итермелейді деген сенімде. 

Темекі неге қолымыздан түспейді?

Шылымқор болудың ең жиі кездесетін психологиялық себептерінің бірі – адамның өзін төмен бағалауы. Күші мен мүмкіндігіне сенбейтін, өзін жақсы көрмейтін, құрметтемейтін және тәнін бағаламайтын адам «мықтылардың» тобына қосыла кетудің әлдеқандай мүмкіндігі туса, оны жібермейді. Бұл жағдайда шылым шегу осы адамның (көп жағдайда жасөспірімнің) пікірінше өзінен әлдеқайда биік тұрған жандармен тілдесудің ақысы ретінде қабылданады. Өзіңе сенімсіз болу ойланбай жасалатын әрекетке жиі апарып соғады.

Бала мақтап отыру, құшақтау, сүйіспеншілік, кішкентай адамның құндылықтары туралы әңгімелесу, оның біреу үшін мақтан екенін сездірту, оған басқалардың назар аударуы жоқ отбасында өссе, зиян әдетке құштар болуы әбден мүмкін. Керісінше, ата-анасының шынайы махаббаты мен қолдауын көрген жасөспірімдерде мұндай жағдайға барып ұрыну ықтималдығы барынша төмен.

Адамның өз-өзін төмен бағалауы мақсат қоя алмау, қойылса да, оған жете алмауға апарып соғады. Ал бұл зиян әдетпен күресумен тығыз байланысты. Мақсат пен оған жетудің әдістері неғұрлым айқын болса, шылымды қойып кету де соғұрлым оңай болмақ. Қандай да бір тұлғаның ынтасы неғұрлым жоғары болса, ол санасы мен тәнін улайтын заттарға соғұрлым аз уақыт жұмсайды.

Бедел. Жиі кездесетін бір жағдай бар: адамның әкесі немесе шешесі табысты іскер, бай-бақуатты жандар, алайда темекіні көп тартады. Баланың миы бұл екі бағытты өзара байланыстырып жібереді және ол өскен соң ата-анасы сияқты дәулетті, сәтті болу үшін шылым шегуге көшеді. Бір қызығы, бұл ойлағанын орындайды. Ал темекі оның өмірлік жолында табысты атануға себепші болған дүниеге айналады.

Жанама пайда. Никотин деген есірткі екен, оған физиологиялық деңгейде жылдам бой үйретесің, темекіні қойып кету – аса қиын процесс деп айналадағылардың алдында ақталу әлдеқайда жеңіл. Бұл – өте ыңғайлы әдіс, себебі бірдеңе өзгертудің, әлдене жасаудың қажеті жоқ.

Осы себеп тағы бір фактормен – ынта-жігердің жоқтығына ұқсайды. «Өзіме бәрі ұнайды, тыраштанудың не қажеті бар?» Саламатты өмір салты туралы сәнге айналған трендтердің көп жағдайда еш нәтиже бермейтіні осыған байланысты: айналадағы ел жаппай темекіні тастап, мәселен, жүгіруге көшкенде, мотивациясы жоқ адамға бұл толқынға ілесіп кету қиын. Миды оңайшылықпен алдай алмайсың, ол шылымды қою туралы нақты бір шешімге келмесе, артық әрекетпен басты қатырып жатпайды.

Алдап кететін нұсқаулар. Темекі тартатын адамдар әдетте «шылым мені тыныштандырады, босаңсытады» деген пікір айтады. Шын мәнінде қалай? Қанға түскен никотин бастағы мидың тамырларын кеңейтеді, бұл барлық ағзадағы қан айналамының жақсаруына, сәйкесінше, көңілдің көтерілуіне алып келеді. Күш пайда болады, эмоция шығады. Никотиннің әсері біткенде, адам қайтадан темекі тартады.

Таза ауаны никотин әрекетінің баламасы деп атауға болады. Оны терең жұту адам ағзасына тура никотин секілді әсер етеді, яғни тамырлар кеңейеді, қан айналымы жақсарады, барлық мүше өзін «бақытты» сезінеді, сәйкесінше, күш пен көтеріңкі көңіл-күй пайда болады. Нәтиже бір, алайда түпкі себептері мүлдем бөлек.

Түсіністік пен сау қарым-қатынастың жоқтығы. Аталған себептер өте күрделі, өйткені бұл жағдайда тартылған темекі оң эмоция сыйлап, сүйікті жанмен әңгіме-дүкен құруды немесе туыс-достармен арадағы жақын байланысты алмастырып кетеді. Адам өзін жалғыз сезінсе, оны басқалар түсінбейтіндей көрінсе, шынайы адами сөзді оп-оңай алмастыра салуға дайын кез келген зиянды зат «көмекке» келе қалуға әзір. Бұл жаныңдағылармен сау коммуникация құруға қарағанда әлдеқайда жеңіл.

Өз өмірің мен саулығыңа деген жауапкершіліктің жоқтығы. Бұл себеп алдыңғылардан шығып отыр, әйткенмен психологтың ерекше назар аударуын қажет етеді. Мұндағы әңгіме адамның өз шешімі үшін жауапкершілікті арқалай алуы және оның салдарын сезінуі үшін қаншалық дербес, ересек екені туралы болып отыр. Бәрі бала шаққа барып тіреледі: балаға оның жақындарының бағалайтыны, тұрған қалпында сол күйі бастан-аяқ қабылдайтыны жайлы айтылмаса, өміріңнің құнды екеніне сену үшін күш табу қиынның қиыны. 

Өзіңе өзің көмектес

Темекі тартуға итермелеген себеп әлі анықталмаса, алайда одан келетін зиян сезіле бастаса, не істеу керек?

Тыныс алу гимнастикасын жасау. Қайталап өтейік, терең тыныс алу барлық ішкі органдардың қан айналымын жақсартады және миға стреске қарсы дәрі секілді әсер етеді. Шылымқордың жанын жай таптыратын темекінің өзі емес, бір қалыпты дем алу. Басқаша айтқанда ол қолына шылым алғанда өзін «еркін босаңсу» күтіп тұрғандай сезінеді, сәйкесінше қанша жерден ширығып тұрса да, терең және бір қалыпты тыныс ала бастайды. Мұны мұрынды бітеген, ұзаққа созылған тұмаудан айығумен, өзіңді қайта жеңіл, қуанышты сезінумен салыстыруға болады. Тыныс алу жаттығулары темекі қорабына қол жүгіртпей-ақ осындай оң эмоцияларды бастан өткеруге көмектеседі.

Дене белсенділігін арттыру. Тән жаттығулары ағзадағы қуаныш гормоны деңгейін көтереді, нәтижесінде темекі шегудің мәнін жояды. Жүзумен, велосипед тебумен, тенниспен, бимен немесе бокспен айналысып, зиян әдеттің орнына сау дағдыны қалыптастыра аласыз.

Зиянды азайту. «Не темекіні таста, не өл» деген ұстаным сізге келмесе, қауіпсіздеу балама жолдарды қарастырып көруге болады. Мысалы, темекі тартудың түтінсіз тәсілдері бар. Олар қалыптасқан «шылым шегіп келейін» дәстүрін сақтайды, никотин береді, алайда жану кезінде бөлінетін зиянды заттарға ұшыратпайды. Темекіні 400°C-тан төмен температурада қыздырса, бәрімізге таныс түтіннің орнына бу немесе аэрозоль бөледі, онда зиянды заттар кәдімгі шылымға қарағанда 90–95%-ға аз кездеседі. Бұл темекіден келетін заладың көлемін шылымқордың өзіне ғана емес, айналадағыларға да айтарлықтай азайтуға көмектеседі. 


Аударған Димаш Зиядин

Фотосурет дереккөзі Shutterstock

Понравилась ли вам статья?

2
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз