Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Британдық ғалымдар ұсынады

Кімдерге электронды құрылғыларға ауысқан абзал, әрі кімдер олардан аулақ болуы керек

Британдық ғалымдар ұсынады: Кімдерге электронды құрылғыларға ауысқан абзал, әрі кімдер олардан аулақ болуы керек

Англияда жарық көрген жаңа есеп қарапайым шылымнан гөрі электронды темекінің зияны аздау екендігін кезекті рет растап отыр. Сонымен бірге бұл темекі тартуға байланысты тағы бір мәселені көтеріп тұр.


Зияны төмендеу

Денсаулық үшін қауіпті төмендетудегі вейптер мен темекіні қыздыруға арналған жүйелердің рөлі қандай? Бұл туралы Лондонның Корольдік колледжінің мамандары Англияның Қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту жөніндегі кеңсенің (OHID) қолдауымен үлкен баяндаманы жариялады

«Қарастырылған мәліметтерге сүйене отырып, біздер «зияны кем дегенде 95%-ға төменірек» деген бағаны, жалпы алғанда, нақты деп санаймыз, қалай болғанда да, қысқа және орта мерзімді перспективаларда осылай болып қала бермек», - делінген құжат мәтінінде.

Әртүрлі елдердің зертеушілер топтары қарапайым темекімен салыстырғанда электронды құрылғылар зиянды заттардың мөлшерін 50-90%-ға азырақ өндіретінін сан рет дәлелдеген болатын, өйткені мұнда жану өнімдері жоқ. Осыған сәйкес бұл құрылғыларға ауыса отырып, қатерлі ісік, жүрек-қантамыр аурулары және өкпе дерттерінің даму қаупі айтарлықтай төмендейді.

Сонымен қатар ғалымдар растап отырғандай, никотинді жеткізудің дәстүрлі көздерін баламалы нұсқаларға алмастыру темекі тұтынуды азайтуға септігін тигізеді. Оған қоса айналадағы адамдарға да зиянды азырақ келтіреді. 

Ақпараттылықты арттыру

Сонымен бірге британдықтар негізгі түйткіл ретінде халық арасында ақпараттылықтың жеткіліксіз екендігін анықтап отыр. Осылайша, сансыз сауалнамалар қатысушыларының небәрі 11%-ы ғана темекі зияндылығының басты себебі никотинде еместігін білген. Әрі тек 34%-ы ғана классикалық темекіге қарағанда электронды құрылғылардың зияны төменірек деп есептеген. 

Бір жағынан қарағанда бәрі де айтарлықтай жеңіл шешілуге тиіс секілді – бар болғаны электронды құрылғыларға ауысудың пайдасы турасындағы ақпарат көлемін мемлекеттік деңгейде арттыру қажет.

Сондай-ақ оқу Із қалдырмаймыз Никотин жеткізуге арналған құрылғыны қалай утилдеу керек?

Нені қадағалау керек?

Дегенмен, сауалнамалар деректерін талдағаннан кейін, сарапшылар өз тарапынан бұл бастамаға сақтықпен қараған абзал деп ескертеді, өйткені аталмыш гаджеттерге басқа аудиторияны тартып алу қаупі бар. Нақтырақ айтқанда, бұрын-соңды темекі шекпеген адамдардың назарын аударту ықтималы бар. Соның ішінде – жастар да болуы мүмкін.

Яғни, ақпараттық науқанның басты ойы осындай құрылғылар жағымсыз әдетінің зиянын азайтқысы және тәуелділігінен бас тартқысы келетін шылымқұмарлар үшін керектігіне негізделуі тиіс.

Сондықтан осыған дейін Англияның бас дәрігері Жанель де Грюши мәлімдегендей, егер қарапайым шылым немесе электронды темекінің арасында таңдау қажет болған жағдайда, онда электронды түрін таңдаңыздар. Алайда электронды темекі мен таза ауа арасында таңдау жасау керек болса, онда соңғысын талғаңыз.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз