Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Үлкенін шегіп көреміз бе?

Темекіден кейін неге дәретханаға барғың келеді

Үлкенін шегіп көреміз бе?: Темекіден кейін неге дәретханаға барғың келеді

Шылымқор болсаңыз, темекі тартқан соң, әсіресе таңертең, ішек жолдарының хабар беріп, дәретханаға итермелейтіні несі деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Мәселен никотинде ме, әлде түтінде ме? Бәлкім басқа себебі бар шығар? 


Шылым шегу жайлы сөз қозғалғанда, бәріміз темекі түтінінен бірінші кезекте тыныс алу жолдарының зардап шегетінін атаймыз. Оның үстіне шынымен-ақ шылымқорлардың арасында өкпе қатерлі ісігі қатері жоғары болып келеді. Рас, қазір адамзат жанған темекіден болатын зиянды азайтуды үйреніп, қыздыру жүйесі секілді электронды құрылғыларды балама ретінде қолдана бастады. Алайда шылымның асқазан-ішек жолдарына кері әсер етуі секілді жеке мәселені қайтпек керек? Бұл шетін тақырыпты ғылыми тұрғыдан талдап көрейік. 

Кофе әлде никотин?

Тарихи тұрғыдан қалыптасқаны сол, көп жыл бұрын темекіден келер ең басты қауіп – никотин деп бекітіліп қойған болатын. Бірақ кейінірек мұның қате екені анықталды: негізгі зиян – темекі жанғанда бөлінетін канцероген секілді сан алуан байланыстар. «Марапатталу» жүйесін күшейтетін никотиннің негізгі рөлі – шылым шегу әдетін қалыптастыру.

Сондай-ақ бұл алколоидтің адам ағзасындағы басқа да рецепторларға әсер ететіні белгілі. Алайда шынымен-ақ үлкен дәретке баруға итермелей ме? Мұны және дәретханаға баруға қатысты басқа бірнеше гипотезаны тексеру үшін ғалымдар мынадай тәжірибе жүргізіп көрген екен.

Олар адамдарды жинап төрт топқа бөлген. Біреуіне кофе, екіншісі жылы су берген, үшінші топ тілінің астына никотин таблеткасын (2 миллиграмм, бір шылым шеккенде адам шамамен осынша қабылдайды) салған, ал төртінші плацебо болған.

Тәжірибе нәтижесі қатысушылардың арнайы әдіспен өлшенген ректал тонусы кофе ішкен соң 50%-ға, ал жылы судан кейін 30%-ға артқанын көрсетті. Алайда никотин де, плацебо да бұған еш әсер етпепті.

Бұдан никотиннің дәретханаға баруға еш себеп болмайды деген қорытынды шығаруға болады. Сонда мәселе неде? 

Сондай-ақ оқу Дабыл қағу: шылым тыныштандырады деп ойлағанда, қандай қате жібереміз?

Бактериялар жайлы ойлап қойыңыз

Темекі түтінінде никотиннен бөлек мыңдаған химиялық қоспаның бар екенін есте сақтау керек. Улы альдегидтерді, ацетонды, бензолды, цианды сутегін, шайыр мен канцероген секілді көптеген элементтің салдары денсаулыққа кері әсерін тигізбей қоймайды.

Оның үстіне ағзаның өзі зиянды заттардан барынша жылдам құтылуға тырысады. Сондықтан түтінді жұтқан соң ми бүкіл мүшеге шақырусыз келген қонақты «шығарып салуға» дайындалу керектігі жайлы белгі береді. Мысалы, жүрек қағысын жиілетеді, осылайша қанға түскен темекі түтіні элементтерінің бұзылуын немесе жылдам шығуын қамтамасыз етуге тырысады. Сәйкесінше, адам дәретханаға барғысы келіп кетеді.

Шылымқордың ауызы мен ішек жолдарындағы микрофлораның бұзылатыны – белгілі жайт. 2018 жылы бір топ ғалым шылым шегетін және шекпейтін адамдардың бұл ағзасын сау-саламат тұрғысынан тексеріп, салыстырып көрген болатын. Мамандар қатысушыларды шылым шегеді, вейп тартады және ештеңе қабылдамайды деп үш топтан құраған екен.

Түрлі анализдің нәтижесінде шылымқордың ішегінде превотелла бактерияларының артқаны байқалады. Бұл бактерияларды ауыздағы жағымсыз иіспен байланыстырады. Олар сонымен қатар тыныс жолдары аурулары мен колит және ішекте қатерлі ісік туғызуы мүмкін.

Сондай-ақ шылымқорлардың ағзасында ішекте өмір сүретін және ақуыз бен көмірсудың өңделуіне жауап беретін бактероидтар санының кемігені анықталды.

Ал вейперлер мен шылым шекпейтіндердің ағзасындағы микрофлора айырмашылығы аса қатты үлкен емес болып шықты.

Ал тақырыптағы сауал сізге қатысты болса, онда темекіден бас тартып көріңіз. Тіпті болмай жатса, иесі темекі түтінімен, сәйкесінше улы химиялық қоспалармен өлтірмейтін гаджеттерді қолдануға болады. Қыздырылатын темекінің зияны айтарлықтай төмен екені дәлелденген. Бәлкім, бұл қадам сіздің дәретханаға деген көзқарасыңызды жаңаша қалыптастырар.

 

Аударған Димаш Зиядин

Понравилась ли вам статья?

3
1
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз