Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

«Дәмі мегажиіркенішті болып көрінді»

Сүлейменова және Жеребцов – жаман әдеттермен күрес туралы

«Дәмі мегажиіркенішті болып көрінді»: Сүлейменова және Жеребцов – жаман әдеттермен күрес туралы

Өзін никотинмен «ынталандыру» әдеті көптеген адамдарға тән. Шығармашылық мамандықтардың өкілдерінде де дәл осындай жағдай. Суретші Сәуле Сүлейменова және дизайнер Леонид Жеребцов «ЗияныТөмендеу» жобасына үйреншікті рәсімдерін қалайша өзгерткендерін айтып берді.


Сәуле Сүлейменова, суретші

Сәуле өзінің өнерге деген баламалы көзқарасымен танымал. Көптеген жылдар бойы ол целлофанды көркем сурет деп аталатын өнермен айналысып келеді. Яғни, ол суреттерін тура пластикалық пакеттерден жасайды.

Сәуленің әртістік мансап жолы кеңестік кезеңнің соңына қарай басталды. Алайда суретшіге ресми өнер аясында көрмелерге қатысуға тыйым салынған еді. Сол себепті оған, мәселен, осындай үндеухаттарды ойдан шығаруға тура келетін:

«Балғаны қолға аламыз, төбеге іліп қоямыз. Рұқсаттың керегі жоқ, бар шешімге шыдаймыз!»

Сәуленің шығармашылыққа деген революцияшыл көзқарасы 2015 жылы оны алғашқы пакеттік жобасына әкелді. Сол уақыттан бері оның стандарттарға сай келмейтін көркем суреттерін Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерлерде де жақсы көре бастайды.

Зиянды төмендету

Суретші өзінің бұрыннан келе жатқан жаман әдетімен арасындағы қарым-қатынасында да баламаға ауыса білді.

– Мен темекі шегуді он алты жасымда бастағанмын, бірнеше рет одан бас тартуға тырыстым. Бір жолы, тіпті, сәтті шыққан еді – бір жарым жыл мүлдем темекі тартқан жоқпын. Дегенмен одан кейін қайтадан бастап кеттім.

2017 жылы мен темекіні қыздыруға арналған жүйелерді қолдана бастағанымда, мына шартты ұстанғанмын: қатты қалап тұрсам да, кәдімгі темекіні тартпау керек.

Әуел баста бұл іс өте қиынға соққан еді, алайда қазір менің гаджеттерді пайдаланып жүргеніме бес жарым жылдай болып қалды. Темекіге қайта оралу ұмтылысы мүлдем жоқ, маған, тіпті, иісі де жағымсыз көрінеді. Бір-екі рет қарапайым темекіні тұтатып көріп едім, бірақ одан ешқандай ләззат алмадым.

Жағымды тұстарға келер болсам, дәм қабілеті және иіс сезу түйсіктері бай бола түсті. Дегенмен мүлдем темекі тартпаған кезімде сезім мүшелері әлдеқайда күшті жұмыс істегендігін айта аламын.

Темекі тарту – бұл құтылуға қиын әдеттердің бірі екендігі өкінішті. Ең дұрысы, никотинге деген тәуелділіктен бос болу. Алайда, енді онсыз болмайтын шығар. 

Редакция атынан

Никотинді тұтынудан бас тарта алмайтын немесе қойғысы келмейтін адамдар үшін темекінің зиянын төмендету мақсатында баламалы құрылғыларға ауысу ұсынылады. Бұл темекіні қыздыруға арналған жүйелер және электронды темекі – мұнда темекі жанбайды, ал залалды әсер, кем дегенде, 95% дейін азайтылған.

Леонид Жеребцов, дизайнер

Леонид – ең беделді қазақстандық фэшн-қайраткерлерінің бірі, ал ол ұйымдастыратын шоу – индустрия үшін әрдайым көптен күткен оқиға болып саналады.

Сән апталарының сүйікті дизайнері атағына ие болғанға дейін ол екі жоғары білім алып үлгерген – мейрамхана бизнесіндегі өндіріс меңгерушісі және банк ісі мамандықтары бойынша оқыған. Алайда мобильді операциялар бөліміндегі мансабына жас дизайнерлер байқауына қатысу ұсынысы мен оның финалындағы жеңіс кедергі еткен болатын.

Содан бері Леонид подиумдардағы өзіндік орынға ие болды. Ал оның әйгілі «Өзінше» тізбегінің халық арасында тарағаны соншалық, оның жалған көшірмелері бүкіл ел бойынша базарлардың барлығында пайда бола бастады.

Ымыралы шешім

Көптеген шығармашылық адамдар секілді Леонидке де таңертеңгі дәстүрлі рәсімнен бас тарту қиынға соққан: оянып алып, кофе қайнату және жаңалықтар немесе әлеуметтік желілерді оқи отырып темекі шегу әдеті.

«Темекіні тастау талпыныстары мен үшін сирек болды. Әрине, барлық әрекеттердің күйреуге ұшырағаны түсінікті. Бір кезде темекіні қыздыру жүйелерінің пайда болғаны жақсы болды. Бір күні тамағым ауыра бастап, тек қана гаджетті пайдалана алғанмын, себебі осылайша ғана жөтел және тітіркену сезімі болмады». 

Әлі есімде, электронды темекіден кейін кәдімгісін тартып көріп едім, дәмі мегажиіркенішті болып көрінді.

Дәм ерекшеліктеріне қарамастан, Леонид ымыралы шешімге келді және электронды гаджеттерді дәстүрлі темекімен үйлестіруді жөн көріп отыр.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мен үшін осы екеуін араластыру ыңғайлы болып шықты. Яғни, мен дәстүрлі темекіні де, сол секілді дейвайстарды да ұнатамын. Темекіні қыздыруға арналған жүйелерді көліктің ішінде отырып, не болмаса қонаққа барғанымда пайдаланамын. Яғни, оны қарапайым темекіні тартуға болмайтын жерлерде қолданамын».

Редакция атынан

Электронды құрылғылар – қаупі төмендетілген никотинді тұтынудың тәсілі, әрі күн өткен сайын бұл кеңінен таралып келеді. Мұндай гаджеттер темекі өнімдерін тұтынуды әлдеқайда қауіпсіз етуге мүмкіндік беріп отыр. Зерттеулер көрсеткендей, олар уытты заттардың әсерін және темекі тартуға байланысты аурулардың даму қаупін айтарлықтай төмендете түседі.


Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
2
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз