Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Темекі ертегісі

Никотиннің қанша тамшысы жылқыны шынымен өлтіре алады

Темекі ертегісі: Никотиннің қанша тамшысы жылқыны шынымен өлтіре алады

Бір тамшы никотиннен жылқы тырапай асады деген сөзді естімеген адам кемде-кем шығар. «Ал аламан тышқанның, - дейді кей әзілқой, - қолын қол, бұтын бұт қылып жібереді екен». Бүгінгі мақалада бұл мифтің қайдан шыққанын анықтап, тұтатылған темекіде адамға қауіп төндіретін нақты не екенін сарапқа саламыз. 


Никотин жұтқан жылқы туралы әңгіме қайдан шықты?

Темекі енді зерттеле бастаған кезде зерттеушілер шайырдың, ыс газының және канцерогендердің қатері туралы ойланбай, бар бәле никотиннен келеді деген пікірде болды. Бұл айтылған дүниелердің темекі тудыратын аурулардың басты себебі кейін анықталған болады. Алайда біз айтып отырған заманда шылымға балама саналатын электронды қыздыру жүйелері әлі ойлап табылған жоқ-ты, сәйкесінше темекі өнімдері баяғы әдіспен, яғни тұтату арқылы пайдаланылатын. Мәселен, 1889 жылы жануарлармен жүргізілетін зерттеулер сәнге айналған тұста француз мал дәрігері Камиль Леблан бас кейіпкеріміз жылқыға қатысты тәжірибе жасап көріп, хайуанның өлуіне 8 тамшы никотин жеткілікті болады деген тоқтамға келеді. Бізге түсінікті санмен берсек, бұл – 400 мг немесе 20 қорап темекі. Яғниөлу үшін жылқыға осынша өнімді шайнап, жеп қою керек. Кейінірек темекіге қарсы пропаганда бұл дозаны азайтады, салдарынан біз сегіз емес, бір тамшыны білеміз. Бұл, әрине, бастапқы көрсеткішке қарағанда әсерлірек. 

Никотин тамшысы және адам

Айтпақшы, аңызға айналған никотин тамшыны тағы бір батыл француз, антрополог Гюстав Лебон жалап көрмек болады. «Жүрек қағысының жиілегеніне, бас айналғанын және ұйқы келгенін» сезген ол өле қойған жоқ және бұл әсерін «Темекі түтіні» атты жұмысында сипаттап береді.

Адамды өлтіруге екі қорап темекідегі никотин көлемі керек, оның өзінде мұны тартпай, жеп қою қажет. Алайда біз адамның да, жылқының шылыммен қоректенбейтінін білеміз.

Ал қазір сәнге айналған бірретік темекідегі никотинді санап көрсек, әлдебір қытай өндірушісінің электронды булағышындағы бүкіл дүниені бір реттен қабылдап қою керек екенін анықтаймыз. Мқндағы никотин көлемі (сұйықтық күштілігі 2% болса) екі қорап темекімен шамалас. 

Сондай-ақ оқу Жақсы мен жаман Адам және никотин қарым-қатынасы тарихының ең ықшам нұсқасы

Шын мәнінде бізді не өлтіреді?

Никотинді зиянсыз деп айтуға келмейді, ол әсіресе үлкен дозада зиян. Бірақ оның айналасындағы аңыз, алыпқашпа әңгімені ғылыми тұрғыдан расталған фактілерден ажырата алған дұрыс. Нағыз қатер никотиннен емес, шылым түтінінде кездесетін улы қоспаларда. Ғалымдар темекі тартуға қатысты аурулардың көбінің себебі жану процесінде жатқанын дәлелдеді. Шылым түтінінде (мейлі кәдімгі, мейлі сигара, мейлі мүштік болсын) 7000-нан астам канцероген мен улы заттар бар, оның цианидтер, сынап, бензол, кадмий, күшәлә, тіпті радибелсенді полоний секілді кем дегенде 69-ы денсаулыққа қауіп (қатерлі ісік, өкпе және жүрек-қан тамыры жүйесі сырқаттары) төндіре алады.

Мәселе температурада

Зерттеулердің көрсетуінше, «Темекі тартпа!» деп бұйыру адамдардың бұл жаман әдеттен арылуына еш көмектеспейді. Сол себепті шылымды құлшына сору үйреншікті ісі не айналған жандарға никотин тұтынудың зиянды аздау әдістеріне көшу ұсынылады. Ол – темекі жандырмайтын, тек қыздыратын электронды темекілер мен қыздыру жүйелері.

Мысалы, қыздыру жүйелерінде температура 350 градустан аспайды және түтіннің орнына мұнда бу аэрозолі жүреді. Яғни жану процесі жоқ, сәйкесінше, шылымқордың өкпесі кәдімгі темекіде бар канцерогендер түспейді.

Қорыта келгенде қазір тірі жүрген жылқыларды және адамдарды темекі түтінінен қорғау керек, ал никотиннің мәселесін зерттеушілер қазбалай берсін.

 

Аударған Димаш Зиядин

Понравилась ли вам статья?

1
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз