Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Шегін білген дұрыс па?

Әлеумет мүшесі болуға тырысатын шылымқордың денсаулығына темекі қаншалық зиян?

Шегін білген дұрыс па?: Әлеумет мүшесі болуға тырысатын шылымқордың денсаулығына темекі қаншалық зиян?

Адам шылымға физиология тұрғысынан тәуелді болғандықтан ғана үйір болмайды. Адам шылымды өзін жалғыз сезінбеу, белгілі бір мәдени топ мүшесі атану немесе, керісінше, достары мен таныстары қысым жасағандықтан шегеді. Бұл мақалада қоғам мүшесі болуға тырысатын, елдің ортасында болғысы келетін шылымқор мен темекінің арасындағы байланыс сөз болады. 


Шылымға басыбүтін «байланған», толықтай тәуелді, яғни темекіге деген тән құмарлығын жеңе алмайтын шылымқордай емес, әлеуметтік шылымқорда тәуелдік болмайды. Ол темекіні ара-тұра ғана тартуы мүмкін. Онда да белгілі бір жағдай туындағаны қажет, мәселен, кеңседегі қиын жиналыстан соң, корпоратив кеште, жора-жолдаспен бас қосқанда немесе барда алкогольді сусынмен бірге шылым шегу дәстүрге айналып кетеді. Бір айта кетерлігі, мұндай адамның бір кеште тартатын темекісінің саны кез келген кәнігі шылымқордың көрсеткішін «шаң қаптыруы» мүмкін. Осыған қарамастан ол өзін тәуелдімін ойламайды, денсаулыққа барынша аз зиян тигізіп жатырмын және бұл әдетті кез келген уақытта қойып кете аламын деп санайды. 

Шын мәнінде қалай?

Тәулігіне бір-төрт темекіні шегудің өзі күніне бір қорапты «жеп» қоятын шылымқорға тән айтарлықтай ауыр салдар мен қатер төндіруі мүмкін екенін ғылыми зерттеулер көрсетіп отыр. Жеңіл темекіні тарту да көмектесе алмайды. Шылымды анда-санда көретіндерде кәдімгі шылымқор жағдайындағыдай жүрек аурулары қатері жоғары, себебі бір темекінің өзі адреналиннің күрт көтерілуіне алып келеді, ал ол өз кезегінде жүрек ритмі мен артериал қысымды арттырып жібереді. Бұдан бөлек респиратор инфекциялар, қолқа аневризмі, созылмалы бронхит, өкпе, қуық және ұйқы безі қатерлі ісігі, эмфизема, жүрек талмасы, репродуктив саулық ауытқуы секілді қауіпті жайттарды тудырады. 

Жаңаша көзқарас: ғалымдар мен дәрігерлер не ұсынып отыр?

Адам денсаулығына алаң көңіл болған мемлекет пен қоғам ұзақ уақыт бойы шылымқорлардың өмірін тозаққа айналдырып келді, алайда бұдан жаман әдетін қойып кеткендер некен-саяқ. Салдарынан зерттеулердің көбі алуан түрлі тыйым шараларының қандай нәтиже бергенін негізгі бағыты етіп алды десек болады және мұндай талаптардың тиімділігі төмен екені, тіпті кері әсер бергені жайлы пікірлер де қалыптаса бастады. Қатерлі деуге келетін әрекеттің зиянын азайту концепциясы осыдан келіп шықты.

Темекі тарту зиянын азайтуды өткен ғасырдың 70-жылдары британ дәрігер-психиатры Майкл Рассел ұсынған болатын. Ол шылымнан бас тартуға үгіттеумен шектелмеуге, бұл әдетке ұшырағандарға қамқорлық көрсетуге шақырды. Мысалы, никотин алмастыру терапиясы әдістері әзірленды, сондай-ақ никотин жеткізудің балама құралдары өндірісі дамыды.

Бұл ұсынылған тәсілдер никотиннің тәуелдік тудырғанымен, шылымға қатысты асқынатын аурулардың негізгі себебі бола алмайтынын анықтаған зерттеу нәтижелеріне негізделді. Мысалы, өкпе обыры, жүрек-қан тамырлары аурулары мен эмфиземаның пайда болуына темекі жапырағымен мен қағазы жанған кезде көптеп бөлінетін заттарды жұту «кінәлі». Алайда темекіні жану процесі болмайтын температурға дейін қыздыруды бақылау мүмкіндігі болса, жанған кездегі жағдаймен салыстырғанда зиянды заттар айтарлықтай аз бөлінеді (токсиканттар мен канцерогендер деңгейі 90-95%-ға дейін төмендейді). «Адам темекіні никотиннің кесірінен шегеді, алайда шайырдан өледі», - деген болатын сол жолы доктор Рассел. Ғылым әлемі мұны қорыта келе, жану процесін «айналып өтетін» темекі қыздырудың электронды жүйелерін пайдалану кәдімгі шылымға қарағанда әлдеқайда аз зиян әкеледі деген ойға келді. Соңғы уақытта бұл пікірді бірқатар клиникалық зерттеу (арасында ұзақмерзімдісі де бар) растаған болатын.


Аударған Димаш Зиядин

Фотоколлаж yanlaurentxo

Понравилась ли вам статья?

1
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз