Редакция ұсынады

Шылым шегуді тастай алмағанда денсаулықты қалай сақтауға болады

Шылым шегуді тастай алмағанда денсаулықты қалай сақтауға болады:

Темекіні таста! – деп жатады салауатты өмір салтын ұстанушы достарым, анам және көршім. Алайда сигареттің зияны нақты неде екенін тілектестердің бәрі біле бермейді.


Адамдардың бәріне үрейлендіретін әзәзіл болып никотин көрінеді. Дәл осы никотиннің зияны туралы мектептегі сынып сағаттарында айтатын. Ал сигарет шегуші оның түтінімен жұтатын басқа 7000 зат туралы айтуды ұмытқан болар. Бір кішкене ғана сигаретке осыншама зат қалай сиятыны таңғаларлық!

Мұндағы мәселе жану кезінде бірқатар химиялық реакция тудыратын темекінің температурасы өте жоғары болуында. Жанып тұрған сигарет 600°C дейін ысуы мүмкін. Осының салдарынан темекі 7000-ға жуық көбісі улы қоспаға бөлінеді. АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрлігі сигарет түтініндегі бар 69 зат канцероген деп дапты. Осының бәрі, оба ауруын қоса, күрделі жүрек және өкпе ауруларын шақыруы мүмкін – және зерттеулер деректеріне сәйкес, өкпе обасынан өлім жағдайлары және жалпы обадан өлімдердің 30% жуығы темекі түтіні салдарынан болды.

Бұл цифрлар шынында да қорқынышты. Алайда химия болсын, арифметика болсын — босансытатын түтін жұту құмарлығы алдында дәрменсіз. Қолымызда ғылыми фактілер бола тұра, темекіні дүйсенбіден бастап тастау уәдесі өмір бойы келесі дүйсенбіге жылжытыла береді. Сонда да ғылымның көмегімен қауіпі төмен балама таңдап алуға болады.

Шылым шегудің зиянын төмендету бойынша ғалымдар, медицина қызметкерлері мен қоғамдық денсаулық сақтау өкілдері көптеген зерттеулер жүргізді. Мысалы, АҚШ Медицина институты өзінің баяндамасында темекіні тұтыну тәсілін өзгерткенде ауру қауіпін төмендетуге болатынын айтпды. Егер бар бәле темекінің жануынан болса, бұны шешудің логикалық жолы – темекіні жақпау.

Мысалы, АҚШ Конгресі тыңдауларында Темекі өнімін бақылау бөлімінің директоры Митч Зеллер шылым шегушілерге жанбайтын темекіге немесе темекісі жоқ өнімдерге көшуді ұсынады. 

Зиянын төмендетудің осындай тәсілі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында да талқыланды. 18 мемлекеттің ғалымдары мен медицина қызметкерлері ДДҰ Бас директоріне ұжымдық хат жолдады. Хатта өз саласының 18 жетекші маманы дәстүрлі сигаретті балама өнімдерге алмастыру пайдасы туралы пікірін айтты. Мысалы, электронды сигаретке.

Темекіні үзілді-кесілді тастауға шақыратын кеңесшілерге қарағанда, ғалымдар шылым шегушілер үшін бұл қиын немесе олар талаптанбайтынын түсінеді. Сондықтан адам ағзалары сигарет қораптарына түсірілген қорқынышты суреттердегідей болмау үшін баламаларға көшу орынды. Ал нарықта бұлардың түрі көп.

Бұл снюс, снафф және насыбай сияқты түтіні жоқ темекі болуы мүмкін. Бұған heat-not-burn технологиясы бойынша жұмыс істейтін өнімдер де жатады (яғни, жанбайтын, қыздырылатын темекі). Бұндай өнімдерді арнайы дүкендерден сатып алуға болады, ал оларға арналған стиктер қазір қаланың әрбір супермаркетінде қолжетімді.

Бұдан басқа да темекісіз өнім бар, мысалы, ел арасында вейп деп аталатын құрамында никотин бар және никотинсіз электронды сигарет. Қорытындылай келе, салауатты өмір салтына (немесе қамқоршыл туыстарының көңілін аулау үшін) бір қадам болса да жасаймын дегендер үшін нұсқама көп.

Понравилась ли вам статья?

2
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз