Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Пайда қайдан: никотинді тағы қалай қолдануға болады?

Пайда қайдан: никотинді тағы қалай қолдануға болады?:

Никотин темекіден басқа қайда кездеседі? Оны агрономдар неге жақсы көреді? Бәрімізге «таныс» жылқыны өлтіру үшін никотиннің қанша тамшысы керек? «ниЖевред» ел ішінде жаман аты жайылған ең «құрметсіз» алколоид туралы биологпен Ольга Пономаренкомен әңгімелесті. 


Табиғат аясында никотинді қайда кездестіруге болады?

Картоп, томат, тәтті бұрыш, баялды – никотин алқа тұқымдас өсімдіктердің көбінде, одан бөлек қара шәйде, ақбас және түрлі-түсті орамжапырақ, жүгері, қауын, банан, таңқурай, мангода кездеседі. Оның көмегімен өсімдіктер зиянкес жәндіктерден қорғанады. Мысалы, алкалоид колорад қоңызмен, сондай-ақ тілә, аққанатпен, кеміргіш көбелекпен күресуге көмектеседі. Осы себепті бұрын никотин ауыл шаруашылығында инсектицид қолданылған, қазір оның синтетикалық баламалары, яғни неоникотиноид пайдаланылады.

Үй жағдайында да никотин іске жарап жатады. Мысалы, әжелердің темекіні алып, үстіне ыстық су құйып, пайда болған қоспаны сыпыртқымен бау-бақшада шашып жүргенін көруге болады. Бұл әдіс жемісті, жидекті және бақша өсімдіктерін барлық уақытта қорғауға жәрдемдесе алады. Екі аптадан соң никотин адамға зиянсыз заттарға бөлініп кетеді, яғни өнімді жеп, тамаққа қосуға болады. 

Темекіден бас тартқан жағдайда никотин пластырының орнына баялды мен қызанақ жеуге бола ма сонда?

Тілеп тұрсаңыз, алқа тұқымдастарды темекінің орнына шегуге де болады (Бұл ұсыныс қолдануға арналған ұсыныс емес. – Редакция ескертпесі). Әрине, әзілдеп отырмын. Бір темекіде кездесетін никотин дозасын алу үшін жоғарыда аталған көкөніс пен жемістің бір емес, бірнеше келісін жеу де жеткіліксіз болуы мүмкін, алайда бұл жағдайда ішіңіз бұзылуы ықтимал. Дегенмен, мұның бәрін кәдімгі қалыпты көлемде жегеннің өзінде ағзаға белгілі бір көлемдегі никотиннің түсуін қамтамасыз етуге болады. Оның үстіне аталған өнімдер калий, магний секілді микроэлементтерге сай және адам үшін аса пайдалы

«Никотиннің бір тамшысы» жылқыны өлтіреді деген сөз қайдан шыққан?

Темекіге қарсы әлемдік кампаниялардың бірінде бұл әшейін қысыр сөз үшін ойлап табылған болатын. Алайда негізі де жоқ емес. 17-ғасырдан бастап түрлі ел ғалымдары шынымен-ақ алдымен тазартылмаған, кейін таза никотинді егеуқұйрық, қоян, мысық, ит, жылқы секілді жануарларға салу жөнінде тәжірибелер жүргізген болатын. Одан түрлі нәтиже алынды. Бір деректерде жылқыны өлтіру үшін сегіз тамшы, енді бір жерде жетпіс тамшы керек деген айтылып жүрді. Бұл ретте тамшы көлемінің белгісіз екенін де айта кету керек. Және мұндай тәжірибелер кезінде нақты жылқының өлгені туралы бірде-бір расталған ақпарат жоқ.

Жылқы – ауыр жануар, оның салмағы орта есеппен 400 килограмды құрайды. DL50 мәліметтеріне сәйкес, бұл – қазіргі ғылымда барынша кең қолданылатын улы және уытты заттар қатерінің көрсеткіштерінің бірі. Яғни 1 тамшы = 1/25 мл = 0,04 грамм есебі бойынша 20 грамм никотин немесе тура 500 тамшы керек. Оны да бұлшық етке немесе тамырға салу керек болады, себебі үлкен көлемдегі никотин ауыз арқылы түссе, бірден құсқың келеді, ағза осылайша өз-өзін тазалауға тырысады. 

Сонда никотиннің қаупі туралы әңгіме асыра айтылған ба?

Жоқ, бірде-бір ғалым, дәрігер, тіпті осы жаңа әңгіме болған жылқының өзі сізге мұндайды айтпайды. Никотин – улы зат және таза күйде қауіпті. Ол көптеген ауруға, мысалы, жүрек-қан тамырлары кеселіне жауапты. Канцероген саналмаса да жану кезінде бөлінетін басқа зиянды заттармен бірге ағзаға түседі және қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін. Бұл тақырыпта қызу пікірталастар жүріп жатыр, тұрақты түрде зертеулер өткізіледі. Оның үстіне никотин тәуелдік тудырады. Оның темекіде болуын шылымқорды басқаруға арналған ләззат құрылғысы деп атауға болады.

Алайда соңғы уақытта никотиннің темекіден келетін басты қатер ретінде сирек қарастырылып жүргенін айта кету керек. Ғылыми зерттеулер барысында оның шылымдағы ең қауіпті зат емес екені анықталды. Ағзаға бірінші кезекте темекі жапырағының және қағазының жануы зиянын тигізді. Цианид, сынап, бензол, кадмий, күшәлә, радиоактив полоний-20 – шылымқордың темекі түтінімен бірге жұтатын канцерогендерінің қатарын толықтыра беруге болады. Сондықтан қазір зиянды азайту концепциясы аясында шылымнан бас тартуға дайын емеспін дейтін жандарға никотин қабылдаудың электронды темекі және темекіні қыздыру құрылғылары секілді балама жолдары ұсынылып отыр. Мұнда жану процесі жоқ, түтін мен күл болмайды, қауіпті шайыр басқа да заттар барынша аз кездеседі (Англия қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі 2018 жылы есеп дайындап, онда электронды құрылғылардың кәдімгі темекіге қарағанда химиялық байланыстарды 95%-ға аз бөлетінін көрсетті. – Редакция ескертпесі), яғни жаман ауруға өзің шалдығудың немесе айналадағыларды шалдықтырудың қатері айтарлықтай азаяды.

Сонымен қатар никотиннің жан-жақты зат екенін атай кету қажет. Ол тек ауыл шаруашылығында ғана қолданылмайды. Нейропротектор, яғни мидағы зат алмасуды қалыпқа келтіретін препарат, сондай-ақ қабынуға қарсы дәрі ретінде тамаша терапевтік әлеуеті бар. Оны анальгетик, антидепрессант және семіруге қарсы құрал ретінде зерттеп жатыр. Әрине, никотин әр адамға әртүрлі әсер етуі мүмкін, сондықтан жақын арада мұның негізінде жасалған дәрі пайда болады деп айту қиын.


Аударған Димаш Зиядин 

Фотоколлаж yanlaurentxo

Понравилась ли вам статья?

2
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз