Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Тері және темекі тарту

Жаман әдет адам денесінің ең үлкен органына қалай әсер етеді және онымен не істеуге болады

Тері және темекі тарту: Жаман әдет адам денесінің ең үлкен органына қалай әсер етеді және онымен не істеуге болады

Шылымды ішке тартқан сайын бейқам тіршілік етуге қажетті оттегінің орнына тері күркіреуік химиялық коктейльге ие болады – бұл темекінің жану өнімі – құрамында тағы аммиак, көгерткіш қышқылы, формальдегид, күшән кездеседі. Зиянды азайту және әдемі теріні сақтап қалу, яғни, өңіміздің шырайы кетпеуінің жолын анықтайық.


Бірінші кеңес – темекіні тастаңыз. Егер өз бетімен шылымнан бас тарта алмасаңыз, онда никотиннің орнын басатын терапияның ең оңтайлы нұсқасын ұсынатын немесе балама өнімдер бойынша кеңес бере алатын маманның көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Мысал келтірсек, темекі жанатын емес, темекіні қыздыратын (температурасы 250-350 градусқа дейін) жүйелер. Не болмаса, темекі түтінінің әсерін болдырмайтын электронды темекі. 

Темекі түтінінің теріге деген зияны неде?

Шырайлы, тегіс және жарқын жүзді терінің басты «құрылыс кірпіштері» – бұл коллаген және эластин молекулалары болып саналады. Ал олардың бұзылуына темекі түтінінің құрамындағы улы заттар белсенді ықпал етеді. Осының салдарынан тері өзін жайсыз «сезінеді» десек те болады.

Тері өзінің серпімділік және эластикалық қасиеттерін жоғалтады. Пигменттік дақтар мен тамырлы тор көріне бастайды. Ұсақ тесіктер бітеліп қалады. Комендондар – кішкентай бұдырмақтар пайда болады, олар май бездерінің өзегі бітелген кезде теріні «безендіріп» тұрады. Тері жұқарады, реңі сарғаяды, құрғап, кеуіп кетеді де, түлеп түседі. Ал оттегі және теріні нәрлендіретін заттектердің жетіспеушілігі әжімдердің уақытынан бұрын пайда болуына әкеліп соқтырады.

Бұл деректі мамандар сонау XIX ғасырдың өзінде-ақ келтірген болатын. Ал өткен ғасырдың орта шенінде дәрігерлер, тіпті, «шылымқордың беті» немесе «темекілік тері» терминдерін енгізген екен. 

«Темекілік теріге» қандай күтім керек

Түсінікті себептермен және баршамызға белгілі болып отырғандай, салауатты өмір салтын ұстанатын адамның сыртқы келбетімен салыстырғанда шылымқұмардың терісі әлдеқайда көп күш жұмсау мен ақша салуды қажет етеді. Дегенмен жақсы жаңалық та жоқ емес, бұл жерде айнадағы мұңайған бейнеден құтылуға дұрыс күтім жасау мен косметика көмектесе алады. 

Сондай-ақ оқу Жаңа ғажап әлем Темекіні тастаған кезде не болады?

Ең әуелі, эпидермиске тезірек қалпына келуге септесу үшін қарапайым ережелер мен процедураларды тәжірибе жүзінде қолданған жөн:

  • салқын су, көк шай немесе цитрустар шырыны араластырылған минералды сумен жуыну;
  • уқалау және пилинг, балғын ингредиенттерден жасалған табиғи маскалар мен скрабтарды пайдаланған абзал;
  • дәрумендер мен минералдарға бай жаңа піскен жемістер мен көкөністерге баса назар аудара отырып, үйлестірілген тамақтануды қолдану;
  • су ішу тәртібін сақтау, суды тамаққа дейін жарты сағат бұрын және тамақтан кейін екі-үш сағаттан соң тұтынған маңызды;
  • физикалық белсенділік, ал таза ауадағы жаттығулар темекі шегудің нәтижесінде ағзада жиналған токсиндердің сыртқа шығарылуына жақсырақ көмектеседі.

Теріні міндетті түрде үнемі тазартып тұру керек және оған күтім жасау барысында құрамында тамырларды нығайтатын компоненттері және антиоксиданттардың жоғары концентрациясы бар құралдарды қолдану қажет. Заттаңбалардан ниацинамид және В3 дәруменінің басқа да түрлері, қызыл жүзімнің сығындысы, көк шай, атбас талшыны, алоэ вера, қаражидек жапырақтары мен жемісі, сондай-ақ азиялық центелла көрсетілген жазуларды іздеңіздер.

Бастысы туралы

Темекі шегуге байланысты терінің эстетикалық түйткілдері, – бұл мәселенің жартысы ғана деуге болады. Шылым тарту әдетінің әуесқойлары терінің қатерлі ісігінің бір түрі – жазық жасушалы карциномаға тап болуы мүмкін, сонымен қатар псориаз секілді терінің созылмалы қабынба аурулары да болуы ықтимал. Әлбетте, осы жердегі мәселені ақ халатты абзал жандардың көмегінсіз шешуге болмас. Бұл туралы қораптан әрбір кезекті темекіні алғыңыз келген сайын еске түсіргеніңіз жөн.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз