Редакция ұсынады

Күшәлә, полоний, алтын

Темекіде не бар және оны не істемек керек?

Күшәлә, полоний, алтын: Темекіде не бар және оны не істемек керек?

Адам шылымды құшырлана сорған кезде темекінің басындағы шоқ температурасы 1100°С-қа дейін баруы мүмкін. Мұны өкпеге сан алуан зиянды зат лақтыратын шағын қоқыс өртегіш зауытпен салыстыруға болады. Бұл мақалада темекі түтіні компоненттерінің нақты қай ағзаға залал әкелетіні және зиянды азайту үшін не істеуге болатыны туралы әңгімелейміз. 


«Темекі» дегенде көп адамның ойына бірден «никотин» оралады. Алайда жанған шылымнан адам тек никотин емес, сонымен қатар канцерогенді, мутагенді, тератогенді 40-тан астам (!) неше түрлі зиянды заттарды алады. Оның бәрі эмбрион дамуын бұза алатын күшке ие. Қысқасы, бүкіл әлем дәрігерлері жақын арада жұмыссыз қалайын деп тұрған жоқ. Біз шылым шоғында «өмір сүретін» және адам ағзасын улайтын 4 мыңнан астам түрлі химиялық қоспаның ішінен ТОП-10 затты іріктеп алып, сіздерге таныстырмақпыз.  

КАНЦЕРОГЕН ШАЙЫР Қатерлі ісікке, тыныс алу жолдары ауруларына шалдықтырады.

КӨМІРТЕК ТОТЫҒЫ немесе ЫС ГАЗЫ Тыныс алу жолдарындағы ауытқуларға, жүрек ауруына алып келеді, қызыл қан жасушаларының оттегі қорытып, оны ағза жасушаларына жеткізу қабілетін төмендету арқылы гемаглобиннің жұмысын бұза алады. Салдарынан адам бозарып, қуарып кетеді, енжарлыққа шалдығады.

КҮШӘЛӘ Бұл жартылай металды у және канцероген деп атауға болады. Онкологияға шалдықтырады, жүйке жүйесі, тыныс алу органдары, асқазан-ішек жолдары жұмысын бұзады, бүйрек пен бауыр жетіспеушілігін тудыра алады.

КӨГЕРТКІШ ҚЫШҚЫЛ немесе ЦИАНДЫ СУТЕК Жалпы ағзаны улайды, оттегі жетіспеушілігін тудырады, орталық жүйке, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің жұмысын бұзады.

N-НИТРОЗАМИНДЕРІ ДНҚ мутациясын тудырады. Мұның кейбірі танымал канцероген саналады.

СТИРОЛ Сезім мүшелері жұмысының бұзылуына алып келеді, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.

ЖҮЙКЕ-ЖҮРЕК УЛАРЫ Жүйке-психика ауытқуларын, қан мен жүрек ауруларын тудырады.

ПОЛОНИЙ Радиоактивті, жасушалардың қатерлі ісікке ушырауына, қан ауруына, тыныс алу жолдары сырқаттарына шалдықтыруы мүмкін.

АКРОЛЕИН Қуықты қабындырады, жүйке жүйесінің зақымдалуына алып келеді, көзді, теріні және тыныс жолдарын тітіркендіріп, астманың пайда болу қатерін тудырады.

МЕТАЛЛ КОМПОНЕТТЕР Ағзаның барлық жүйесін ластайды. Кейбірі адамға улы әсер береді, екіншілері қатерлі ісік пен астманың пайда болып, асқынуына шалдықтырады.

Мұндай металдардың бір темекідегі көлемі келесіге жетуі мүмкін (мкг):

Калий – 70

Натрий – 1,3

Мырыш – 0,36

Қорғасын – 0,24

Алюминий – 0,22

Мыс – 0,19

Кадмий – 0,121

Сүрме – 0,052

Хром – 0,0014

Алтын – 0,00002

Шылым шегуде қолданылатын дұрыс тәсіл

Жоғарыда аталған «өлім коктейлінің» ықпалын азайту үшін не істемек керек? Бұл жолдағы жалғыз дұрыс әдіс – мүлдем темекі шекпеу. Алайда бұған дайын болмасаңыз, қойғыңыз келмесе немесе дәл қазыр шылымды тастап кете аламын дей алмасаңыз, зиянды азайту концепциясы аясында әзірленген ұсыныстарды қарастырып көруге болады.

Кәдімгі шылымның орнына электронды темекі немесе темекі қыздыру жүйесі секілді ағзаға никотинді түтінсіз жеткізіп беретін заманауи құралдарды пайдаланыңыз. Бұларда никотин бар және шылымқорға керек «сыртқа шығып қайтайыншы» дегенге саятын дәстүрді сақтауға көмектеседі, алайда жану процесі жоқ, түтін бөлмейді, себебі темекі жапырақтарын салыстырмалы түрде алғанда төмен саналатын температурға дейін қыздырады. Ал зерттеулерге сенсек, шылым тудыратын аурулардың басты себебі – дәл осы жану кезінде бөлінетін заттар.

Мұндай инновациялық жүйелер ағзаға төнетін барлық қатерден қорғамайды, дегенмен оларда зиянды заттар көлемі айтарлықтай аз кездеседі. Ресей Обырға қарсы қауымдастығының президенті, профессор Давид Заридзе FDA (АҚШ Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек препараттарының сапасын бақылау басқармасы) мәліметтеріне сілтеме бере отырып, темекіні қыздыру жүйелеріндегі бу аэрозолінде кездесетін көмірқышқыл газы концентрациясы бұл газдың атмосфера ауасындағы көлемімен шамалас екенін айтады. Алайда бенз(а)пирен, акролеин және формальдегид концентрациясы кәдімгі шылыммен салыстырғанда 89-95%-ға төмен болып шықты.

Ресей Федерациясындағы зиянды азайту концепциясын қолдану тәжірибесі туралы айта келе профессор Заридзе мынадай қорытындыны бөлісті:

«Дәстүрлі темекіден никотин жеткізудің электронды жүйелеріне (НЖЭЖ) толық көшу шылым шегумен этиологиялық тұрғыда байланысты себептерден, атап айтқанда, бірінші кезекте қатерлі ісік пен өкпенің созылмалы обструктив ауруынан (ӨСОА) туындайтын сырқаттар мен өлім деңгейін төмендетуге мүмкіндік беруі мүмкін».

Аударған Димаш Зиядин

Фотоколлаждар yanlaurentxo

Понравилась ли вам статья?

15
11
3

Тақырып бойынша тағы оқыңыз