Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Дабыл қағу: шылым тыныштандырады деп ойлағанда, қандай қате жібереміз?

Дабыл қағу: шылым тыныштандырады деп ойлағанда, қандай қате жібереміз?:

Өмірімізде кездесетін әлдебір маңызды сәт, мысалы, емтихан, жұмысқа тұру үшін сұхбаттасу, маңызды кездесу секілді жағдай алдында қобалжитынымыз бар. Әрине, мұндай уақытта толқу, елеңдеу – қалыпты құбылыс. Алайда мазасыз сезім ұзақ уақыт бойы жоғалмаса және күнделікті күйімізге бөгет жасаса не істеу керек? Бұл жерде маза кету диагнозы туралы әңгімелеуге болады. 


Маза кету деген не?

Түрлі зерттеулерге сәйкес, халықтың 30% өмірінің әйтеуір бір сәтінде маза кетуге ұшырап, өзін жайсыз сезінеді. Көп жағдайда оның симптомдары бала шақта немесе жасөспірім кезеңінде пайда болады және емделмесе, уақыт өткен сайын ушыға береді. Бір айта кетерлігі, маза кету еркектерге қарағанда әйелдерде жиірек кездеседі.

Маза кетудің сипаты мынау: ағзада стресс реакциясы еш себепсіз пайда болады және ол болған, болып жатқан жағдайға еш қатыссыз жүруі мүмкін. Оның белгілері кәдімгі стресс кезіндегі күйге ұқсайды (жүрек қағысы мен тыныс алудың жиілеуі, тершеңдік, күйгелектікке салыну, тынышы кету, ширығу), алайда әлдеқайда ұзаққа созылады.

Маза кетудің бірнеше түрі бар. Олардың ішінде мыналар кездеседі:

  • мазадан жалпы айрылу,
  • әлеуметтік деңгейде маза кету (әлеуметтік фобия),
  • ажырасу, айрылысудан пайда болған маза кету,
  • түрлі спецификалық фобия.

Маза кетудің генетикалық факторлар мен қоршаған орта тудыратын күрделі ауру екенін білген маңызды. Өзге психикалық сырқаттар секілді, маза кетуге бейім болудың артында генетика тұр, яғни ол ата-анадан балаға беріледі. Алайда кәдімгі стрестің өзі ұзақ жылдар бойы жоғалмаса, мидағы химиялық балансты бұзып, маза кетуге әкеліп соғуы мүмкін. 

Маза кету мен шылым шегу

Мазадан айрылған адамның неге темекі тартқысы келеді?

Біріншіден, бұл шылым құрамында психикалық белсенді зат никотиннің бар екендігімен байланысты. Никотиннің «арқасында» дофамин жылдам бөлінеді. Ал дофамин (оны біз «бақыт гормоны» деп те танимыз) түрлі функцияларды атқарады. Соның бірі – мидің мотор және атқару қызметін бақылау (басқаша айтқанда, дофамин бізді өзімізге ұнайтын іспен айналысуға итермелейді). Сондай-ақ бұл гормон – марапаттау жүйесінің іске қосылуына қатысатын нейромедиатр. Яғни ол көңілімізден шыққан дүниені қайталап, оған қайта-қайта оралуымызға жауапты.

Шылымқор адам біршама уақыт темекісіз жүріп қалса, шылымды аузына тістеп, құшырлана сора алмауы, яғни үйреншікті әдетінің қолжетімсіздігі оны ашуланшақ, мазасыз етеді. Никотин ағзаға түскен соң барып қана ол өзін жайлы сезінеді. Осылайша адамның көңіл-күйінің жақсаруы темекіге байланысты деген «заңдылық» қалыптасады.

Бұдан бөлек шылым шегу құштарлығы «стресті шығарып жіберуге» деген инстинктив қалаудан да туындауы мүмкін. Әлдебір күрделі жағдайға тап болған адамға әдетте сабырға келу үшін 10 рет терең тыныс алу ұсынылады. Дем алуды ретке келтіріп, бір қалыпқа түсу жайсыздық пен ашуды басады, сәйкесінше, біз эмоцияға берілмей, ақылмен ойлана алатын күйге ораламыз. Тыныс алу жаттығулары (медитация және т.б.) шынымен мазасыздық сезімін және басқа жоғарыда айтылған белгілерді жеңуге көмектеседі. Мұны саналы түрде түсінбеген шылымқор тыныштық сыйлаған бір қалыпты, терең тыныс алу емес, темекі деп түсінеді. 

Өз-өзін орындайтын болжам

Шылымқордың іс-әрекетін және оны темекі тартуға не итермелейтін зерттеу мұндай адамның басты мотивациясы мазасыздықтан құтылу және стресті азайту екенін көрсетті. Алайда маза кету сырқаты асқынып кетсе, темекі жағдайды жеңілдетпейді, керісінше, қиындатады.

Біріншіден, темекі түтінін жұтқан адам онымен бірге шайыр және саны 6000-ға жуық түрлі зиянды зат қабылдайды. Оның көбі – канцероген. Никотиннен бөлек түтінде ыс газы, күшәлә, бензин, қорғасын бөлшектері және радиоактив полоний-210 кездеседі. Оның бәрі темекі жоғары температурада жанғанда пайда болады.

Екіншіден, лаборатория зерттеулері шылым шегу мен көңіл-күйдің ұзақ уақыт бойы көтеріңкі болуының арасында ешқандай байланыс таппады. Никотин nAChRs атты нейрожүйе контекстінде сараланып, нәтижесінде оның ұзақмерзімді перспективада адамның эмоциялық жағдай жақсартатыны туралы тұжырымдайтын бірде-бір гипотеза расталмады.

Сонымен қатар шылым шегу мен маза кету белгілерінің күшеюінің арасында байланыс бар екендігі туралы айтылған болатын. Бір зерттеуде шылымқорлар, нақты айтқанда олардың күніне 1-19 темекі және 20-дан астам темекі шегетін екі тобы салыстырылған болатын. Нәтиже маза кетудің екінші топта әлдеқайда жиі кездесетін көрсетті.

Қорыта келгенде, темекі өз-өзін орындайтын болжам сияқты дүние деп атауға болады. Біз шылым тыныштандырады деп ойлаймыз, шын мәнінде алаң көңіл болып жүргеніміздің бір себебі дәл осы темекіде болуы мүмкін.  

Мұның бәрі мазасы кетіп жүрген адам үшін не білдіреді?

Ондаған зерттеу жүргізілсе де, темекі мен маза кетудің арасындағы қатынас туралы мәлімет аздық етіп отыр. Алайда қазірдің өзінде темекінің созылмалы мазасыздық жағдайын былай қойғанда, күнделікті стреспен күресуде де оңтайлы тәсіл болмайтыны жайлы айта аламыз. Шылым шегіп, жайсыз күйден құтылғандай болып көрінсе де, ағзаңызға шайыр, ыс газы және канцероген түрінде қанша залал келтіретініңізді ұмытпаңыз.

Бұл әдеттен бас тарта алмай, қоя алмай жүрсеңіз, никотин қабылдауға мүмкіндік беретін, жану процесін айналып өтетін түтінсіз электронды құрылғылар бар екенін ескеріңіз. Мұндай құрылғылар бөлетін бу түріндегі аэрозольдің түтіндеген шылымға қарағанда зиянды заттарды 95%-ға аз бөлетіні ғылыми түрде дәлелденген.

Әрине, шет-шегі жоқ жайсыздық сезімінен арылудың ең нәтижелі әдісі – психиатрға барып қаралу. Олар когнитив-әрекет терапиясын ұсына алады. Бұл процесс аясында пациент мазасыздығын маманмен талқылап, оның нақты себебін анықтай алады. Маза кетуден дәрі-дәрмексіз-ақ құтылудың жолдары да бар.

Кей ерекше жағдайда дәрігерлер антидепрессант секілді дәрі жазып беруі мүмкін. Аталған препараттар ми қызметі мен гормонал жағдайды қалпына келтіруге көмексетеді. Бұл, әрине, никотимен салыстырғанда көңіл-күйді ұзақ мерзімге шын мәнінде көтере алады.


Жазып алған Дана Қанафина 

Аударған Димаш Зиядин

Фотосурет дереккөзі Shutterstock


Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз