Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Орама темекіден электронды девайстреге дейін

Адамдар қашан шылым шеге бастады және темекі шегу қағидаты қалай өзгерді

Алғаш рет сигаретке ұқсас бірнәрсені американдық үндістер жасап шығарған. Бүгін Еуропа елдерінің өзінде ересек халықтың 28% темекі тұтынады. Ал енді адамдар қалай және қашан темекі тарта бастағанын және неліктен заманауи девайстерге көшіп, классикалық сигареттен бас тарту керек екенін талдап көрейік.


Адамзат темекі туралы Солтүстік Америкаға экспедиция жасаған кезде шылым шегіп тұрған үндісті көрген Христофор Колумбтың арқасында білді. Сол уақыттан бастап испандықтар мен протугалдар темекі жапырақтарын ауқымды көлемде Еуропаға әкеле бастады. Көптеген елдерде темекіге тыйым салынған, мысалы Ресейде оны 1698 жылға дейін пайдалануға болмайтын. Осыдан бір жыл бұрын Петр патша Еуропаға бір жарым жылдай уақытқа аттанды. Осылайша сол кісі Еуропаға жол ашып, көптеген қызық заттар әкелді. Оның ішінде орама темекі жасайтын темекі де бар. Ал католикалық шіркеудің ролі басым елдерде алғашында темекі шеккен адамдарды шайтан ұрды деп санайтын.  

Сигареттер

Сигаретке ұқсас ең бірінші үлгілері Солтүстік Америка үндістерінен табылған. Темекіні кептіріп, жүгері жапырақтарына ораған. Темекі түтінін салт жора өткізген уақытта жұтатын. 

Түтікше

Ең алғашқы түтікше мануфактуралары дәл осы Американы ашқаннан кейін пайда болды. Еуропалықтар үшін өсімдік жапырақтардан орама темекі жасау ыңғайсыз болатын, сондықтан қысқа мерзімде түтікше өндірісін ашты.  

Иіскейтін темекі

Иіскейтін темекі Испанияда кеңінен тараған. Бүкіл әлемде патшалар мен патшайымдар да киімдеріне түтін иісі сіңіп кетпеу үшін иіскейтін темекіге көшті. Иіскейтін темекі ғасырын «шақша ғасыры» деп атап кетті, өйткені темекіні осы шақшаларда сақтайтын.  

Сигаралар

Иіскейтін темекімен қатар сигаралар пайда болды. Ең ірі өндірісі Куба аралында орналасқан. Сол уақыттың өзінде сигаралар көлеміне, түріне және дәміне қарай бөлінетін, демек түр-түрі шығарылатын.  

Бірнеше онжылдықтан кейін адамдар темекі денсаулыққа зиян емес, керісінше, дизентерия (іш өту) және оба ауруларын емдеуге көмектеседі деп санай бастады. Оны барлық елдерде қолдана бастады, Кубаның бір өзі 1840 жылдары жылына 141 миллион сигара өндірген. Қазіргі уақытқа таяп қалғанда сүзгісі бар сигареттерді ойлап тапты, бұлардың, өндірушілердің ойынша, адам ағзасына зияны төмендеу болады. Ал 2000 жылдары никотин тұтынудың балама нұсқалары, яғни ағзаға зияны төмендеу, жану процесін болдырмайтын электронды сигареттер, вейптер, темекіні қыздыру жүйелері пайда болды. 

Көптеген адамдар темекідегі ең зиянды никотин екендігіне сенеді, алайда бұл жаңылыс пікір. Никотин тәуелділік пайда болуына жауапты және тромбтар пайда болуына себепкер, ал шылым шегуге байланысты аурулар темекі жану барысында түтінде пайда болатын улы заттар салдарынан болады. Темекі түтіні 7000 аса химиялық заттан тұрады, олардың ішінде 69 денсаулыққа қауіпті. Мысалы, оба, жүрек-тамыр және өкпе аурулары.

Темекіні қыздыру жүйелері  темекіні жандырмай тек қыздырады, оны атауынан-ақ түсінуге болады. Егер жанып тұрған сигареттің температурасы 900 градусқа жететін болса, никотинді жеткізетін балама өнімдер темекіні түтінге жеткізбей, 400 градустан асырмай қыздырады. Оның орнына майда бөлшектерден тұратын аэрозоль шығады. Зерттеулерге сәйкес темекіні қыздыру жүйелерін пайдалану барысында пайда болатын аэрозоль құрамындағы зиянды компоненттер орташа есеппен 90-95%-ке аз.

Темекі тұтыну тәжірибесі ұдайы өзгеріп келеді, бұл бекер емес – классикалық сигареттер ағзаға зиян келтіретіні бәрімізге мәлім. Шылым шегушілердің көбісі өмірінде бір рет болса да, темекі түтінінен денсаулығы сыр беретіні туралы ойланады, алайда, темекіні тастау бәрінің қолынан келе бермейді. Егер шылым шегуден толық бас тарту мүмкін болмаса, зияны төмендеу баламасына көшіп, темекі тұтыну салдарын төмендетуге болады.

С.Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының меңгерушісі Сағат Алтынбеков мұнда электронды сигареттің басымдылығы дәстүрлі сигареттердің зиянды компоненттерін жоққа шығару немесе барынша аз мөлшерге жеткізу мүмкіндігінде деп санайды.

«Электронды сигареттердің, дәстүрлі шылым шегуге қарағанда, қауіпі шамалы ғана, демек толығымен вейпингке көшу темекінің зиянын едәуір төмендетуді қамтамасыз етеді деген сөз. Қазірдің өзінде вейпинг шылым шеккенде ағзаға кететін зиянды заттарды  95% төмендетеді деген зерттеулер бар, сондықтан темекі тұтынушылар осы айырмашылықты біліп, шылым шегуден булауға көшіп, осылайша аталған қауіпті төмендету мүмкіндігін білуі тиіс. Алайда электронды сигарет және  дәстүрлі сигареттің басқа да баламалары мүлде қауіпсіз болмайтыны есте жүруі қажет, - дейді маман. .

Темекіні қалай тұтыну қаншама керек екенін әркім өзі үшін шешеді. Бірақ біз темекіні тұтынып отырып ағзаға кететін зиянды заттар мөлшерін төмендетсек, денсаулыққа келтіретін зардабын да төмендетер едік. Темекіге тәуелділік никотиннен қалыптасады, ол ғой сигаретте де, никотинді жеткізудің электронды жүйелерінде де бар. Осылайша шылым шегуден булауға көшіп, Сіз осы әдеттен толық бас тарта алмаған жағдайда ағзаға деген қауіпті төмендетесіз.  

Автор

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз