Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Тәуекелшіл тән

Қауіпсіз жыныстық мінез-құлық туралы не білу керек

Тәуекелшіл тән: Қауіпсіз жыныстық мінез-құлық туралы не білу керек

Секс – қауіпті іс. Бірнеше абайсыз қимыл, ал сіз көптеген түйткілдерге тап болдыңыз. Тақырып бойынша бірқатар маңызды сауалдарға жауап бердік. Осының барлығы «ниЖевред» оқырмандарының бүгін, ертең, әрдайым сексуалдық тұрғыдан сауатты әрі сау болуы үшін жасалған.


Мен 17 жасқа толдым, енді бола ма?

Заманауи отандық ғылым жыныстық өмірді бастау бойынша жас шамасына қатысты белгілі бір ұсыныстарды беріп отырған жоқ. Ал 2012 жылы жарияланған Техас Университетінің зерттеуінде келесі сандар жайлы айтылған: ерте жыныстық тәжірибе – 14 және одан да төмен жас, уақытылы – 15-19 жас, кешіктірілген тәжірибе – 19 жас және одан жоғары.

ЖЖБИ дегеніміз не?

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) деп ауру тудырғыш бактериялар, вирустар мен паразиттер тобын атайды. Әдетте адамдар бірден соз немесе мерез атты түрлерін еске түсіреді. Ал шын мәнісінде мұндай инфекциялардың саны 30-дан асады. Жоғарыда көрсетілген екеуінен басқа, осы тізімдегі ең «танымалдары»: хламидиоз, трихомониаз, адам попиллома вирусы (АПВ), ұшық, В гепатиті және адамның иммундық тапшылық вирусы (АИТВ). Соңғы төртеуі мүлдем емделмейді. 

Жұқпаланған адаммен қорғаусыз жыныстық қатынасқа түссең, міндетті түрде АИТВ жұқтырып аласың ба?

Олай болған күнде бүкіл жер шарында сау адам қалмас еді. Статистика бойынша шамамен мыңнан бір қорғаусыз болған байланыс АИТВ жұқтырып алу мүмкіндігіне әкеліп соқтырады. Бұл жердегі ең маңыздысы, секс зақымды, жоқ зақымсыз болды ма, әрі инфекция жұқтырған адам ауруының кезеңі қандай екен – жіті, әлде жіті емес пе еді? Дегенмен тағдырды сынаудың еш қажеті жоқ. 

Үзілген жыныстық қатынас инфекцияны болдырмауға көмектеседі ме?

Адамның иммундық тапшылық вирусы барлық дерлік биологиялық сұйықтықтарда кездеседі. Ол шәует сұйықтығы, әрі қынаптық бөліністерде біршама жоғары, ал сілекейде, сондай-ақ әйелдердің емшек сүтінде белгілі бір мөлшерде ғана шоғырланған. Үзілген жыныстық қатынас инфекцияны жұқтырып алу ықтималдығын біршама төмендетеді, алайда оны толығымен болдырмайды деуге келмес. Жоғарыда айтылғанның барлығы басқа ЖЖБИ-ға да байланысты. 

Сондай-ақ оқу Мүлдем ұят емес Қазақстандағы жыныс сауаты туралы жобаны кім және не үшін іске қосты?

ЖЖБИ несімен қауіпті?

Мұндай инфекциялар ішкі органдардың қабынба аурулары, иммунитеттің төмендеуі, сонымен қатар бедеулікке жиі әкеліп соқтырады. Мәселен, В гепатиті бауыр жасушаларын зақымдап, тіпті, цирроздың дамуына әкелуі мүмкін. Мерез болса, адам терісін, сүйектерді және жүйке жүйесін бұзады. АПВ көбінесе жатыр мойынының қатерлі ісігін тудырады. АИТВ иммундық жүйені құртады, бұл үнемі мутацияға ұшырайтын зұлым ауру, сондықтан оның әлі де нақты емі табылмай келеді. 

Қауіпті болуы мүмкін жыныстық қатынастан кейін жұқтыру тәуекелін төмендететін дәрі-дәрмектер бар ма, әлде бірден дәрігерге жүгінген дұрыс па?

Мұндай дәрі-дәрмек бар. Бұның атауы бетадин. Оның 10% ерітіндісімен жыныстық қатынасқа түскен екі серіктестің жыныс мүшелері және санның үстін ішкі жағынан өңдеп, яғни, сүртіп шығу керек. Бетадиннің 5%-ға дейін сұйытылған ерітіндісін ер адамның несеп жолына егеді. Әйелдерге бетадин тығындәрісін қынаптың ішіне енгізеді. Бұл дәрі ұшық вирусын, мерез бен соз індеттерін тудыратын бактерияларды және басқа да көптеген микроағзаларды жоя алады. 

Инфекцияға қарсы жыныстық қатынастан кейін қолданылатын басқа дәрілер – хлоргексидин, мирамистин, гексикон деп аталады. Дегенмен жыныстық инфекциядан қорғайтын қолданыстағы антисептикалық құралдарының ешқайсысы да инфекцияны жұқтырмау бойынша 100% кепілдік бере алмайды. Кез келген жағдайда анализ тапсырып, дәрігердің көмегіне жүгінген абзал. 

Бассейннің ішінде ЖЖБИ-ді жұқтырып алу қаупі бар ма?

Инфекция ағза сұйықтықтарының тікелей алмасуы арқылы жұғатынын ескере отырып, бассейн ішінде ЖЖБИ-ді жұқтырып алу мүмкін емес деуге болады, тек судың өзінде жұқпаланған адаммен қорғалмаған жыныстық қатынасқа түспесеңіз болғаны. Теориялық тұрғыдан қарасақ, жүзу кезінде су инфекция жұқтырған адамның жыныс мүшесіндегі майланып тұратын табиғи ылғалды шайдырады, алайда жыныстық қатынас арқылы берілетін вирустар мен бактериялар сізге дейін сумен жете алмайды, өйткені олар бассейн ішіндегі хлорланған суда бірден өліп қалады.  

Мүшеқап инфекциялар мен қалаусыз жүктіліктен толық қорғай алмайтыны рас па?

Иә, ол рас. Мүшеқаптар жыртылуы мүмкін, әрі оларды дұрыс қолданбайды, олар туралы ұмытып та кететін жағдайлар көптеп кездеседі, ал кейбір инфекциялар шырышты қабық арқылы ғана емес, сонымен қатар тері арқылы да беріледі. Бірақ қазіргі таңда мүшеқаптар жағымсыз жағдаяттардан қорғайтын тәсілдердің ең үздігі болып саналады. Бастысы, «өзіңдікін» тауып алу, әрі оны дұрыс қолдану керек. Дұрыс қолдану дегеніміз – бұл жөнді таңдалған мүшеқапты шәуеттің шығуы алдында ғана киіп алу емес, бүкіл жыныстық қатынас барысында шешпеуді білдіреді.

Оралды лубриканттар несімен жақсы? Жалпы алғанда олар не үшін керек?

Лубриканттарды менсібеуге болмайды. Олар секстің барлық түрлерін толықтырады және жақсарта түседі: аналды жыныстық қатынас жалпы майлағышсыз бола алмайды, дәстүрлі түрі де, яғни, ермүше-қынаптық байланыс кезінде де жарақатқа соқтыру ықтималдығы анағұрлым төмендеп, осындай жақсы «көмекшінің» арқасында жыныстық қатынастың жаңашыл жақтары ашылады. Себебі интимді иісмай бірнеше мәселені қатар шешіп бере алады:

  • сыртқы жыныс ағзаларының ылғалдануы мен шырышты қабықтың жұмсаруына септігін тигізеді;
  • жыныстық қатынас кезінде жыныс мүшесінің қынаптың ішінде оңай сырғып өтуін жеңілдетеді;
  • қынапта микросызаттар мен жарақаттардың пайда болуына кедергі етеді;
  • жыныстық акт уақытын ұзартады.

Оралды секс туралы айтар болсақ, ол шындығында да жеуге жарамды гельдермен әлдеқайда жақсы бола түседі. Өйткені олар сілекейдің бөлініп шығуын күшейтіп, иістерді жасырып, жаңа сезімдер сыйлап, қызығушылықты тудырады, сондай-ақ «әріптестері» секілді сырғуды жақсартады.Оған қоса оралды лубриканттар дәмді болып келеді. Жұтуға қауіпсіз, оларды секс-ойыншықтар және мүшеқаптармен қатар қолдануға болады.

Танымал секс-блогер Арина Винтовкина ұсынатын топ-3 керемет оралды гельдермен таныс болыңыздар:

  • YES-for-LOV Delicious Brush «Қызыл жемістер» – жиынтықтың ішіне дәмді карамелі бар саше және сұйықтықты денеге жағуға арналған жаққыш кіреді.
  • Swede «Манго-грейпфруты» – ерекше дәмге ие, әрі айрықша текстурасы бар.
  • Stimul8 «Тұзды карамель» – қою, сондықтан үнемді жағылады және бағасы да жағымды.

Петтингке дайындалу керек пе?

Ең алдымен естеріңізге салайық. Петтинг дегеніміз енуді талап етпейтін әртүрлі сексуалды аймалау түрлері: сүю, сипалау, тістелеу, құшақтау, ұрғылау, жалау, ұқалау, шешіндіру, секс-ойыншықтарды пайдалану, пенетрациясыз оргазмға жеткізу. Жеңіл (киім үстімен) және терең түрі (серіктестер шешінеді және денені аймалауға қарсы емес), сондай-ақ неккинг (белден жоғары жанасулар) деген түрі бар.

Секс-терапевттері жыныстық белсенділіктің осындай түрімен айналысу барысында келесі қарапайым ережелерді ұстануды кеңес береді:

  • қолды жуу;
  • дененің гигиенасы;
  • сезімдерді талқылауға дайын болу, серіктесті бағыттап отыру;
  • терең петтинг кезінде қажау мен микросызаттардың алдын алу үшін майлауды қолдану;
  • терең петтинг кезінде ЖЖБИ-ді жұқтыру қаупінің бар екендігін естен шығармау;
  • мүшеқаптың бар болуы, өйткені петтинг кәдімгі секске жиі ұласып кетеді.  

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

1
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз