Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Сіз өзі не шегіп жүрсіз?

Темекінің баламасын табуға бола ма?

Сіз өзі не шегіп жүрсіз?: Темекінің баламасын табуға бола ма?

Аюрведалық шылым, темекіні қыздыру жүйелері және, тіпті, дәрумендік вейптер – адамзат темекі түтінінің зиянын азайтқысы келіп отырғаны сонша, шылымның үздік баламасын іздеп тырысуда. Бұл құрылғылардың не екендігін және олардың денсаулыққа қауіпті төмендетуге көмектесе ме, осыны анықтайық.

(Читайте статью на русском здесь)


Темекіні алмастыру: темекіні қыздыру жүйелері

Соңғы бірнеше онжылдықтар бойы адамзат никотинді жеткізудің баламалы әдістері турасында көбірек ойлана бастады. 1988 жылы нарыққа темекіні қыздыру жүйесі таныстырылып ұсынылған. 2000-шы жылдары жасалған көптеген зерттеулер нәтижесі жану үдерісін болдырмау темекі тартудың зиянын азайту мәселесіндегі басты фактор екендігін көрсетті. Осылайша көптеген өндірушілер қыздырылатын темекісі бар жетілдірілген гаджеттерді ұсына бастады. Сонымен, оның мәні неде?

Дәстүрлі темекінің ұшындағы жану температурасы 1100 градусқа дейін жетеді. Ал пайда болатын және өкпенің тініне еніп кететін түтіннің құрамында мыңдаған залалды химиялық қосылыстар бар, олардың 70-ке жуығы денсаулық үшін қауіпті әрі мұнда радиоактивті компоненттер кездеседі.

Қыздыру жүйелерінде арнайы стиктердің ішіндегі (темекі таяқшаларындағы) темекінің температурасы 350 градусқа дейін жетеді екен. Сондықтан темекі түтіні шылымқұмарға сыйлайтын уытты қоспамен салыстырғанда, бұл жерде адам ағзасы ол қоспаның барлығын душар болмайды. Мәселен, италиялық бір зерттеу көрсеткендей, өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдыққан адамдар түтіні жоқ өнімдерге ауысқан кезде физикалық жүктемені әлдеқайда жеңіл көтереді екен, олардың өмір сапасы да анағұрлым жақсарғаны анықталды. Басқа бір зерттеу нәтижесі кәдімгі темекі түтінімен салыстырғанда аэрозольде зиянды заттектердің бөлінуі 95% дейін төмендетілгендігін көрсетті.

Әлбетте, қыздыру жүйелерін мүлдем қауіпсіз деуге болмайды. Алайда бұл жерде жану үдерісі жоқ болғандықтан, әрі темекі түтініне қарағанда осы құрылғылар шығаратын аэрозолдің құрамында уытты компоненттердің концентрациясы әлдеқайда төмен. Демек, олар темекінің анағұрлым қауіпсіз балама нұсқасы болып саналады.

Вейптер: тағы бір балама нұсқа

Никотинді тұтынудың осы балама көзінің жұмыс қағидасы да жану үдерісінің болмауына негізделеді. Бірақ темекіні қыздыру жүйелерінен ерекшелендіретін басты нәрсе вейптің іші-сырты ингаляторға ұқсас келеді. Мұндағы бу сұйықтықтың қайнау барысында пайда болады, ал оның құрамына глицерин, пропиленгликоль, хош иісті қоспалар және никотин кіреді. Сонымен қатар тексерілген өндірушілердің буландырғыштары да зияны төмендетілген құрылғы ретінде мойындалған. Бұл туралы, мысалы, Англияның денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаментінің жаңа есебінде хабарланған.

Вейптердің әлеуеті тұрғысынан зияны аздау әрекет ету қағидасына қарамастан мыналарға назар аударғаныңыз дұрыс:

  • жүздеген әртүрлі өндірушілердің гаджеттері сертификациядан өтпегені алаңдаушылық туғызады;
  • мұнда қолданылатын көптеген хош иістендіргіштердің адам ағзасына қалай әсер ететіні туралы сенімді зерттеулер жоқ.

Осылай, 2019 жылы күллі әлем «попкорндық ауру» туралы айта бастайды. Канададағы 17 жасар жасөспірімде ауыр респираторлық дерт анықталады. Жігіт хош иісті толтырғыштармен әуестеніп жүретін. Соның нәтижесінде өкпедегі ең кішкентай тыныс алу жолдары бронхиолалар – алдымен қабынып, одан кейін бітеліп қалған. Бұл орын алған жалғыз жағдай емес. 

Сондай-ақ оқу Орама темекіден электронды девайстреге дейін Адамдар қашан шылым шеге бастады және темекі шегу қағидаты қалай өзгерді

Дәруменді электронды темекі – денсаулыққа пайдалы шылым шегу ме?

Алғашқы дәрумендік вейптер осыдан 11 жыл бұрын АҚШ-та пайда болған екен. Сол кезде салауатты өмір салтына деген сән толқынының шарпуы бүкіл әлемге тарайды, сондықтан кез келген зиянды және қауіпті саналатын заттардың балама нұсқаларын шығару көптеген компаниялар үшін нағыз «алтын арқауға» айналады.

Электронды құрылғы өте қарапайым жұмыс істейді – бұл электронды темекі, ал оның ішінде никотиннің орнына дәрумендер болады. Өндірушілердің мәлімдеуінше, ингалятор ішіндегі сұйықтық қыздыру барысында буға айналып, адам ағзасын пайдалы заттектерге қанықтырады. Сонымен бірге электронды темекінің, тіпті, «дәмін» де, нақтырақ айтқанда, құрамы мен ағзаға деген ықпалын да таңдап алуға болады.

L-тианин және кофеині бар темекі – күш-қуатты арттыруға арналған. С D3, С және В12 – иммунитетті нығайту үшін. Логика тұрғысынан ақылғы тіпті қонымсыз «дәрумендік» бомбалар да кездеседі: артық салмақтан арылуға көмектесетін темекі, мастықтың салдарынан құтылуға арналған сигареттер, еркектік қауқар және либидоны да арттыруға арналған темекі.

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді демекші, бұл дәрумендік жиынтықтардың клиникалық зерттеулері жүргізілмеген. Яғни, дәрумендік темекі оның классикалық түріне қарағанда зияны әлдеқайда төмен балама нұсқасы деп сендіру – тек қана өндірушілердің сөздері. Ал құр сөзге ғана сеніп отыруға болмайды. Әсіресе, мәселе денсаулыққа қатысты болған кезде. 

Nirdosh – темекі тартуға арналған дәріханалық жиынтық па?

Шылым шегудің табиғи баламасы деп үнді темекісі – нирдошты атайды. Өндірушілер оны аюрведалық ингалятор деп атап, оның құрамында темекінің, демек, никотиннің де жоқтығын алға тартады. Дәл осы фактор негізгі ықпалға айналып, соның арқасында шөптен жасалған темекілер зияны жоқ балама нұсқалар ретінде жарияланған болатын. 

Өнімді жасап шығарушылардың мәліметінше, ингалятор денсаулыққа зиян келтірмейді, тіпті, оған оң әсер етеді екен, атап айтқанда, тыныс алу жолдары, қан айналым және ас қорыту жүйелерінің жұмысын жақсара түседі. Мәселен, нирдош кекірік, іштің кебуі және іш қатуды жеңілдетеді.

Бір қарағанда нирдоштың құрамы мүлдем зиянсыз көрінеді:

  • қызылмия қақырықты түсіретін және қабынуға қарсы әсерге ие, тамақ ауруы мен ауыз қуысының жағдайын жеңілдетеді;
  • қалампыр бактерияларға қарсы әрекет ету қасиеті бар, иммунитетті нығайтады, қызыл иек пен тамаққа жағымды әсер етеді;
  • райхан тыныс алу жүйесін сауықтырады, қабынуды жояды және бронхит пен пневмония кезіндегі жағдайды жеңілдетеді;
  • сонымен қатар шөптен жасалған темекінің құрамында куркума, үнді зиресі, кардамон, шай ағашының жапырағы бар.

Бұл жердегі бір құйтырқылық неде екен? Егер өзінің дәріханалық жиынтығымен белгілі нирдошты демдесе, не болмаса тамаққа қосатын болса, онда оны пайдалы өнім деуге болар еді. Алайда шөптік темекіні шегу керек. Яғни, жану үдерісі басқа дәстүрлі шылым түрлерінен ерекшеленбейді. «Шипалы» шылым да темекілік аналогтары секілді сол баяғы шайыр мен уытты газды шығаратыны өкінішті. Бұл дегеніміз осындай балама нұсқа тыныс алу жолдарымыз үшін зиянды болып келеді.

Демек, егер сіз мәлімденген «аюрведа даналығына» сүйеніп, кекіріктен құтылуға және іштің кебуін жеңілдетуге бел бусаңыз, әлі де зияны аздау баламаны іздеп көруге тырысқаныңыз абзал. 

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

1
1
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз