Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Британ ғалымдарының жаңалығы…

Немесе дамыған елдердің халқы неге никотин қабылдауда электронды құрылғыларға көшіп жатыр?

Британ ғалымдарының жаңалығы…: Немесе дамыған елдердің халқы неге никотин қабылдауда электронды құрылғыларға көшіп жатыр?

Ғалымдар темекі тудыратын проблемаларды зерттей келе, шылым бірінші кезекте жану процесімен қауіпті деген қорытындыға келді. Никотин қабылдаудың балама жолдары бұл қатерді азайтуға қалай көмектесетіні жайлы Ұлыбритания, Жапония және АҚШ мысалында әңгімелейміз. 


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжауынша, саламатты өмір салты жаппай насихатталып жатқанына қарамастан, 2025 жылға қарай әлемде 1 миллиарда шамасында шылымқор тіркеуде болады екен. Яғни адамзат жақын арада темекіден біржолата бас тарта қоюы мүмкін емес, сондықтан зерттеушілер кәдімгі шылымдай емес, денсаулыққа әкелетін зияны салыстырмалы түрде аздау болатын құрамында никотині бар балама өнімдерді шығаруға баса көңіл бөлу керек дегенді жиі айтып жүр. 

Темзаның тұманды жағалауына барайық

Ресей қатерлі ісікке қарсы қауымдастығының президенті Давид Заридзе жазған жұмысында шылымнан келетін зиянды азайту концепциясының негізі өткен ғасырда пайда болғаны туралы айтады. Ағылшын ғалым-эпидемиологтары Ричард Долл мен Ричард Пето шылым жанған кезде бөлінетін шайыр мен канцерогендердің қаупіне ерекше мән берген екен.

1978 жылы олар жас ер-азаматтар арасындағы өкпе обырынан келген өлімнің азаюын бұл ұрпақтың алдыңғыдай емес, фильтрі бар темекі шеккенімен, сәйкесінше түтіндегі шайырдың салыстырмалы түрде азырақ болғаны, нәтижесінде фильтрсіз темекімен салыстырғанда канцероген заттардың ағзаға жаппай жетпегенімен байланыстырды.

Кейінірек Ұлыбританияның Токсикология комитеті Public Health England үшін баяндама әзірлеп, кәдімгі шылымға қарағанда темекіні қыздыру жүйелерінде зиянды заттар 50-90%-ға азырақ кездесетіні туралы мәлімдеді.

2017 жылы Ұлыбритания Денсаулық сақтау департаменті темекіні бақылауға арналған «Түтінсіз ұрпаққа апарар жолы» атты жол картасын жариялайды. Құжатта тыйымға емес, темекіден келер зиянды азайтуға мүмкіндік беретін инновациялық өнімдерді қарастыруға баса мән беріледі.

Бұл есепте келтірілген басты нәтижелер никотин қабылдаудың балама жүйелерін қолданған кезде қатерлі ісік ауруларының пайда болу ықтималдығы 0,5%-дан аз болатынын көрсетті (кәдімгі шылымда бұл көрсеткіш әлдеқайда артық). Бұдан бөлек шылымқорда жүрек-қан тамырлары аурулары мен өкпе сырқаттарына ұшырау қаупі балама нұсқаны таңдағандарға қарағанда жоғарырақ.

Ағылшындар берген тағы бір қорытынды: электронды темекінің пассив әсерінен болатын денсаулыққа деген зиян қатері осы күнге дейін тіркелмеген. 

АҚШ, Жапония және Италия тәжірибесі

Давид Заридзенің енді бір баяндамасында Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасына санитарлық бақылау жөніндегі басқарма (FDA) жариялаған қорытынды келтіріледі. Бұл бақылаушы орган темекі тұтынудың балама әдістеріне денсаулықты сақтау мүддесіне сай келеді деген түсіндірмемен АҚШ-та қолдануға рұқсат берген болатын. FDA мәліметтеріне сенсек, темекі қыздыру жүйелерінде кей токсин деңгейі кәдімгі темекімен салыстырғанда әлдеқайда аз кездеседі екен.

Сонымен қатар АҚШ және Канада ғалымдары никотин қабылдаудың дәстүрлі тәсілдерін балама жолға ауыстырудың темекі шегуді көбейтпейтінін, керісінше азайтатынын хабарлады. Мәселен, International Journal of Environmental Research and Public Health журналында жарияланған мақалада 2011 мен 2019 жылдар аралығында, яғни 9 жылға жуық уақыт ішінде Жапониядағы темекі саудасы ауқымы 38%-ға азайғаны туралы мәлімет айтылады. Ал 2016 жылы күншығыс елі нарығында темекіні қыздыру жүйесі пайда болған кезде бұл көрсеткіштің азаю қарқыны бес есе артыпты.

Шылымның және темекі қыздыруға арналған электронды жүйелердің өкпенің созымалы обструктивті ауруымен байланысы туралы зерттеу Италияда жүргізілген еді. Катания университеті клиникалық және эксперименталды медицина кафедрасының ғалымдары Рикардо Полостың басшылық етумен бұл жобаға үш жылын арнайды. Нәтижесінде олар кәдімгі шылымды түтінсіз өнімге айырбастаған адамдардың денеге түскен салмақты жеңіл өткеретінін, олардың өмір сапасы жақсарғанын байқайды. 

Сондай-ақ оқу Күшәлә, полоний, алтын Темекіде не бар және оны не істемек керек?

Қазақстандағы жағдай

Қазақстандағы Темекі атласының мәліметтері бойынша, 2016 жылы шылым шегу 20 900 адамның өліміне себепші болған. Ал темекі өнімдерін тұтынатын халықтың 25-30%-ы қатер тобына кіреді.

Темекіге қарсы күресу мақсатында елімізде әзірленген Зиянды азайту концепциясы кәдімгі шылым шегетіндерді никотин қабылдаудың балама түрлеріне (никотин қабылдауға арналған электронды жүйелер, электронды темекілер, темекі қыздыратын өнімдер) көшіруді ұсынады. Мұндай құрылғыларда темекі жанбайды, сәйкесінше зиянды, канцероген компоненттер көлемі 95%-ға азаяды. Бұл ұсыныстар ғылыми мәліметтер және расталған мәліметке қол жеткізген, зиянды азайту қағидаттары қолданылатын елдер тәжірибесін зерттеу негізінде әзірленген.


Аударған Димаш Зиядин

Фотоколлаж yanlaurentxo

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз