Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Сына сынамен шықпайды

Тамақ ауырса, темекі шегуге бола ма?

Сына сынамен шықпайды: Тамақ ауырса, темекі шегуге бола ма?

Ыстық түтін ауыздағы бүкіл бактерияларды жоя алады деген шын сөз бе? Немесе ментолы бар сигареттер тамақ ауруын басады деген рас па? Суық тиген уақытта шылым тартуға қатысты мифтер мен фактілерді саралайық. Және тосын пайдалы қасиеті қайда жатқанын анықтап алайық. 


Короновирус пандемиясы бүкіл әлемді жайлап алғанына қарамастан, бұрыннан өзімізге таныс ЖРВИ, ЖРА, тонзиллиттер мен фарингиттер де ұмыт қалған жоқ. Вирустық инфекциялармен біз жылына бірнеше рет ауырамыз және, әдетте, кемінде 7-10 күн емделеміз. Темекі шегуші үшін мұндай мерзімді шылымсыз өткізу аса ауыр екені түсінікті жайт. Содан қолы жөтел дәрісіне ғана емес, темекіге де ұмтылады да отырады. 

Негізгі зиян неден

Мәселенің түбіне үңілмес бұрын, негізгі ұғымдарға тоқтала кетейік: темекі шегушінің өкпесі мен тамағына нұқсан келтіретін никотин емес, ең зияндысы – темекі түтіні. Темекіден жанғанда бөлініп шығатын канцерогендер, шайырлар және иісті газ тыныс алу органдарына және басқа мүшелерге де қатты соққы жасайды. Бұл соққыны сәл болса да жұмсарту үшін, сарапшылар кем дегенде жану процесін болдырмауды ұсынады.

Никотиннің балама көздерінде, мәсалға, темекіні қыздыру жүйелерінің аэрозолінде темекі түтінімен салыстырғанда зиянды заттардың үлесі 95%-ға дейінгі мөлшерде кем. Мұндай тәсіл толығымен зиянсыз деп айта алмаймыз, дегенмен ол күрделі сырқаттардың пайда болу қаупін айтарлықтай төмендетуге және, әсіресе тамақ ауырғанда, темекіден болатын ауыр әсерді жоюға мүмкіндік береді.

Ментолы бар сигарет түтіні

Ауырып жүріп темекіні тартқан кезімізде, тыныс алу органдары ауыр жағдайға ұшырайды. Түтінді ішке тартқан кезде канцерогенді қосылыстар тыныс алу жолдарының шырышты қабығына барып шөгеді. Бұған қоса, тамақ қызарып, айналасындағы тіндер ісініп тұрғанда, түтіннен болатын қосымша тітіркену сауығуға жәрдемдеспейтіні сөзсіз.

Сондай-ақ оқу Темекі шегуші адам Темекі тұтыну мәселесіне қатысты үш көзқарас

Кейбір пабликтарда «білгіш» сарапшылар ментолы бар сигареттерді шегуге кеңес береді, мұндай сиггареттер ауруды жеңуге септігін тигізеді деп түсіндіреді. Бұл өте қауіпті кеңес. Ментол көмейдің шырышты қабығына сіңіп, дем алу жеңілдегендей, жазылып шыққандай жалған сезім тудырады. Алайда бұл тек уақытша анальгетик: дерттің өрбуі күшейіп, емделу мерзімі ұлғаюы мүмкін.

Шайқастағы алғашқы құрбан – иммунитет

Көп жағдайда суық тиюдің бірінші белгілері байқалғанда біз дәрігерге жүгінуге асықпаймыз, өз-өзімізге ЖРВИ, ЖРА немесе «ангина» деп диагноз қоямыз. Осындай сәтте ағзамыз әлсіз күйге түседі, және де иммундық жүйе бірінші болып зардап шегеді.

Ағзамызға оңай болмай тұрғанда, есесіне шылым тартсаңыз, темекі түтінінде болатын шайырлар мен канцерогендердің әсерінен қорғаныс функциялары әлсіз күйге түседі. Иммундық жүйе бірінші кезекте немен күресу керек екенін білмей, «абыржып» қалады. 

Қызарған темірмен ізін қалдырмай өртеп жіберу ше?

Сырқат қоздырғыштарын ыстық түтінмен жеңу жөнінде не айтамыз? Жоғары температураның ықпалынан шынымен бактериялардың басым бөлігі жойылады. Бірақ үстел беті немесе үтіктеу кезінде киім турасында айтылса, мұндай шара тиімді болмақ. Бірақ мұның ауыз немесе тамаққа қатысы жоқ.

Анығы сол, ыстық түтін – қандай болмасын дертті емдеу үшін нашар тәсіл. Бұл ретте табатыныңыз: сары тістер және тіпті пародонтит болуы мүмкін – жоғары температураға байланысты темекі жанғанда пайда болатын өнімдер эмальдің ұсақ жарықшақтарына және жұмсақ тіндерге оңай өтеді. Жалпы алғанда темекі түтіні ауыз қуысына қалай әсер ететіні жөнінде біз жеке шолу жасап, жазғанымыз бар. 

Бадамшалардың қабынуы: тонзиллит кезінде темекі шегу несімен қауіпті?

Ұмытпаған жөн, тамақтың ауырсынуы және жыбырлауы – жай ғана суық тию емес. Бұл жоғарғы тыныс алу жолдары инфекциясының, мысалы, бадамшалар қабынуының – жіті тонзиллиттің (ангина) белгісі болуы мүмкін. Бұл жағдайда темекі шегу жай ғана зиянды емес, ол сырқатты созылмалы жағдайға жеткізуі мүмкін.

Емделу уақытында адам темекі шегуді жалғастырса, жағдай өзгеріске ұшырайды, медициналық дәрі-дәрмектердің әсері қандай болатынын болжамдау да қиынға соғады. Сондықтан ангинадан кейін күрделі асқынулардың туындауы әбден мүмкін, ал мұндай асқынулардың ең ауыры – миокардит, жүрек бұлшықетінің қабынған зақымдануы. 

Сырқатқа «алғыс» айтамыз ба?

Қиын жағдайға тап болғанда ауырсынуды сезініп жүрген адам симптомдарды жеңілдету үшін көп нәрсеге дайын. Кейбір адамдар ағза инфекцияны жеңгенше 10-15 күн темекіден бас тартуға дайын. Осындай мәжбүрлі үзілісті психотерапевттер темекіні тастау үшін ең ыңғайлы уақыт деп есептейді.

Осылайша, егер сіз темекі шегуші болсаңыз, және тәуелділіктен арылуға қадам жасай алмай жүрсеңіз, бәлкім, кезекті суық тию дертіне «алғыс» білдіретін кез келген шығар – бәлкім, жаман әдетті еңсеретін сәт осы шығар. Не болмаса жоқ дегенде, жоғарыда аталған тәсілдерді қолданып, зиянды әсерді азайтуға әрқашан мүмкіндік бар.

 

Аударған Алмас Өтебай

Понравилась ли вам статья?

7
2
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз