Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Жаңа ғажап әлем

Темекіні тастаған кезде не болады?

Жаңа ғажап әлем: Темекіні тастаған кезде не болады?

Темекі шегуден бас тартсаңыз, ағзаңызда не өзгереді? Темекіні алып тастау синдромына төтеп беру мен өміріңізден уытты түтінді жойсаңыз, салдары қандай болатынын түсіндіріп өтейік. 


Біртіндеп бас тарту немесе «перитонитті күтпестен, кесу»

Шылымды тастаудың әртүрлі әдістері бар: біржолата немесе біртіндеп, сәтті немесе құбылмалы жолы. Егер тәртіптілігіңізден көңіліңіз қалып, никотинге тәуелді болсаңыз, кем дегенде қаупі төмен баламаларды таңдағаныңыз абзал. Естеріңізде болсын, шылымқор үшін басты қауіпті темекі түтінінің құрамындағы шайырлар, канцерогендер және уытты газ секілді заттар төндіреді. Сонымен қатар темекіні қыздыратын заманауи жүйелер осы зиянды заттардың ағзаға түсуін 95% дейін төмендетеді. Бұл жақсы жағы екені сөзсіз.

Кейбіреулерге шылымды тастау күрделі ісінде мотивациялық әдебиет көмектеседі. Көп жылдан бері нағыз бестселлер ретінде Аллен Каррдың «Темекі тастаудың оңай жолы» кітабы танылды. Әйгілі британдық жазушы осы еңбегін жазбас бұрын күніне шамамен 100 темекіге дейін шегіп тастайтын. Қайран, жаман әдетін тастаса да, ол өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмды – шылымқұмардың тәжірибесі мен ағзаға тигізген салдары тым үлкен болған. 

Темекіні тастаса, жүрек пен тамырларда не өзгереді

Темекісіз ең жеңіл күн болып – бірінші күн саналады. Ағазада тазарту үдерісі енді іске қосыла бастайды. Абстинентті синдром немесе никотиндік «сынулар» біраз уақытқа дейін созылуы мүмкін, өйткені ми үшін үнемі никотин мөлшерін алып отыру әдетінен арылу керек.

Темекіден бас тартқан адамды алғашқы күндері не күтеді?

«Шылымқор жөтелі»: өкпе тіні өздігінен қалпына келеді

2020 жылы ғалымдар өте қызықты қорытындыға келген. Nature журналында жарияланған зерттеу нәтижесі шылымқор өзінің зиянды әдетінен бас тартса, қандай өзгерістер болатынын көрсетті. Зақымданбаған жасушалар өкпені қалпына келтіре алады екен.

Сенгер Институтының зерттеушісі Питер Кэмпбелл хабарлағандай, кейбір жасушалар тыныс алу жолдарын қалпына келтіруге көмектеседі. Ол қырық жылдық темекі тарту тәжірибесі бар науқастарды мысалға келтірді. Шылымнан бас тартқан соң науқастарда темекі түтіні әсер етіп үлгермеген жасушаларының регенерациясы басталды.

Сондай-ақ оқу Қоштасатын кез келді: неге бір адам темекіні оп-оңай қойып кетеді, енді біреу үшін бұл – орындалуы қиын дүние? Психологтар не дейді?

Аталмыш шылымқор жөтелі зиянды әдеттен бас тартқаннан кейін алғашқы бірнеше аптада күшеюі мүмкін. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Осылайша ағза өкпедегі қалпына келу үдерісінің басталғанын ескертеді – өкпе тіні оны жиналған шырыштан тазартады. Бронхтардың жиырылу ұзақтығы шылымқор «өтіліне» байланысты. Бірақ өкпе тазара және өзгере бастағаны анық.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде темекі тұтынудың салдарынан әрбір 12-ші адам қайтыс болады. Қатерлі ісік ауруларынан болатын жалпы өлімнің 45% шылым шегумен байланыстырылса, оның 90% өкпенің қатерлі ісігіне қатысты. Алайда! Шылым тартуды қойған соң шамамен 10 жыл өткеннен кейін өкпе қатерлі ісігінің даму қаупі 2 есеге азаяды.

Дәрігерлер мен ғалымдардың қорытындысына зер салсақ, орта жаста шылым шегуден бас тартқанда қатерлі ісік ауруынан және оған байланысты басқа да себептерден болатын өлім қаупі азаяды. Мысалы, 50 және 40 жастарында осы тәуелділігін жеңген адамдар арасында өмірін онкологиялық диагнозбен аяқтау қаупі сәйкесінше 5 және 3% төмендейді.

Темекіні қоюға бел байласаңыз, сырт келбетіңіз қалай өзгеруі мүмкін?

Денсаулыққа зиян келтіруден басқа темекі шегу адамның сыртқы түріне де әсер етеді. Егер күн сайын ағзаңызды канцерогендер және темекі шайырымен уландырып жүрсеңіз, сыртқы кемшіліктерді қымбат иісмайлар және сұлулық инъекцияларымен түзетуге тырысудың пайдасы жоқ. Әйел терісі жұқа әрі нәзік болғандықтан, темекінің зиянды әсеріне аса сезімтал келеді. Никотин теріні нәрлендіретін тамырларды тарылтады. Спазмдар оттегінің жетіспеуін қоздырып, соның салдарынан тері регенерациясы нашарлайды. Темекіден бас тартқаннан кейін өзгерістерді айнадан байқайсыз. 

Мойындамау, ашулану... қабылдау

Жаман әдеттен бас тарту жолында сиқырлы дәрі жоқ. Оның салдарымен күресу үшін еңбектенуге тура келеді. Адам ағзасына темекіні алып тастау синдромы арқылы көмектесуге болады. Ең алдымен, таза ауада көбірек серуендеген дұрыс. Оттегі өкпені тезірек қалпына келтіру және тазартуға көмектеседі. Қарапайым жаттығуларды жасап бастаңыз, бұл жүрек жұмысын жақсартып, зат алмасу үдерісін тездетеді. Тамақтану рационына міндетті түрде мұқият қарап, С, E және А дәрумендеріне бай азық-түліктерді көбірек тұтыныңыз. Егер өз бетінше күресуге шамаңыз келмесе, дәрігерге жазылып, мәселен, психотерапевтпен ақылдасқаныңыз абзал.

Естеріңізде болсын, егер шылымнан біржолата (көптеген адамдар секілді) бас тарту қиынға соқса, зиянды азайту шараларын қолданыңыз.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

2
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз