Редакция ұсынады

Сәнді апат

Ғаламшарды өтпелі сәннен құтқарамыз

Статистика бойынша, адамдардың 50%-ке жуығы күйзелістен мақсатсыз шопинг көмегімен құтылады, және осындай түкке тұрмас заттарға деген құмарлық пен сәнділік ғаламшарды жойып барады. Бұл қалай және оны не істеу керек екенінің басын  ашып  көрейік.


Шопинг жасау неліктен ұнайды?

Бұл қасиет біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан нәрсе: алғашқы қауым адамы өзінің өмір сүруіне қажетті затты тауып, оны сол сәтте алмаса, оны енді гәрі таба алмайтынын іштей сезетін.  Біз тас дәуірінен шыққанымызға талай уақыт өтіп кетті, демек әрбір жылтыраған затты үңгірге таси бермесек те болатынын түсіне тұра, заттарды ойланбай сатып алу өзімізді тыныштандырып, қауіпсіздік сезімін бергендей болады.   

Дәл осы тарихтан бұрынғы  заманнан келе жатқан сараңдылығымызды дүкендер өз пайдасына асырады: жаңа сөмке немесе соңғы үлгідегі кроссовкасыз өмір сүре аламыз, алайда осы тауар соншама тартымды болғандықтан, біздің көзіміз сол затқта қадалады. «Өтпелі сән» деп аталатын көрініс нақ осы принципке негізделеді.  

«Өтпелі сән» деп тез тозатын, ауыстыра салуы оңай киім дүкендерін айтады. Мұндай дүкендер түржинағын екі аптада бір ауыстырып тұрады. Ал осы киімнің бәрі қайдан шығады, сатылмағаны және керексізі қайда кетеді деп сұрасақшы?

Сән онша арзан да емес

БҰҰ деректері бойынша, тура осы ұзақ киюге жарамайтын киім өндірісіне ауызсудың 20%  жаратылады және әлемдік мұхитқа 500 тонн синтетикалық микроталшықтар мен пластик тастаудың себепкері болады (синтетикалық микроталшықтар ыдырау үшін жүздеген жыл қажет). Бір футболканы жасап шығару үшін жеті жүз галлон (үш мың литрдей)  су кетеді. Жалпы жылына киім өндіруге 93 млрд. текше метр су  жаратылады, яғни бұл бес миллион адам ішуге жететін су деген сөз!

Жыл сайын ауаға бөлінетін көміртек газдың оннан бір бөлігі үшін кінә да дәл осы фэшн-корпорациялардың мойынында.

Ластануға қатысты әңгіме қозғайтын болсақ, сән индустриясы  өзінше жауыздық империясы  болып тұр, өйткені осы сала қоршаған ортаны ең қатты ластау бойынша екінші орынды алып тұр.

Жеке таңдау vs. Жауапкершілік бәріне ортақ

Осы айтылғандардың бәріне қайшы келсе де, біз енжарлық танытпасақ, жағдайды өзгерту мүмкіндігі бар. Көптеген алып корпорациялар экологияға қатысты мәселе болса, клиенттерінің талаптарына құлақ сала бастады. Мысалы, Garnier - күтім жасау заттары өндірісінің бренді жақында 2025-ші жылға қарай бар өнімі екінші қайтара пластиктен жасалады деп, ресми түрде уәде берді.  Сол уәдесінде осындай қадамды тұтынушылар үшін экология маңызды болғандықтан жасайтындығын нақтылап айтты.  Қауым тарапынан қысым жасалғандықтан, олар да өзгере бастады. «Өтпелі сәнде» де дәл осы. Біз қоғамбыз, демек біз қысым жасай аламыз.

Экологияға зиян келтіретін басқа бизнестердей, бұл да баршылық, өйткені мұның тұрақты клиенттік базасы бар. Зиянды өндірістердің сатып алушылары неғұрлым аз, ал экологиялық тазаларында керісінше көп болса, сонда нарық та өзгере бастайды, ал қоршаған ортаға тиетін зиян төмендейді.

Зиянды төмендетудің әмбебап жолы

Зиянды әсерді толық жоя алмасаң, зиянды төмендет – қағидат осы. Және экологияға қатысты зиянды төмендетудің әмбебап жолы - ол мағынасы Reduce, Reuse, Recycle деп ашылатын  3R әдісі. Шопинг үшін киімді барынша аз зиян келтіріп өндірілетін, сатылымға қайта шығаралған немесе оны қайта өңделген материалдардан жасалған жерге барған дұрыс. Бұл санаттағы дүкендердің бәрін жалпы эко-дүкен деп атайды.  

Эко-дүкендер  – «Өтпелі сән» дүкендердің басты қарсыласы. Егер біз киімді тек осы эко-дүкендерден сатып алатын болсақ (немесе басым бөлігін), онда біз бір оқпен екі қоянды атып түсіреміз: экологиялық практикаларға қаржылай қолдау көрсетеміз әрі ритейлердің қалтасын одан әрі қампитпаймыз. Мысалы, Алматыда 3R  пайдаланудың үлгісін көрейікші.  

Reduce: экологияға ең төмен зиян

Бірінші R - Reduce (азайту) былай дейді: тауарлар зардабы ең төмен деңгейде болып шығарылуы тиіс. Бұл өндірісіне өте аз ресурс кететін, немесе пластиктен я басқа да қайта өңделген материалдардан жасалған маталар болуы мүмкін. Мысалы, киімді тағамдық пластиктен өндірсе, онда адамдар ойыншықтарды, бөтелкелерді, пакеттерді қайта өңдеуге тапсырудан бастар еді. Содан кейін бұл пластик түсі бойынша сұрыпталып тазартылады, сосын одан басқа киім өндіруге болатын халге дейін оны ұсақтап басқа материалға айналдарады.

Мұндай дүкендер Қазақстанда да бар және оның ең жарқын үлгісі – қайта өңделген пластиктен киім жасаумен айналысатын Pieper (Пайпер) экологиялық бренд. Киімді «екінші қайтара гранула» деп аталатын (балқытылған бір түсті пластиктен алынатын полиэстерден) материалдан жасайды. Pieper футболкалар, сөмкелер мен түрлі аксессуарлар өндіреді.   

Қағидаты ұқсас Ecostyle_musse дүкені  екінші қайтара материалдардан сөмке жасайды. Олардың авторлік дизайнымен көптеген түсі бар.

 Кейбір онлайн-дүкендер де өз өнімін қайта өңделген пластиктен жасайды. Осылардың бірі ASOS – олардың айтуынша, сатып жатқан киімдер мен сөмкелердің 65%-не дейін қайта өңделген материалдардан жасалған. Өнімді жеткізетін қораптар да қайта өңделген материалдардан. 

Re-use – жаңа маусымдық хит

Сән әлемінде екінші  R – Reuse (екінші қайтара пайдалану) – бұл сэконд-хэнд дүкендері.  Reuse дегеніміз ескі заттардың «өмірге» қайта оралуы. Ағылшын тілінен  “сэконд хэнд”  «екінші қол» деп аударылады.  

Заттардың «Екінші өмір» дүкендері де, тауашалықтары және адамдар сирек брендтік заттар таба алатын «селективтік» сәнділері де бар.

Sandyq Store өзін винтажды (ертеректе сәнді болған заттар) сэконд-хэнд деп ұсынады, демек сол жерден  80-ші жылдары болған «қышқыл» түсті жарқын жейде болсын,  сән алыпы Burberry сияқтылардан сөмке болсын, сатып алуға болады. Сэконд қызметкерлері заттарды іріктеп алып оларды тазартады, қажет болса, жөндеп сатып алушылар сол затты қайта пайдалану үшін дайындайды.

Тағы бір жақсы үлгі Asay Jurek – кафе және Dior сирек топтамаларын, өткен ғасырдың 20-жылдарындағы алтын және күміс әшекейлері мен көптеген басқа заттарды табуға болады.

Өзіңізді қызықтыратын затты таба алатын аса қымбат емес брендтер де бар: бұған көбірек уақыт қажет болғанымен, күлкілі бағаға бірегей зат тауып алсаңыз да ғажап емес, мысалы:  

Филиалдары Алматыда және Нұр-Сұлтанда бар  “Свободный стиль” дүкенінде сапалы киім сатып алуға, сондай-ақ керексіз заттарыңызды тапсыруға да болады.

 Өтеген Батыр, 114 мекенжайы бойынша киімді салмақтап сататын «На Сайране» комиссиялық дүкен бар, ал МЕГА ХЭНД Еуропаның алып сұрыптау базаларымен жұмыс істейдіктен, бұл дүкен киімнің мол таңдауын ұсына алады.  Олар киім түржинағын екі апта сайын жаңартып тұрады, бірақ мұнда қалған киімді лақтырып тастамайды және қайта өңдемейді, оны басқа қалаға немесе басқа елге жібереді.

Recycle – көрпорациялар әдептілігі

Үшінші  R – Recycle (қайта өңдеу) – бұл ресурстарды қайта өңдеу талабы. Киімді айтсақ, бұл қайта өңделген пластиктен киім жасау да, киімді өндірушіге немесе басқа брендке қайта пайдалану немесе қайта өңдеу үшін қайтару. Керексіз киімнен эко-сөмкелер немесе басқа заттар тігуге болады.

Брендтерді негізі алғашқы материалдардан жасайды, ал бүгінгі күні көбісі киімді қайта өңдеуге қабылдай бастады, яғни жаңа партияның бір бөлігін ескі материалдардан өндіреді. Осындай брендтердің бірі H&M - халықаралық фэшн-франшиза. Ескі киімнің орнына олар жаңа киім алуға жеңілдік береді. Levi’s - джинс шалбар және күртешелер бренді де осы кезде заттарды қайта өңдеуге қабылдай бастады.

Әрине, «әдепті» өнімді бір сатып алғаннан «өтпелі сән» мен керексіз заттар жаппай шығарылымын тоқтату мүмкін болмас. Алайда тұтынушының таңдауы нарық пен ритейлер трендіне ықпал етеді, сондықтан оларды өзінің экологиялық саясатын өзгертуге мәжбүрлей алады. Сарапшылардың айтуынша, өтпелі сәннен құтылу уақыт өте мұхиттағы микропластик санын 25-35%  қысқартады, яғни біздің осындай әрекетіміз ғаламшарға келетін зиянды дәл қазір түбегейлі болмаса да, біртіндеп төмендетіп келе жатыр.

Автор

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз