Қатты қалап тұрсаң, рұқсат
Зиянды азайту концепциясы кімге және не үшін керек?
Адамзат атам заманнан зиянды әдеттермен күресіп келеді деп айтсақ, артық болмас. Түбегейлі тыйым салудың дұрыс нәтиже бермейтінімен әрдайым ұшырасып отырғаны да бар. Қазір бізге іс жүзінде қолдануға ыңғайлы концепция көмекке келді: зиянды толық жою мүмкін болмаса, оны азайту қажет. Осы ереженің негізгі мән-мағынасын талдап көрейік.
Темекіден, артық бокал шараптан немесе басқадай жаман әдеттен құтылуға мүмкіндігіңіз жоқ па? Күн сайын мұндай қиындыққа ұшырап жүрген қарапайым жандардың ортасына қош келдіңіз. Олардың арасында осы сайтта жұмыс істейтіндер де бар.
Зиянды азайту – бәрімізге бірдей қолайлы болатын әдіс. Себебі ол кішкентай қадамдардан тұрады, осының арқасында жағымсыз дағдыдан құтылу жеңілдей түседі. Кем дегенде одан келер зиянды азайта аласыз. Және мұны стрессіз, өз-өзіңізді қинамай, басқа да түрлі жайсыз сезімдерге шалдықпай жасайсыз.
Аталған концепцияны әлемдік дәрежеде беделі бар дәрігерлер мен ғалымдар ойлап тапқан. 2018 жылы оны Қазақстан да қабылдады, ал біз зиянды біртіндеп азайтуға арналған «ниЖевред» атты бүтіндей бір жобаны жүзеге асыра бастадық (жазғанымызды сіздер тұрақты оқып тұрады деп үміттенеміз).
Тақырыпты қаншалық жақсы білетініңізді анықтауға дайынсыз ба?