Редакция ұсынады

Карр және басқалар

Темекіні тастауға көмектесетін бес кітап

Карр және басқалар: Темекіні тастауға көмектесетін бес кітап

«Шылымды қалай тастауға болады?» сауалына мыңдаған кеңестер сілтемелері, соның ішінде дәрігерлер ұсыныстары, әдебиет те табылады. Жаман әдеттен арылуға септігін тигізетін бес кітапты ұсынамыз.


Әлем бойынша шамамен 780 млн адам темекіні біржолата тастағысы келеді. Ал шын мәнісінде зиянды әдеттен бас тартатындардың санын айту қиынға соғады.

Темекіні бірден тастай алмайтындар үшін мамандар никотинмен арадағы қарым-қатынастың залалдығын бірте-бірте азайтуға кеңес береді. Яғни, никотинді тұтынуда шылым шегудің басты мәселесі – темекі түтінінен ажыратылған әдісіне көшкен абзал. Мысалы, заманауи түтінсіз девайстар, қыздыру жүйелері және электронды темекілер, осылардың барлығы да уытты заттарды 95% дейін төмен шығарады. 

«Кейбір дәрігерлер FDA мақұлдаған дәрілер арқасында шылымнан бас тарта алмаған емделушілеріне шылымды тастаудың амалы ретінде электронды темекіні қарастыруға кеңес береді», – дейді шылымды қою түйткіліне байланысты Стэнфорд ғалымы Томас Глинн.

Кейбір шылымқұмарлар осы құрылғыларды ағзаға деген зиянды төмендету мақсатында ғана емес, сондай-ақ болашақта темекі шегу әдетінен біржолата құтылу үшін қолданады.

Ал егер сіздің жаман әдеттен арылу үшін ынталандыратын теориялық біліміңіз бен тәжірибелік кеңестер жеткіліксіз болса, онда біздер іріктеп алған кітаптарға назар аударыңыз. 

«Темекі шегуді тоқтатудың қарапайым әдісі» Аллен Карр

Бұл кітап 40-қа жуық жылдай никотиндік тәуелділікке қарсы күрес жүргізіп келе жатқандардың өзіндік бір Киелі кітабы іспетті. Бестселлердің авторы бүкіл өмірін адамдарды алуан түрлі тәуелділіктерінен құтқаруға арнайды. Оның библиографиясында 15 еңбек бар, соның 8 кітабы темекі шегуге қарсы күрес тақырыбына арналған.

Аллен Карр хикаясының өзі де өте қарапайым. Ол көп жылдар бойы нағыз шылымқор болған, әрі күніне темекінің бірнеше қорабын тауыса алатын. Әлбетте, еңбек авторы шылымнан бас тарту үшін қаншама рет талпынғанымен, одан ешнәрсе шықпады. Ақырында ол жеке әдістемесін ойлап тауып, соның негізінде кітабын жазып шығады, әрі бұл әдістеме миллиондаған адамның темекі шегуін тоқтатуларына көмектеседі.

Мұнда ешқандай сықирлық, ерік-жігер, қорқытып тастау және айқыл айту жоқ. Шылым тартуға деген зауқыңыз өзінен-өзі ғайып болады.

Каррдың жазуынша, темекіден бас тарту өте оңай. Ол үшін бар болғаны екі нәрсені істеу керек: ешқашан темекі шекпейтінің туралы шешім қабылдау және осының салдарынан күйзеліске ұшырамау.

Тәуелділіктерге қарсы күрес бойынша ұстазды дәріптеп отырмыз деп айыптамауларыңыз үшін осы кітаптың кейбір адамдарға мүлдем көмектеспегенін айта кеткеніміз абзал. Бұл «сиқырлы дәрінің» жоқ екендігін тағы да бір дәлелдейді.

«Аллен Карр не туралы айтпай кетті» Сергей Гончаров

Жоғарыда көрсетілген британдық жазушыға қарағанда, ресейлік Сергей Гончаров өз шығармашылығында тәуелділіктерге маманданбайды. Ол қиял-ғажайып, тылсым, нуар жанрларына жақын анағұрлым классикалық жазушы болып саналады. Гончаровтың библиографиясында, мысалы, «Өле қалшы, Ксюша» және «Қарғыс атқыр әлемнің Адам атасы мен Хауа анасы» атты туындылары бар. Оның қол астынан шыққан екі ғана нон-фикшн кітабының бірі – «Аллен Карр не туралы айтпай кетті» деп аталады.

Гончаров «Темекі шегуді тоқтатудың қарапайым әдісі» еңбегін қайта-қайта оқығанымен, жаман әдетінен біржолата құтыла алмады. Сонда ол жеке хикаясын шерту туралы шешім қабылдайды. Автор өзі секілді жаман әдетке ұрынған аға жолдасының жазған еңбегіне құрметпен қарап, «Аллен Карр болмағанда, темекіні ары қарай тартуды жалғастырып, қинала беретін едім» деп мойындайды. Алайда... Орыстың жұмбақ жаны үшін тұманды Темза жағалауындағы сарапшының дәлелдері аздық етіп, ол жауапты өзі іздеп бастайды. 

«Мен шылым тартудың небәрі әрбір кезекті темекіден туындайтын тәуелділік екендігін анық әрі жақсы ұғындым. Мен шыбын секілді саррацения өсімдігінің ортасында малтығып қалғандаймын. Санамды бұрмалап тастады», – деп жазды Гончаров.

Кей жерлерде қастандық теориясымен шендесіп жатқан ізденістерінде Сергей өз ақиқатына жетеді, мүмкін, мистер Карр көмектесе алмаған жандарға осы шындығының пайдасы тиіп қалар. 

«Кім ойлаған еді! Миымыз ақымақтық жасауға қалай мәжбүрлейді» Ася Казанцева

Ася Казанцева – ғылыми журналист, үш ғылыми-көпшілік кітаптың авторы, оның біреуі темекіден бас тартқысы келетіндер үшін пайдалы болмақ.

Кітап «биологиялық қақпандарға» арналады. Дәл осы «қақпандар» көбінесе мінез-құлығымызға әсер етіп, белгілі бір оқиғаларға деген реакциямызды белгілеп, зиянды әдеттерге берілуге итермелейді.

Казанцева кітаптың екінші тарауында адамның неліктен темекіні қолына алып, сол әдетке тәуелді болатыны мен шылымнан бас тарта алмауының себептері туралы генетика, химия және биология тұрғысынан әңгімелейді.  

«Темекіге қарсы жүргізіліп жатқан жалпы үгіт-насихат тәуелділіктің күшін жете бағаламауда, – біріншіден, өйткені бұл мәтіндердің барлығын көбінесе шылым шекпейтіндер жазады, екіншіден, тәуелділік күші туралы жазудың өзі дұрыс емес секілді – бұл шылымқұмарлардың рухын түсіріп алса, онда олар темекіні тастау ойынан мүлдем бас тартуы әбден мүмкін», – деп жазады Казанцева, автордың өзінде де никотиндік кіріптарлыққа қарсы ұзақ уақыт бойғы және сәтсіз күресінің тарихы бар.

Казанцеваның кітап жазудағы дебютін ғылыми көзқарастан бөлек, қарапайым, үркітусіз және әдепке үйретусіз-ақ берілген, түсінікті баяндау тілі ерекшелендіреді. 

«Өлгеніңше темекі шек!» Наталья Грэйс

Кітаптың авторы – психолог және жазушы – өз алдына келесі мақсатты қояды: оның оқырманы темекі шегуін тоқтатып қана қоймай, шылымнан бас тартуды шынайы қалап тұруы керек. 

Мәселен, рецензиялаушылар кітап туралы былай дейді: бұл «қалыпты жолдан шығарып тастап, көп нәрсе жайлы ойландыратын» үлкен нағыз журналистік тергеу.

Наталья Грэйс бұл кітап шылымқорларды ашуландырып, кітаптың жаман, ал олардың өздері жақсы деп ойлайтындарына сенімді. Автордың пікірінше, шылым тарту – дамудың тежеуіші және құлдыраудың белгісі. «Өлгеніңше темекі шек!» кітабы қатал әдістерді жақтайтын жандардың көңілінен шығуы да мүмкін.

«Темекіні таста! СЖӨС жүйесі бойынша өзін-өзі кодтау» Владимир Звягин

Владимир Звягин – сонау кеңестік «тәртіптің» адамы, біршама танымал тәжірибелі психотерапевт әрі гипнолог. Ол тәуелділік туралы бірнеше кітаптың авторы. «Өзіміздің адамдарымыз» үшін түсінікті және қарапайым тілмен жазады.

Осы кітапта ұзын-сонар ғылыми түсініктемелер, зерттеулер немесе сарапшылардың пікірлері жоқ. Алайда тәжірибелік жаттығулар, өзін-өзі сендіру, дәстүрлі емес емдеу әдістері және сумен емдеу бойынша нұсқаулықтар бар. 

Оның жүйесі бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін осындай әдістерге сену керек шығар. Бірақ сенімді қажет етпейтін сала бар ма өзі?

Сонымен қатар автор өзіңіз үшін ең үздік гипнозшыға айналатыныңызға уәде береді. Ол СЖӨС – Саналы Жанама Өзін-өзі Сендіру жүйесін әзірлеп, әрі патенттеп қойған. Бұл жүйе никотиндік тәуелділіктен арылуға ғана емес, сондай-ақ тән мен жан арасындағы үйлесімділікті табуға көмектеседі. Дәл осыны баршаңызға тілейміз.

 

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
2
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз