Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
  • Басты бет
  • Шолулар
  • «Тұз, қант және май. Азық-түлік алпауыттары бізді қалай тұзаққа іледі» кітабының берері не?
Редакция ұсынады

«Тұз, қант және май. Азық-түлік алпауыттары бізді қалай тұзаққа іледі» кітабының берері не?

Саламатты өмір салтын ұстану жайлы барлық мақала мен дұрыс тамақтану туралы бүкіл курспен салыстырғанда бұл зерттеу адамның тамақ ішу дағдысына әлдеқайда көп ықпал етеді.

«Тұз, қант және май. Азық-түлік алпауыттары бізді қалай тұзаққа іледі» кітабының берері не?: Саламатты өмір салтын ұстану жайлы барлық мақала мен дұрыс тамақтану туралы бүкіл курспен салыстырғанда бұл зерттеу адамның тамақ ішу дағдысына әлдеқайда көп ықпал етеді.

Адам мен жеміс шіркейлерінің талғамы неге бірдей, ағзамызға тигізер әсер күші бойынша қант не себепті метамфетаминнен, ал май апиыннан кем түспейді және бізді еліктіріп әкететін супермаркеттердің арбауынан қалай құтылуға болады – осы және басқа мәселелер америкалық журналист, жазушы Майкл Мостың бестселлерінде әңгімеленеді. 


Адам мен жеміс шіркейлерінің талғамы неге бірдей, ағзамызға тигізер әсер күші бойынша қант не себепті метамфетаминнен, ал май апиыннан кем түспейді және бізді еліктіріп әкететін супермаркеттердің арбауынан қалай құтылуға болады – осы және басқа мәселелер америкалық журналист, жазушы Майкл Мостың бестселлерінде әңгімеленеді.

Қазіргі заманда азық-түліктен кенде емеспіз: тамақ кез келген жерде табылады. Оған қоса мұның бәрі әр адамға ұнайтындай әдіспен жаппай жарнамаланатыны бар. Алайда қажет білім жетіспегендіктен, сіз бен біз көп жағдайда сапасыз өнімді таңдаймыз, тамақты ойланбай және артығымен жейміз. Майкл Мосс кітабында осы заманғы азық-түлік өндірісінің көлеңкелі тұстары жайлы әңгімелеп, дайын тамақ өнімдерін сататын әлемдік алпауыттардың тұтынушының білімі аз екендігін өз пайдасына қалай жаратып кететінін ашып көрсетеді.

Алайда кітап қастандық ойластырған тараптар туралы теорияны емес, ғылым, медицина, психология туралы әңгімелейді. Дәл бір қант құйылған «Oreo» секілді бұл шығармада ғылыми зерттеулер, деректер және нейрон деңгейінде тәтті-дәмдіге бірден реакция білдіретін ми суреттері секілді алуан туралы ақпарат бар.

Сюжет семіздік проблемасына байланысты алаңдаушылық білдірген алып азық-түлік корпорацияларының басшыларынан тұратын «қаскүнемдердің» құпия жиналысынан басталады, алайда олардың бұл ниеті тек бір мүддені көздейді. 

«Ақ халат киген қайдағы жоқ біреулердің семіздік проблемасын айтып, дабыл қаққанына қарап, корпоратив құндылықтарымыздан бас тартайын, өнім құрамын өзгертейін деп тұрған біз жоқ».

Кітаптың бас кейіпкерлері – бәрімізге белгілі Coca-Cola, Frito-Lay, Nestle, Kraft секілді корпорациялар. Сонымен қатар олардың медициналық зерттеулері мен тәжірибелері, тұтынушыны экстазға жеткізіп, іші қуыс және зиян өнімді көптеп сатып алу туралы ойға жетелейтін «ләззат нүктесін», яғни қант, тұз және майдың мінсіз үйлесімін іздеуге бағытталған маркетинг қулықтары мен психологиялық тұзақтар туралы сөз болады.

Егеуқұйрықты тамақты үш есе көп жеуге қалай мәжбүрлеуге болады? Қантты әдеттегіден 200 есе тәтті қылып беру керек. Ал енді мұның адамға қалай әсер ететінін көрейік. Бақыт сезімі мен тәтті сусындарды не байланыстырады? Эмоцияны қос, отбасы дәстүрімен ойна. Мысалы, футбол матчын араластыр. Қайтсе, адамдар жартылай фабрикаттардың зиянды ингредиенттеріне мән бермейтін болады? Әйелдерге еркіндік туралы айтып бер. 

«Балықтың қабыршығын тазала. Етін сүйегінен сылып ал. Әйел ыстық майға саусағыны күйдіріп алғанға немесе асүйді күйген балықтың исі мен түтіні алып кеткенге дейін неше түрлі ұнамсыз жұмыс істеу керек. Ал мұздатылған балық таяқшаларының қорабында не деп жазылған? «Жылыта салып, дастарханға қоюға болады».

Кітаптың атауында берілген басты идеяда жаңа ештеңе жоқ секілді. Әрқайсымыз бала кезден тұздың ақ у, ал қанттың тәтті у екенін білеміз. Алайда осының бәрін көптеп, көлемдеп, небір құйтырқы жолдармен біздің өмірімізге кіргізетіні және бұдан хабарсыз болатынымыз оқырманға жаңалық болары анық. 

«Әр өнімде тәтті болмауға тиіс, бірақ тәтті қосылған әйтеуір бір ингредиент бар. Балды бидай наны, балды қыша. Қанты жоқ немесе тіпті ащы деп саналатын азық-түлік қазір тәттіге айналып кеткен. Бұл күні тәтті өнімдер ешкімге керек емес».

Алпауыт корпорацияларға бұл жолда химия, медицина, маркетинг, психология және супермаркеттер сиқыры көмекке келеді. 

«Супермаркетте кездейсоқ тұрған ештеңе жоқ. Әр заттың орналасуында нақты мақсат бар. Сондықтан супермаркетті миналанған, өмірге қауіпті шайқас алаңы деп қарастырған жөн шығар».

Бұл кітаптан сіз дұрыс тамақтану туралы ақыл-кеңес немесе «чипс жесеңіз, жастай кетесіз» деген секілді қорқынышты ақпарат таппайсыз. «Тұз, қант және май» - осы тақырыптағы құрғақ фактілерді әңгімелеп беретін сапалы зерттеу. Туындыны жарыққа шығару үшін керек деректі инемен құдық қазғандай болып жинаған, үш жыл бойы дайындалған автор корпорациялардың қулығы туралы өз пікірін айтпайды, тек сол әдіс-айланы сипаттап береді.

Денсаулығына бей-жай қарамайтын және тамақтану мәселесіне қызығатын қарапайым адамға қайтпек керек? Кітапты оқып шығарған, сапасыз тамақтың қандай зиян әкелетінін білген, қорытынды шығарған және этикеткада жазылған ақпаратпен жиірек танысып тұрған ләзім. Мұндай оқудың бір «зияны бар»: әр мәліметтен соң қажетсіз өнімнен бір қадам алыстай түсесіз.

 

Кітапты оқып, ой түйген Юлия Колмогорова

Аударған Димаш Зиядин

Ашық көздерден алынған фотосуреттер

Понравилась ли вам статья?

0
1
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз