Редакция ұсынады

Темекі шегуші адам

Темекі тұтыну мәселесіне қатысты үш көзқарас

Темекі шегуші адам: Темекі тұтыну мәселесіне қатысты үш көзқарас

Тарихтың түрлі кезеңдерінде адамдар темекінің керемет қасиеті барына сенген, оны патшаларға сый етіп табыстаған, діннен аластап, қатерлі у ретінде оған қарсы соғыс жариялаған, ал өткен жүзжылдықтың ортасында адамзат баласы онымен бірге тату-тәтті тіршілік етудің жолын ойлап тапты.


Балама

Басынан бастайық. 1970-ші жылдары ағылшын медигі әрі зерттеуші ғалымы Майкл Рассел екі маңызды ғылыми жаңалықты ашты.

Бірінші кезекте темекі шегушіге зиян келтіретін өте жоғары температурада жанатын темекі және темекі қағазы екен, никотин емес, адамдар ұзақ уақыт бойына барлық жамандықты никотиннен көрген. Дәл осы жану процесі арқылы цианид, сынап, бензол, кадмий, күшән, радиоактивті полоний секілді зиянды канцерогендер мен шайырлар адам ағзасына келіп түседі. Олар өз кезегінде қатерлі ісікке, жүрек ауруларына әкеп соғады. Бұл көп жылдық зерттеулерден кейін профессор Расселдің әлемге жар еткен алғашқы мәлімдемесі.

Ғалымның ғылыми қауымдастықтың назарына ұсынған тағы бір маңызды жаңалығы – темекіге қарсы барлық іс-шаралардың тиімділігі төмен, бұған жер бетінде темекі шегушілердің сансыз көп болуы дәлел. Қатаң қыспақтан гөрі, шынымен нәтиже беретін балама жолдарды қолданатын кез келді. Темекі шегушілер үшін мұндай балама ретінде дәстүрлі сигареттен денсаулыққа қаупі төменірек, құрамында никотині бар, бірақ түтінсіз өнімдерге көшу ұсынылды. Майкл Рассел уақытында мұндай өнімдер ретінде никотин жабыстырғыштары, сағыздар, тіпті никотин құрайтын мұрын спрейлері қолданылды. Оларда жану процесі болмайтын, адамның никотинге деген қажеттілігі қанағаттандырылатын, бірақ бұл ретте темекі шегушінің сол әрекет-жораға деген психологиялық тәуелділігі екерілмей қалды, осы себепті бұл өнімдер халық арасында кең қолданысқа ие болмады.

Содан тек 2000-шы жылдардың басында осы үш жайтты да ескеретін технологиялар ойлап табылды – электрондық сигареттер және темекіні қыздыру жүйелері, олар денсаулыққа келтірілуі мүмкін қауіпті толық сейілте алмағанмен, олардың құрамында әлеуетті зиянды заттар кәдімгі сигаретпен салыстырғанда орта есеппен 95%-ға аз. Мамандардың айтуынша, никотинді жеткізудің электрондық жүйелеріне көшу жақын арада «этиологиялық тұрғыда темекі шегумен байланысты себептерден, және бірінші кезектен қатерлі ісік пен созылмалы обструктивті өкпе ауруларынан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін».

Темекі шегу процесіне деген мұндай ілгерішіл көзқарас, әлбетте, әр уақытта болған жоқ.

Насихат

Колумб уақытында адамдар шын ықыласпен темекінің емдік қасиеттеріне сенген. Ол дәуірде темекі жапырақтары ауруды басатын, ынталандыратын және тыныштандыратын дәрмек болып саналған. Бұдан бөлек, адамдар темекі түтініне сиқырлы қасиеттер дарытқан, оны жұтқан адам құдаймен тілдескенмен бірдей болған, ал темекінің өзіне «киелі шөп» деген лақап атау берілген.

Еуропа монархтарының ортасында ол жоғары мәртебеге ие болған. Сол кездегі емшілер оны сергектікті сыйлайтын тұнба, сығынды, дәрі ретінде қолданған, оның көмегімен бас сақинасымен, тіс және буын ауруларымен, түйіліп-шаншудан және онкологиялық сырқаттарды қоса алғанда, басқа да ағза жұмысының бұзылуларымен күрескен.

Осындай түтінмен әуестену ауыр улануларға және өлімге себеп болатын зардаптарға алып келетін жағдайлар жиілей түскен, содан ақыр соңында билік пен шіркеудің темекі шегумен күрес жүргізуіне тура келді.

Тыйым

Адамзаттың nicotiana тектес өсімдіктің кептірілген жапырақтарын шегуге, шайнауға және иіскеуге қарсы тұруы әрқилы сипатта өрбіді. Бүкіл әлем бойынша темекі шегушілерді шайтанмен қатынасы бар деп айыптаған, дүре астына алған, айыппұл салып, танауларын жұлып, мәжбүрлі жұмыстарға салған, жер аудартқан. Бірақ бұл тек жеке-дара қолданылған шаралар еді.

Темекі шегуге алғашқы жалпыұлттық тыйымды Осман империясында IV Мұрат сұлтан енгізген болатын. Сұлтан, көп ойланбастан, темекіні тұтынғанды өлім жазасына кесуді бекіткен, содан түтіндетуді жақсы көретіндерді төрттағандау, бастарын шабу етек алған.

Содан бері адамзат осы тәуелділікпен күрес жүргізуді тоқтатқан емес, алайда бұл тартыс бір мезгілде темекі өнеркәсібін жетілдіру ісіне кедергі келтірген жоқ.

Сондай-ақ оқу Еліктіріп әкететін никотин Темекіні тастай алмай жүрсеңіз, одан келер зиянды азайтуға көмектесетін 5 әдісті ұсынамыз

ХIХ ғасырдың соңы және XX ғасыр түгелдей темекіге қарсы көңіл-күйдің шарықтауымен сипатталады. Шынында, енді танаулар зақымдалып, бастар алынбады, адамгершілікке тән шаралар қолданыла бастады. Мысалға, темекіні кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым енгізілді.

Күрестің шарықтау шегі неміс тарихына – Гитлердің билік еткен кезеңіне тұспа-тұс келді десек болады, сол уақытта мемлекет алғашқы кең ауқымды, және де аса агрессивті, темекіге қарсы науқанды өкізуге бел буған еді. Рейх нәсіл гигиенасына және дене тазалығына айрықша көңіл бөлгені берекерден емес. Ал Гитлердің өзі белсенді түрде темекі шегуге қарсы шыққан алғашқы мемлекеттік лидер болып саналады.

Ұтылыс тапқан «соғыс»

Немістер зерттеулер жүргізген. Аталмыш зерттеулер сол кездің өзінде дәрігерлерге темекінің обыр және басқа да көптеген ауруларға әкеп соғатыны жөнінде пайым жасауға негіз болған. Сондай-ақ Германияда пассивті шегу әсері зерделенген еді. Аталмыш елде ең алғаш рет зиянды қылықпен күресуге бағытталған көптеген әдістер жаппай сынақтан өткен болатын, және де қазіргі уақытта әртүрлі елдердің үкіметтері сол әдістерді қолдануда.

Қоғамдық орындарда темекімен жүруге тыйым, бұл ретте бастапқыда, бұл тыйым тек әйелдерге қатысты болатын. Арнайы басылымдарда емес, кәдімгі газеттерде шылым шегудің зияны, темекінің ағзаға келтіретін ауыр зардабы туралы медициналық зерттеулерді жариялау. Темекі өнімдерін жарнамалаудан бас тарту. Әлеуметтік жарнама шедеврлерін жасау, мәселен, темекі шегуші жөтелгенде аузынан өкпесі түсіп, аулақ жорғалай жөнелгенін көрсететін жарнама. Темекі қораптарындағы ескерту жазбалары және шок суреттері. Ассортиментті қысқарту және темекі өнімдеріне салынатын салықтарды арттыру.

Ауқымды. Қуатты шаралар.

Бірақ осындай соғыстың өзінде темекі жеңімпаз болып шықты. Осы күнге дейін ұтылмай келеді. Күндердің бір күнінде осы жайт ғалымдарды жағдайды ой елегінен қайта өткізіп, адамның әртүрлі жағымсыз қылықтарынан, оның ішінде темекі шегуден болатын зиянды әсерді азайту тұжырымдамасын әзірлеп, әлемге жанатын сигареттің баламасын тарту етуге итермеледі.

***

Бүгінгі таңда электрондық темекі қыздыру жүйелерін пайдалану шылым шегудің үздік баламасы болып саналады. Олар пайдасы жоқ қылықтан арыла алмай жүрген немесе арылғысы келмейтін, дегенмен денсаулыққа тиетін зиянды азайтуды қалайтын кәмелетке толған темекі шегушілерге арналған. Бұл ретте медиктер қыздыру жүйесін тәуелділігі бар адамдарға ғана пайдаланған жөн екенін ескертеді. Ал темекі шекпейтіндерге айтарымыз – бастамаңыздар, ондай әуестіктен қайыр жоқ.


Аударған Алмас Өтебай

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз