Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Ішінде не бар?

Темекіні қыздыру жүйелері мен электронды құрылғылардың ішкі құрылысы туралы

Ішінде не бар?: Темекіні қыздыру жүйелері мен электронды құрылғылардың ішкі құрылысы туралы

Шылымды тастамаймын, бірақ денемнің саулығын қалаймын. Көптеген шылымқорлардың зияны әлдеқайда аздау темекі баламаларына өту ниеті дәл осындай сөздерден басталады. Бүгін ең танымал нұсқаларын – темекіні қыздыру жүйесі мен электронды құрылғы екеуін қарастырып, олардың не екенін түсінеміз.

(Читайте статью на русском здесь)


Әуелі анықтап алайық, жоқ, дұрысы – тағы бір естеріңізге салып өтейік: неліктен бүгінгі таңда никотинді жеткізетін электронды жүйелердің шылымқұмарлар денсаулығы үшін зияны әлдеқайда төмен деп мойындалып отыр.

Ғалымдардың дәлелінше, шылым шегу тәуелділігінің биологиялық факторы никотин болса, залалдың басты көзі – темекі түтіні, ал оны өте жоғары температурада жанып тұратын шылым шығарады. Түтін – бұл күрделі химиялық қоспа, оның құрамы 4 мыңнан 7 мыңға дейінгі химиялық қосылыстардан тұрады. Олардың ішіне қоздырғыштар, қабыну агенттері, канцерогендер және басқа да уландырғыш заттектер және қосылыстар кіреді.

Темекінің жануы – шылымқорлардың таңертеңгі жөтелі, ауыз қуысындағы жағымсыз иіс пен дәм, тіс тасы және көптеген аурулардың, соның ішінде онкологиялық дерттерге дейін әкелудің себебі дәл осында жатыр.

Никотинді жеткізудің электронды жүйелерінде залалды жану үдерісі мүлдем жоқ. Яғни, бұл өнімдер түтінсіз келеді, денсаулық үшін тәукелдердің барлығын жоққа шығармаса да, бүгінгі күні шылымды тұтатуды жақсы көретіндер үшін неғұрлым қауіпсіз балама ретінде танылып отыр. 

Темекі қыздыру жүйелері қалай жұмыс істейді?

Бұл жерде темекі қыздыру құрылғыларының басты айырмашылығы – технология болып табылады, оның арқасында темекі температураның қауіпсіз көрсеткіші, яғни, 350°C дейін ғана қыздырылады. Бұл температура құрылғының темекі аэрозолін буландыра бастауы үшін жеткілікті, алайда темекіні жағу үшін жеткіліксіз.

Мұндай құрылғылардың жұмыс қағидаты қарапайым. Құрылғының ішіне арнайы стик салынады, ал сол жерде қыздыру элементі орналасқан. Пайдаланушы «старт» батырмасын басады да, осылайша пайдалану сеансы басталады.

Стиктердің құрамы қандай?

Олардың іші пропиленгликольмен сіңдірілген кептірілген темекіге лық толы. Дәл осы зат шылымқұмардың никотинге деген физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шылым шегудің басқа дәстүрлі әдістеріне қарағанда жану үдерісінің жоқтығына байланысты қыздырылатын стиктер уландырғыш заттарды 90-95% дейін аз шығарады. Осыны бірқатар ғылыми зерттеу де растап отыр.  

Сондай-ақ оқу Қуат берсін «Балама темекі» отырып қалса, не істеу керек?

Сеанс барысында түтін емес, темекі буы пайда болады, оның денсаулық үшін зияны әлдеқайда төмен, әрі ол жылдамырақ сейіледі және ащы иісі де аздау болады. Дегенмен шылымқұмар үшін үйреншікті әрекеттер толықтай сақталады: темекіні ішке тартты, дем шығарды, никотин үлесін алды да, тағы қайталады. 

Электронды темекінің құрылысы қандай?

Енді электронды темекі, яғни, бу генераторлары, вапорайзерлер немесе вейптер деп те аталатын құрылғылар туралы сөз қозғасақ, олардың темекіні қыздыру жүйелерінен басты айырмашылығы – мұнда темекінің өзі емес, хош иістендірілген, құрамында никотині бар сұйықтық қолданылады.

Осындай құрылғылардың көбісі негізгі үш бөліктен құралады: аккумулятор, картридж және атомайзер. Картридж – бұл темекі сұйықтығы орналасқан бак немесе патрон, ал атомайзер – буды бөлетін құрылғы. Олар да түтінсіз келеді және шылым шегудің кәдімгі үдерісіне ұқсайды.

Бірқатар жағымды сипаттамаларына қарамастан, вейптердің басты қаупі олардың бақылаусыз жүргізіліп отырған өндірісінде жатыр. Соның ішінде оларға құйылатын сұйықтықтардың құрамы ерекше назар аударуды қажет етеді. Өндірушілердің бірқатары алуан түрлі хош иістендіргіштермен әуестенеді, ал олардың әсері күні бүгінге дейін анық зерттелмеген. Сондай-ақ көптеген құрылғылар сертификаттаусыз сатылып жатыр. Жасанды көшірмелерге де жиі тап болуыңыз мүмкін. 

Есте сақтауды қажет ететін жайттар

Кез келген есті адам екі нәрсе туралы ұмытпағаны абзал. Біріншісі, никотинді тұтынудың ешбір әдісі толықтай қауіпсіз болуы мүмкін емес. Екінші тұсы, егер сіз кәдімгі темекіні шексеңіздер, онкологиялық дерт немесе жүрек-қантамыр жүйесі ауруының пайда болу ықтималдығы өте жоғары деңгейде сақталып отырады.

Ал электронды темекіге келер болсақ, мұндағы жағдай мүлдем басқа. Дәстүрлі шылыммен салыстырғанда, бұл жерде денсаулыққа ықпал ететін зиянның тәуекелі әлдеқайда төмен. Әрине, бұл құрылғылар тек қана ресми өнім болуы тиіс.

Сондықтан, егер де темекіден бас тарта алмасаңыз, онда әлеуетті тәукелі неғұрлым төмен нұсқаны таңдағаныңыз жөн. Ол үшін бар болғаны тақырыпқа байланысты зерттеулерді зерделеп, «ниЖевред» материалдарын оқу керек.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

3
0
2

Тақырып бойынша тағы оқыңыз