Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Еліктіріп әкететін никотин

Темекіні тастай алмай жүрсеңіз, одан келер зиянды азайтуға көмектесетін 5 әдісті ұсынамыз

Еліктіріп әкететін никотин: Темекіні тастай алмай жүрсеңіз, одан келер зиянды азайтуға көмектесетін 5 әдісті ұсынамыз

Темекі тарту – бүтіндей бір әлеуметтік салт-жоралар жүйесі.



Шылым көңіл жайландырады. Шылым бейтаныс адамды сөзге тартып, таныстық орнатуға мүмкіндік береді. Басқа жағдайда онымен мүлдем сөйлеспеуіңіз де мүмкін, ал арнайы темекі тартатын орында мұның еш әбестігі жоқтай көрінеді. Балаңыз мектепте үш алып қалды ма, онда мұғалімге жолығардан бұрын ашуды басу үшін, сәтті келіссөзден кейін, кешкі ас алдында тағы бір темекіні езуіңізге қыстырасыз. Темекі тарту ұнайды, әрі бұл әрекетте тұрақтылық бар.

Ондай болса, мынадай жағымсыз дерекке мән беріңіз: құрамында 7000 зиянды зат бар темекі түтінінде адам ағзазында қатерлі ісік, белсіздік, ерте қартаю, тағысын тағы  түрлі ауру тудыратын зиянды 69 канцероген, шайыр бар.

 

Бұл әдеттен арылу оңай емес әрі шындығын айту керек, шылымды бір дегеннен тастаған адам жоқтың қасы. Тіпті ұзақ уақыт бойы темекіге қарсы күрестің басты тәсілі болып келген никотинді алмастыру терапиясы да ниет білдіргендердің 10%-на ғана көмектеседі.

 

Мұндай жағдайда қайтпек керек? Темекінің кесірінен жастай (әрі әрсіз-дәрменсіз күйде)  қайтыс болу жоспарда болмаса, қандай амал бар?

Бірінші кезекте тыйым салудың темекі зиянын азайту мәселесінде көмектеспейтінін айтқан жөн: оданша бұл істі шетінен бастаған дұрыс: өзіңізге ыңғайлы жоспар құрып, әдетті  біртіндеп өзгертіңіз.  Бұл үш ай бойы шылымсыз,  бастың ауырғанына шыдап, қиналып жүргеннен және бір сәтте бастап кетіп, күніне бір қораптан темекі шегуге оралғаннан әлдеқайда артық.

Осы орайда айта кететін өкпенің қатерлі ісігі және басқа және басқа «шылымқор адам» ауруларына шалдығу қатерін азайтуға мүмкіндік беретін 5 қарапайым ереже бар. 


1. Таңғы темекіден бас тарту

Иә, таңертең темекі тарту – ең сүйікті әрі маңызды істің бірі. Алайда ең қауіпті де осы.

Оянып салып, темекі шегетін адамдарда қатерлі ісіктің пайда болу ықтималдығы ұйқыдан тұрған соң бір сағат өте шылым шегетіндерге қарағанда әлдеқайда жоғары екен. Пенсильвания штатының Медицина колледжі ғалымдары жүргізген ғылыми сынақ ояна салып темекі шегетін адамның онсыз да қатерлі ісік даму қауіпі жоғары ағзасында, ұйқыдан соң бір сағат шекпейтіндерге қарағанда екі есе артады.


Таңертең ағза толық оянып үлгермейді,  асқазан әлі жұмысын бастаған жоқ, өкпе де кеңінен демалуға көше қоймады, ал біз мұның үстіне апарып улы түтінді тықпалаймыз.


2. Никотин қабылдаудың балама жолдарына көшу

Әңгіме түтін шығармайтын баламалар, яғни вейп және темекіні қыздыру жүйесі секілді электронды темекілер жайында.

Темекіні қыздырудың электронды жүйесі зиянсыздау болуы мүмкін бе?

Ғалымдардың айтуынша, мұндай құралдар кәдімгі шылымға қарағанда, зиянды заттарды  95%-ға аз шығарады екен. Жалпы, темекіден келетін зиян негізінен жану кезінде шығатын түтіннен пайда болады. Түтін – жанғанда бөлінетін заттардың бөлігі және улы газдар. Шегілген бір темекіден ағзаға 7000 зиянды зат түседі, оның 69 улы және алуан түрлі ауру тудырады. Бұл түсінікті де, себебі кәдімгі шылымның құрамынан, мысалы, күшәлә, аммиак, тіпті қорғасын бөлшектерін табуға болады.

Ал темекіні қыздыру жүйесінен түтін шықпайды, себебі мұнда жану процесі мүлдем жоқ. (сіздің көретіңіз аэрозоль немесе кішкентай бөлшектерден тұратын «бу»). Демек мұндай құралдардың басты ерекшелігі  -жану процесінде, бұл ғойтым өзгеше физикалық, химиялық және биологиялық әсер етеді.

Ал  вейпте никотин ағзаға глицерин және дәмдеуіш қоспаларымен бірге сұйық түрде түседі. Глицериннің әсері әзірге толыққанды зерттелмеген, әйтсе де оның зияны жанып тұрған темекіге қарағанда, азырақ екені туралы мәліметтер бар.


3. Темекіні аш қарынға тартпау

Аш жүргенде темекі тартпауға тырысыңыз.

Мұның себебі сілекейде еріген никотин асқазанға түскен соң оның шырышты қабатын тітіркендіреді, сәйкесінше асқазан сөлінің көптеп бөлінуіне және қышқылдықтың артуына әсер етеді де гастриттің, ойық жараның, колиттің, іштің қатуына әкеп соғады.

Қорытатын тамақ болмаса, бөлінген сөл асқазан мен ішектің шырышты қабатын бүлдіре бастайды, яғни аш жүріп темекі тартқан кезде біз осы өз-өзін жою бағдарламасын іске қосамыз. Бұдан асқазан мен ашішектің ойық жарасы пайда болуы мүмкін.

4. Темекіні сирету немесе белгілі бір уақыттағы темекіден бас тарту

Зиянды азайтудың тағы бір әдісі – таңғы, кешкі немесе түскі темекіден бас тарту. Яғни қанша жерден қалап тұрсаңыз да белгілі бір уақытта шегілетін шылымды қоясыз..

Бұл темекіні мүлдем тастағысы келмейтін адамдарға одан келер зардапды кеміту және жаман әдеттен біртіндеп айығу үшін осы ұсынылатын тәсіл.

Қай жағынан алып қарасаңыз да, шылым шегудің пайдасы жоқ, алайда бұл әдіс ағзаға түсетін жүктемені аз да болса азайтуға көмектеседі.  


5. Жүгіруді бастау және таза ауада серуендеу

Саябақта жылдам жүріп серуендеу өкпедегі газ айналымын жақсартуға көмектеседі, осының арқасында өкпенің созылмалы обструктивті ауруын тудыруы мүмкін улы заттардың көпшілігі сыртқа шығып кетеді. Жәймен жүгіріп отыру да осы жолда жәрдемдесе алады.

Бұл ретте күнделікті жаттығудың тұрақты түрде темекі тартудан пайда болатын зиянды жоя алмайтынын айта кеткен жөн.

Сондықтан залдағы таңғы воркаутыңыз жаттығу аяқталған соң фитнес-орталықтың сыртында тұрып темекі тартуға құқық бермейді. 1989 жылы АҚШ дәрігері Кеннет Купер «Холестерин деңгейін бақылауда ұстау» атты кітабында мынадай зерттеу нәтижелерін алға тартады: аптасына бес күн, күніне 20 минут спортпен айналысатын және шылым шекпейтін сынаққа қатысушылардың қанындағы «жақсы» холестерин деңгейі айтарлықтай артқан, ал уақытын дәл осылай өткізген темекіқұмарлардың ағзасында бұл көрсеткіш еш өзгеріссіз қала берген.

Ескі консервативті көзқарас бүгінгі күні жарамсыз болып қалды. Зияны төмендеу баламаны ұсынып отырып, біз өмір сапасын арттырамыз және әр адамның таңдау құқығын құрметтейміз.

Сіз де осы қағидатты ұстана отырып, темекі тартумен байланысы аз және түтіннен пайда болатын зиянды азайтатын жаңа әдет-дағдылар қалыптастыра аласыз. 

Понравилась ли вам статья?

1
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз