Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Әйел ісі (емес)

Немесе неге ханымдарға темекі жайлы ұмытқан абзал

Әйел ісі (емес): Немесе неге ханымдарға темекі жайлы ұмытқан абзал

Аргентиналық фотограф және әлеуметтік психолог Ана Мария Роблес тек әйелдері ғана шылым шегетін Оңтүстік Судан тайпалары туралы «Шылымқорлар» жобасын жасады. Жағымсыз әдеттердің зиянын азайту тұжырымдамасына берік «НиЖевред» осы құбылысқа байланысты терапевт дәрігер Малика Байқуатовадан пікір білдіруді сұрады. 


Ана Мария Роблес: «Суданға жасаған сапарларым кезінде менің мақсатым кеңінен таралмаған әрі басқа фотографтардың объективтеріне түсе бермеген африкалық мәдениеттердің белгілерін табу және суретке түсіріп алу болатын. 

Әуелі топос, сосын дидинг тайпаларының ауылдарына барғанымызда мен жергілікті әйелдердің темекіні қалай шегентіндерін көргенімде таң қалдым. Олар үзіліссіз дерлік шылым шегетін, тіпті, біздердің келгеніміз туралы жиналыс өткізілгенде де темекіні ауыздарынан тастамады. Мұның ерекшелігі неде дейсіз бе? Бұл тайпаларда темекі тарту тек әйелдер арасында ғана кездеседі».

Малика Байқуатова: «Дамыған елдерде көпшілік темекі тарту мәселесіне негізінен ерлер арасында таралған түйткіл ретінде қарайды, өйткені ер адамдар осы жаман әдетке бірінші болып әуестеніп, әрі жағымсыз әсерлерінен алғашқы болып зардап шеккен болатын. Қазіргі таңда жағдай өзгерді десек болады, ер адамдармен бірдей әйелдер де темекі шегеді.

Өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған елдер ішінде жыл сайын шылым шегуден жарты миллион әйел қайтыс болады екен. Темекі тарту жүрек ауруларынан болатын шамамен 40% жағдайындағы өлім-жітімнің себебі болып саналады, инсульттердің 55%-ы өліммен аяқаталады, өкпенің қатерлі ісігінен болатын өлімнің 80% жағдайы және басқа да онкологиялық аурулардың 30%-ы. Шылым шегетін әйелде бала туушылық қабілеті зардап шегіп, етеккір үзілісі ертерек басталады. Ағзаның барлық жүйелеріне қауіп төнеді. Бүгінгі таңда бұл өте күрделі мәселе. Соның ішінде Қазақстанда да осы түйткіл бар». 

Ана Мария Роблес: «Оңтүстік Судан елінің әйелдері ащы темекіні тартады. Бұл осы жердің ежелгі дәстүрі, әрі ол тайпаның ерекшелігі және мақтанышын көрсететін әдет. Бұл әйелдер мықты және аздап қаһарлы келеді. Олар қауымдардың көшбасшылары саналады және әрбір рәсімнің белсенді қатысушылары екен. Олардың қолдан жасалған ұзын түтіктерінің материалы ағаш, ал сырты металл табақшалар және моншақтармен безендірілген. Түсірілім кезінде олар бастарын жоғары ұстап, темекі түтіктерімен мақтанып, өз күштерін көрсетіп тұрғандай болды. Мен таңданып тұрдым».

Малика Байқуатова: «Африкалық әйелдердің темекі тарту әдеті арқасында өзінің маңыздылығын танытуға деген ұмтылысы басқа континенттердегі әйелдер секілді осыған ұқсас ұмтылыстарымен үндеседі. Өткен ғасырдың басынан бастап көптеген елдерде әйелдердің темекі шегуге деген құқығы гендерлік рөлдерің үлестірімімен келіспеушіліктің символикалық пішіні іспетті және тәуелсіздіктің белгісі ретінде қарастырылған.

Бүгінгі таңда, әлеуметтік зерттеулердің көрсеткіштеріне сәйкес, «Сіз неге темекі шегесіз?» деген сауалға әлемдегі нәзік жандылардың үлкен пайызы мұны әдемі, керемет, сәнді деп санайтынын алға тартады. Екінші ең таралған жауап – жігіттерге ұнағысы келеді. Ал біреуге ұнау – бұл бойымызға табиғаттан дарыған нәрсе.

Сонымен бірге нәзік жандылар темекі тарту әдетінің уақытынан бұрын қартаюға әкеліп соқтыратыны турасында ойлана бермейді. От теріге теріс әсер етеді. Шаштың арасында түтін жиналып қалады және бас терісі сусызданады, шаштың сынғыш келетіндігі де осыдан. Әдетте, темекі шегетін әйелдерде әжім мен шашының ағы көбірек кездеседі, дауыстары да өзгеріске ұшырап, бет терісінде купероз байқалады.

Осы түйткілдердің барлығы да – темекі түтінінде болатын қауіпті заттектер мен қосылыстардың «еңбегі» болып саналады. Ең алдымен, бұл көміртегі тотығы және құрамында канцерогендік заттектерге толы шайыр тәрізді фракция. Соның ішінде ең зияндылары көпоралымды көмірсулар, нитрозамин, бетанафтеламин, цианидтер, кадмий, бос радикалдар. Ал мұндай мәселелердің ең жақсы шешімі – бұл, әлбетте, зарарлы әдеттен бас тарту».

Редакциядан: «Медициналық қауымдастық пен әртүрлі елдердің билік органдарының күш-жігеріне қарамастан, темекі тарту адамзаттың ең күрделі мәселелерінің бірі болып қала беруде. Әрі бүгінгі таңда «шылымды таста немесе өліп қаласың» деген темекіге қарсы ең қатал ережесін ұстануға дайын емес жандар үшін мамандар жағымсыз әдеттің зиянын барынша төмендетуді ұсынады. Ал бұл өз денсаулығыңызға деген үлкен үлес.

Сондықтан көптеген елдердің үкіметтері (Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия, Жапония, Еуроодақтың бірқатар елдерінде) дәстүрлі темекіден алшақтап, баламалы өнімдерді ілгерілету мақсатында қадамдар жасап жатыр. Бұл бүкіл әлем бойынша халықтың денсаулығын жақсартуға көмектеседі.

Түтін шығармайтын балама нұсқаларды тұтыну, мысалы, темекіні қыздыру жүйелерін қолдану, адам ағзасына зиянды шайыр мен канцерогендердің енуіне жауапты жану үдерісінің жоқтығынан, деммен бірге ішке түсетін зиянды заттектердің мөлшерін 90-95% дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар дәрігерлер көрсетіп отырғандай, темекіні қыздыру жүйелерін тек қана никотинге деген тәуелділігі бар адамдарға пайдалануға болады. Ал шылым шекпейтін адамдар үшін темекі тарта бастаудың қажеті де жоқ». 

 Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз