• Басты бет
  • Адамдар
  • «Біздің елде денсаулықтың тым жақсы болуы түсінікке қайшы». Андрей Жарков БАҚ және темекіге қатысы жайлы
Редакция ұсынады

«Біздің елде денсаулықтың тым жақсы болуы түсінікке қайшы». Андрей Жарков БАҚ және темекіге қатысы жайлы

«Біздің елде денсаулықтың тым жақсы болуы түсінікке қайшы». Андрей Жарков БАҚ және темекіге қатысы жайлы:

АҚШ елшілігі алдында өткен пикеттен кейін ол журналистикаға келді. Ауыр жарақат алып, шылым шегуге көшті, бимен айналыса бастады. Денсаулық туралы журналды басқарып тұрған шағында темекі тудырған жөтелден тұншығып, қиналды... «ниЖевред» жобасы аясындағы алғашқы видеосұхбатта қазақстандық бірнеше басылымның бас редакторының өміріндегі кездейсоқ оқиғалар туралы әңгімеленеді. 


Қазір Андрей – er10.kz сайтының бас редакторы. Бұл медиа бизнес, стартаптар және IT жайлы ақпарат таратады. Ал оның алдында Андрей ерлерге арналған түрлі глянец журналдарды, сайттарды басқарған болатын. Сірә, бала кезден қызу тірліктің ортасында жүргенде ұнатуы себеп болса керек. Ал кәсіп таңдауына өміріндегі тұңғыш қатысып көрген пикеті әсер етіпті...

1999 жылдың көктемінде «Спартактың» ресейлік фанаттары Мәскеудегі АҚШ елшілігі алдында Югославияны НАТО-ның бомбылауына қарсылық ретінде пикет ұйымдастырады. Мұны білген мектепті енді бітірген Андрей қозғалысқа қатысуға шақырып, сыныптастарына қоңырау соғып шығады. Келесі күні таңда әжесі жібермей қойған бір баладан басқа түлектің бәрі Алматыдағы елшілікке бет алады. Алайда олар плакаттарын жайып үлгермейді: күштік құрылым қызметкерлері бірін қалдырмай автобусқа қамап тығады.

Арты әкімшілік сотқа ұласқан бұл жағдайдан соң Андрейдің азаматтық ұстанымы нақтыланып, күшейе бастайды. Және өмірін арнаған мамандықтың романтикаға толы бейнесі айқындала түседі.

Журналист Жарков оқиғасындағы тағы бір маңызды дүние – жазу адамдарының басты белгілерінің бірі темекіге деген қатынасы. Андрей темекіні «тым кеш», яғни 27 жасында бастады. Бір ай өтер-өтпес уақыт ішінде күніне екі қорап тауысатын болады. Кейінірек үйленіп, отбасылы болғанда тынымсыз жөтелімен жұбайының мазасын алатын. Тіпті өкпе ісігі бар деп қатты күмәнданғаны да бар.

Андрей Жарковқа шылымқор жөтелін жеңуге не көмектесті, футболдан өткен әлем чемпионатындағы тұңғыш репортажы қалай жүрді (жазуға келмейтін сөздері бар) – осы және басқа хикаяларды бізді «Честный разговор» атты алғашқы видеосұхбатымыздан біле аласыз. 

***

«Честный разговор»«ниЖевред» жобасының аясындағы сұхбаттар сериясы. Мұнда біз қызықты тұлғалармен олардың өмірі, жұмысы және зиян әдеттермен күресі жайлы әңгімелесеміз. Әлдебір дүниеге құштар болуды айыптау дұрыс емес. Алайда саламатты өмір дәл қазір керек.

«ниЖевред» жобасы ішімдік, темекі, сапасыз тамақ және қозғалыссыз өмірден болатын зиянды азайтуға бағытталған.

Каналға жазылыңыз, әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды  (Instagram, Facebook, VK) оқып тұрыңыз – тыйым салу пайдасыз болған кезде не істеу керектігі туралы хабардар болыңыз.


Аударған Димаш Зиядин

Фотоколлаж yanlaurentxo

Понравилась ли вам статья?

1
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз