Редакция ұсынады

Абайлаңыз, ыс тимесін!

Темекі түтініндегі ыс газынан келер қауіпті неге жете түсіне бермейміз?

Абайлаңыз, ыс тимесін!: Темекі түтініндегі ыс газынан келер қауіпті неге жете түсіне бермейміз?

Ыс газы (СО) – темекі түтінінің басты компоненттерінің бірі және адам үшін аса қауіпті у. Шылымқорға не істемек керек? 


Ең сенімді жол – зиян әдеттен мүлдем бас тарту. Ал бұл қолдан келмесе, темекі тартудың қаупі аздау тәсіліне жүгінуге болады. Мысалы, никотин тұтынудың түтінсіз жүйелеріне өту мүмкіндігі бар: мұнда ағзаға түсетін қауіпті заттардың басты көзі – жану процесі мүлдем жоқ. 

Бұл қандай газ?

Ыс газы – жану кезінде бөлінетін, көміртегі мен оттегінің қоспасынан тұратын дүние. Оның түсі де, дәмі де, исі де жоқ. Ыс газын жұтқан адамның ағзасында оттегі жетіспейді. Мәселен, өрттің ортасында қалған немесе көліктің газын жұтқан адамдарға ыс тиюі мүмкін. Ал шылымқор өзін мақсатты түрде улайды, ол аз десеңіз, темекі тартқанда жанында тұрған адамдар да зардап шегеді.

Темекі түтінімен бірге адамның ағзасына түсетін СО (шылымқор үшін де, қасындағы жан үшін де) өкпе арқылы қанға өтеді. Мұнда ол гемоглобин ақуызымен бірігеді және мұны оттегіне қарағанда жылдам әрі 200-300 есе мықтырақ жасайды. Салдарынан гемоглобин оттегін қосып алып, тарату қабілетінен айрылады. Басқаша айтқанда, қанымыз «тыныс алудан» қалады. Ақыры ағза оттегі жетіспей, әбден ашығады. 

Ыс газының жасуша дем алуына бөгет бола алатынын алғаш рет француз физиологы және дәрігері Клод Бернар 1857 жылы байқаған болатын.

Ми мен жүрек соққы алады

СО жұтқаннан бірінші кезекте ми зардап шегеді. Бірақ жалғыз ол емес. Оттегі жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін ағза эритроциттер (қызыл қан түйіршіктері) бөлуді ұлғайтады, нәтижесінде қан қоюланады, яғни жүрек пен жалпы қан тамыры жүйесіне түсетін салмақ артады. Шылымқорлар арасында инфаркт пен инсульттің жиі кездесетінің бір себебі – осы.

Бұдан бөлек ыс газы жүйке жүйесі жұмысын бұзып, жүйке жасушаларының өлуіне алып келеді. Бұлшық еттің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет болады. Осының кесірінен шылымқор, мысалы, аз уақыт ішінде үлкен қашықты жүгіріп өте алмайды.

Бұл аталғандар – ыс газынан келетін зардаптың бір бөлігі ғана. Шын мәнінде гипоксиядан (оттегі жетіспеушілігінен) адам ағзаның барлық мүшесі бірдей қиналады. 

Байқамай да қаласыз

Ыс газын «мылқау немесе үнсіз адам өлтіргіш» деп жиі атап жатады. Себебі оның улы әсерін жылдам және төмен концентрацияда байқауға болады. Ауада СО көлемі тым аз болса да (0,08%-дан артық емес), адам тұншығ)уы, бас ауруы мүмкін.

Жанып тұрған темекіде бұл көрсеткіш әлбетте төмен. Алайда СО-нің ағзаға жылдам кіретінін, бірақ шығуға «асықпайтынын» ескеру керек. Қанға түскен «мылқау жаналғыштың» ең болмаса 50%-нан құтылу үшін шылымқорға сегіз сағат керек. Ал бұл тұрақты темекі тартатын адамның тұрақты түрде тәнін улап отыратын, денсаулығын аз-аздан, бірақ толыққанды құртатынын білдіреді. 

Күйдірмейді, бірақ жылытады

Кәдімгі шылымнан келетін қауіптің көлемін қанша жерден біліп тұрсақ та, оны қойып кетуге не ниетіміз жоқ, не шамамыз жетпейді. Алайда ол үшін зіркілдеп ұрсып, зиян әдетті таста да таста деп жерден алып, жерге салғымыз келмейді. Себебі бұл талай айтылып, жауыр болған, оның үстіне, еш нәтиже де бермейді. Тек саналы шылымқорлардың, мысалы, бұл әдеттен бас тарта алмайтынын нақты білетіндердің никотин қабылдаудың ыңғайлы әрі қауіпсіз жолдарын қарастыратынын, осылайша шоқ пен түтіннен құтылып, ағзаға келер зардапты азайтуға ұмтылатынын айта кетейік. 

Сондай-ақ оқу Орама темекіден электронды девайстреге дейін Адамдар қашан шылым шеге бастады және темекі шегу қағидаты қалай өзгерді

Бір кездері кәдімгі шылымға балама ретінде никотин пластрлері, назалды спрейлер, сағыз, тіпті шайнауға болатын темекі қарастырылған еді. Ал қазір саулыққа төнген қатерді азайтуға электронды темекілер мен темекіні қыздыру жүйелері көмектесе алады. Мысалы, қыздыру жүйелеріндегі темекі таяқшасы (стик деп те атайды) салыстырмалы түрде төмен температураға, яғни Цельсий бойынша 350 градусқа дейін қыздырылады. Ал кәдімгі шылымның шоғы 900-1100 градусқа дейін баруы мүмкін. Осындай айырмашылықтың арқасында қыздыру жүйесінде құрамында никотині бар аэрозоль бөлінеді.

Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, бөлінетін бұл аэрозольдің құрамындағы зиянды заттар көлемі кәдімгі шылыммен салыстырғанда 95%-ға аз кездеседі екен. Ал ыс газы көлемі кәдімгі атмосфералық ауадағы СО-мен шамалас.

Мұнда көрсеткіштер бүкіл әлемдегі дәрігерлердің никотинге деген тәуелдіктен құтыла алмаған пациенттеріне аталған жүйелерді ұсынуына себеп болып отыр. Ресей Федерациясының ең танымал ғалымдарының бірі, Ресейдің қатерлі ісікке қарсы қауымдастығының президенті, профессор Давид Заридзе бұл айырмашылықты былай түсіндіреді:

«Темекіде пролиз (органикалық және көптеген бейорганикалық қоспалардың жылу салдарынан бөлінуі – редакция ескертпесі) жүреді. Бұл процесс барысында канцерогенді және улы заттардың негізгі массасы қалыптасады. Ал темекіні қыздырсаңыз, бұл құбылыс байқалмайды. Әрине, қыздыру жүйелері мүлдем зиянсыз деп айта алмаймыз, бірақ зияны кәдімгі шылымға қарағанда аз екені сөзсіз».

Қорытынды қандай?

Сонымен, жану процесі болмаса, ыс газы да бөлінбейді дедік. Жалпы, темекі түтінінде тек СО ғана емес, онкология, жүрек-қан тамырлары ауруларын, өкпенің созылмалы обструктивті ауруын (ӨСОУ) тудыратын ондаған басқадай қатерлі қоспалар да бар. Сол себепті осы мақаланы оқып шыққан соң сіз тұрмыстағы газға абай боласыз, ал шылым қорабын шетке ысырып, қайта қолға алмайсыз деген үмітіміз бар.

 

Аударған Димаш Зиядин

Понравилась ли вам статья?

1
1
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз