Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Жаңадан келген кім?

Жұмысқа бейімделу әрі шаш ағаруына жол бермеу

Жаңадан келген кім?: Жұмысқа бейімделу әрі шаш ағаруына жол бермеу

Жаңа жұмыстың басталуы – әрдайым күйзелістік жағдай. Жаңа адамдар мен бейтаныс ортаға үйрену қатты жалықтырады әрі денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Бұндай жағдайды да еңсеруді үйренейік.


Жаңа жұмысқа келгендегі күйзеліс несімен қауіпті?

Келдің ал жаңа ұжымға, алғашында сәл қобалжыдың, тіпті, күйгелектікке салындың делік. Онда тұрған не бар? Шын мәнінде бұл өте маңызды мәселе. Күйзеліс жүрек-қантамыр аурулары (гипертония ауруы, жүрек қыспасы, миокард инфарктісі) және асқазан-ішек жолы (гастрит, асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасы) аурулары секілді патологиялық жағдайлардың дамуы мен айқындалуына ықпал етеді. Бұл тек бірінші кезектегілері. Оған қоса күйзеліс қалқанша безге кері әсер етуі, иммунитеттің төмендеуі, қант диабеті, псориаз, тыныс демікпесі, құздамалық артрит, семіру, экзема және жабығуға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. 

Күйзеліске түскенімізді қалай білеміз?

Кейбір белгілері:

  • үнемі қорқыныш, естен айырылып қалушылық, мазасыздық, түңілу, дүрбелең, озбырлық сезімдері;
  • зейін қою мен шешім қабылдай алмау түйткілдері;
  • бастың ауыруы;
  • тәбеттің өзгеруі;
  • терінің бөртуі;
  • ұйықтай алмау, түнде жаман түстер көру;
  • шамадан тыс ішу және темекі шегуді қалау.

Тәуекелді азайтудың әдістері

Танысыңыз және қарым-қатынас орнатыңыз. Ұжымға тезірек бейімделу үшін бірінші болып байланыс орнатуға тырысқаныңыз жөн. Амандасып жүріңіз, өзіңізді таныстырып, лифт немесе асханада әріптестеріңізбен әңгіме-дүкен құрыңыз. Егер қашықтықтан жұмыс істесеңіз, мессенджерлер арқылы қарым-қатынас жасауға асығыңыз. Сауалдарды қойып, көмек сұраудан қорықпаңыз, мәселелер туындаса, оларды жасырмаған абзал. Иерархия және ішкі ұйымдастыру мәдениетімен танысып шығыңыз. Икемді бола біліңіз, жеке немесе жұмыс стиліңізді жаңа жағдайларға бейімдеу жолдарын ойластырып көріңіз. Жұма күнгі кеңседегі отырыстарға қатысып, корпоративтерден қалмаңыз. 

«Белсенділік, іске кірісіп кетуге деген ынта бейімделуді едәуір жылдамдатады. Енжар қызметкер жүйенің өзі-ақ оны кіріктіретінін тосып отырса, онда шетте қалу ықтималдығы өте жоғары», – дейді психолог Сергей Рогулев.

Жұмыс орнында жайлы орналасып алыңыз. Бастысы, өзіңізді үйдегідей сезіну. Жақсы көретін ұсақ-түйек бұйымдарыңыз болсын, Кемiргiш есімді қоянның суреті, бұрыннан кеңседен кеңсеге өзіңізбен бірге көшіп жүрген сүйікті кактус Вольдемар болсын – осының барлығы да жарамды. 

«Бөлме өсімдіктері симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігін басу арқылы күйзеліс белгілерін азайтады», – деп көрсетті маман.

Өзіңізге қамқор болыңыз. Жұмыс барысында кейде үзілістер жасаңыз. «Соғыс – соғыспен, ал түскі ас уақыт бойынша» демекші, дәмді және үйлестірілген тамақ рационы жайлы ұмытпағаныңыз жөн. Егер шаршағаныңызды байқасаңыз, назарды басқа әрекеттерге ауыстырыңыз. Теріс эмоцияларды сақтамаңыз. Дағдарыс жағдайында туған, не болмаса жақын адамдарыңызға кеңес алу немесе көмек сұрау үшін хабарласуға болатынын естен шығармаңыз.

«Өзіңізге деген қамқорлық – бұл өзімшілдік емес, бұл қиын кезеңдерді барынша аз шығынмен өткерудің тамаша тәсілі», – деп атап көрсетті психолог.

Не істемеген абзал?

Бұл жерде Стивен Кови, Дэниел Гоулман, Эдгар Шейн және Кеннет Бланшар секілді жеке және кәсіби өсу сарапшыларының «Өзіңді ілгерілету» кітабында көрсеткен бірнеше қарапайым, бірақ тиімді ұсыныстары жайсыз жағдайлар, ұрыс-керістер, эмоцияларға берілуден сақтайды, демек күйзеліс пен денсаулыққа байланысты артық түйткілдерден арылтады.

Сонымен жаңа жұмыс орнында келесі жайттардан сақ болыңыздар:

  • белгіленген тәртіп пен мінез-құлық нормаларын өрескел бұзу;
  • жаңа ұйымды бұрынғы жұмыс орнымен салыстыру;
  • ұйымның ұсынып отырған – қызметтік көлік немесе ұялы байланыс секілді жеңілдіктерге тым көп көңіл бөлу;
  • білгішсымақ көріну;
  • ұстанымдарыңызға қайшы келсе де, көпшілік сияқты әрекет ету;
  • ұсақ-түйектерге аса мән беру;
  • қателіктерден сабақ алуды ұмыту.
Сондай-ақ оқу Кеңседегі күрес: жұмыста отырып бұлшық етті ширатуға көмектесетін 7 жаттығу

Ақыры күйзеліске ұшырасаңыз, не істеу керек?

Күйзелістен шығуға көмектесетін әмбебап құрал жоқ. Дегенмен жағдайға төтеп бере алмай бара жатсаңыз, мына техникаларға мән беріңіз.

Тынысалу гимнастикасы. Мұрын арқылы жай дем жұтып, бірнеше секундқа тынысты тоқтатып, ауыз арқылы дем шығару. Сол жақ танау, сосын оң жақ танау арқылы дем алып тұруға болады. Тыныс алу барысында көз алдыңызға теріс эмоциялардың шығып жатқанын елестеткен дұрыс. Тағы бір жаттығу: қысқа серпіліспен ауаны жұтып, қысыммен баяу шығару. Бірнеше рет қайталау керек.

Басқарылатын бейне әдісі. Көзді жұмып, өзіңізді жайлы бір жерде елестету. Сол жердің иістері, температурасы, ахуалын сезіну. Бірнеше минуттан кейін көзді ашып, қазіргі уақытқа оралу. Әдісті қолдану барысында сүйікті әуенді қойған жөн.

Әрекетті ауыстыру. Кеңсе ішінде жүріп көру, сыртқа шығу, жұмыс күнінен кейін ұзақ серуендеуді ұйымдастыруға болады. Жүру – мазасыздықты азайту және когнитивті қызметті жақсартудың тамаша тәсілі. Басқа да қарапайым физикалық жаттығулар көмектесе алады. Мысалы, отырып-тұру, аяқ-қолды сермеу жаттығулары. Бастысы – әріптестерді қатты таңқалдырмаңыз.


Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз