Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Кинодағы сияқты

Кофе мен темекі ісімізді өнімді ете түсе ме?

Кинодағы сияқты: Кофе мен темекі ісімізді өнімді ете түсе ме?

Көптеген шығармашылық және кеңсе қызметкерлері үшін таң кофеден басталады. Ал кейбіреулері, тіпті, кофемен бірге темекіден де бастауы мүмкін. Осы тұста мұндай үйлестік өнімділік пен жасампаздықты арттыра түседі деген пікір кеңінен таралған. Темекінің зияндылығын ескере отырып, және де көптеген озық зерттеулер бойынша түтінсіз баламаларға өту туралы жиі кездесетін кеңестерді қоса алғанда, кофеин мен никотин еңбек өнімділігін шын мәнінде ұлғайта ала ма екен, соны анықтайық. 


Дереккөз: Забелина Д. Л., Сильвия П. Дж., «Сүзіліп аққан идеялар: шығармашылық ойлау және мәселелерді шешудегі кофеиннің әсері. Сана және таным» 

Арканзас және Солтүстік Каролина университеттерінің зерттеуі көрсеткендей, өнімділік пен кофеин арасында шындығында да оң корреляция бар. 

Дереккөз: Гарт Сандем, «Brain Candy: нейрондарымызды қоректендіретін ғылым, қарама-қайшылықтар, ойжұмбақтар, логика»

Басқа зерттеулерге сүйенсек, мұндай өнімділік уақытша құбылыс, әрі оған ұзақмерзімді келешекте сенуге болмайды. 

Дереккөз: Гарт Сандем, «Brain Candy: нейрондарымызды қоректендіретін ғылым, қарама-қайшылықтар, ойжұмбақтар, логика»

Бұдан бөлек кофеинге (және никотинге) деген тәуелділік пайда бола бастайды. Яғни, уақыт өте келе адам еңбек өнімділігін бұрынғы деңгейде сақтап отыру үшін кофе мен темекіні барған сайын көбірек қажет етеді. Сондықтан күнді кофеден бастап көруге болады. Бірақ темекіден емес екені анық. 


Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз