Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Бір тамшы никотин адамды өлтірмейді. Сонда не өлтіреді?

`

Бір тамшы никотин адамды өлтірмейді. Сонда не өлтіреді?: `

Шылым шегу зиян екенін барлығы біледі, біздерді сигарет қаптамаларында түскен тістермен, белсіздікпен, жүрек ауруларымен, өкпе және ас қорыту жүйесінің қатерлі ауруларымен қорқытады, бірақ көбіміз, ондайға душар болмаймыз деген үмітпен шылым шегуді жалғастыра береміз.


Сонымен қатар, сигареттердің құрамында қаптамаларындағы суретте көрсетілген қорқынышты ауруларды тудыратын нақты не екені туралы ақпарат онша көп емес. Шылым шегудің бәрі бірдей зиянды ма? Аурулар неден дамиды және тап сізде олардың даму қаупі қаншалықты жоғары? Бір күні қорқынышты дертпен ояну қаупін азайту үшін не істеуге болады?

Барлық осы сұрақтарға осы мақала бетінде жауап береміз. 

Шылым шегу сабағы және істің мәні неге никотинде емес

Сигареттің әсер ету механизмін түсіндіру үшін ең негізгісінен: сигареттің немесе папиростың құрылысынан бастайық.

Мысалы, бізде сигарет бар, ол тез жанатын қағазға оралған, кейде дәм мен иіс үшін қоспалары бар темекі. Сигаретке кейде шаш сияқты жіңішке талшықтардан жасалған сүзгі жалғанған – сүзгі түтін мен зиянды заттардың мөлшерін азайту үшін жасалған, бірақ олардың аз ғана бөлігін ұстап қалады.

Сигаретті тұтатқанда не болады? Қағаз, темекі, дәмдік қоспалар 600 градустан жоғары температурада жана бастайды, темекі түтіні пайда болады. Шылымқұмар барлық жану өнімдерін тартады: күйген қағазды да, темекіні де, сигарет түтінінде түзілетін 7000 затты да. Осы 7000 заттың ішінде кем дегенде 69 заты канцерогенді және ішкі ағза мен денсаулыққа қауіпті. 

Темекі жанғанда қанның тыныстау пигментін – гемоглобинді байланыстыру қасиетіне ие болатын көміртек тотығын бөледі. Бұндайда оттекті тасымалдауға қабілеті жоқ карбоксигемоглобин түзіледі. Осылайша ағзада тіндік тыныс алу процесі бұзылады. Шылым шекпейтін, бірақ шылым шегетіндермен бірге жабық, нашар желдетілетін жерде болған адамдар сигарет түтінінің құрамындағы барлық заттардың 80% дейін тыныстайды. Осындай пассивті шылым шегу – «темекі түтінінің» ортасында болу – әсіресе зиян.

Сигареттің жанғанына 7 секунд болғанда никотин түтіннен бөлініп, миға жетеді: ол жүйке жүйесіне ынталандырушы әсер береді, қанға адреналин шығарады, дофаминмен мидағы «рахат алу орталықтарын» қанағаттандырады да, жүрек қағысын жиілетеді, бұл жүрек пен қан айналым ауруларына шалдыққан адамдар үшін қауіпті.

Қате түсініктерге қарамастан, никотин тек үлкен мөлшерде ғана уытты, аз мөлшерде көп зиян келтірмейді – адамдар никотиннен емес, түтіннің улы қосылыстарының салдарынан дамитын аурулардан өледі. 

Ағзаға төнетін қауіп-қатері ше, қандай?

Тыныс алу органдары улы түтінді ең бірінші болып қабылдайды. Статистика көрсеткендей: өкпенің қатерлі ісігі шылым шекпейтіндерге қарағанда шылымқұмарларда 10 есе көп дамиды.

Өкпенің қатерлі ісігінің 90% және барлық қатерлі ісік ауруының 30% (соның ішінде ауыз қуысының қатерлі ісігі) темекі түтінінің қауіпті әсеріне байланысты.

Темекі түтінінің компоненттері ас қорыту органдарын зақымдайды, бүйрекке, жүрекке, қантамыр жүйесіне әсер етеді, панкреатитті, атеросклерозды тудырады, тамырларға зақым келтіреді, бұл өз кезегінде Альцгеймер ауруына және де белсіздікке алып келуі мүмкін. 

Ғылыми зерттеулер мен клиникалық бақылаулар болса көп жыл бойы шылым шегу асқазан жарасы мен аш ішектің ойық жарасының пайда болуына септігін тигізетінін көрсетеді. Күніне бір шылым шегетін ер адамдардың коронарлық жетіспеушілігімен ауру қаупі 48%-ке артады (бұл өз кезегінде инфарктқа әкелуі мүмкін), ал инсульттің даму қаупі ешқашан шылым шекпегендерге қарағанда төрттен бір бөлігін құрайды. Әйелдерде бұл көрсеткіштер одан да жоғары: инфаркт қаупі 57%-ке және инсульт қаупі 31%-ке артады.

Дегенмен, адамдар жиі шылым шегеді: Темекі атласының (2016) деректері бойынша Қазақстанда күн сайын ерлердің үштен бірі және әйелдердің 3,2%-і шылым шегеді. Соңғы 16 жылда ересек шылым шегушілердің жалпы үлесі төмендегенімен статистика әлі де болса қуанта қоймайды: әлемдегі әрбір бесінші ересек адам шылым шегеді.

Әлемде шылым шегуге байланысты аурулардан жыл сайын 7 миллион адам өледі. Тек Қазақстанда ғана барлық өлім-жітімнің 84%-і инфекциялық емес ауруларға келеді, ал өлімнің 98% жалпы аурулардан болады – қалған 2% инфекцияларға байланысты. Дұрыс өмір сүрмеу, соның ішінде шылым шегу де, осы аурулардың дамуына себепші болады.

Ғалымдар өз дегенінен қайтпай тұр: қауіпсіз сигарет шегу жоқ, пассивті шылым шегу әсіресе қауіпті, бірақ осы жаман әдеттен толықтай бас тарту қолдан келмесе, оның зиянын азайтатын әдістер бар.  

Жағдай нашар, әрі қарай не болмақ?

Шылым тастағысы келетіндер көп екені анық, бірақ темекі өнімдерінің бағасын көтерудің және қораптарға қорқынышты суреттерді орналастырудың қазіргі тактикасы жұмыс істемейді.

Шылым шегу – тәуелділік, сондықтан оның психологиялық та, физиологиялық та компоненттері бар. Яғни, бір жағынан, никотин ағзаға жағымды және эйфориялық әсер береді – біз күйгелектенген сайын шылым шеге бастаймыз, осыдан тәуелділік механизмі пайда болады, екінші жағынан – осымен бірге біз көптеген проблемаларға тап боламыз. Жаман әдеттен қолды бір сілтеп қана бас тарту бәрінің қолынан келмейді, никотин-алмастырғыш терапия жаман әдеттен арылу пайдасына тек 10% жағдайда ғана жұмыс істейді. 

Бұл жағдайда не жасауға болады? Бүгінгі таңда төмендетілген қауіп әлеуеті бар балама өнімдердің әртүрлісі бар: никотин сұйықтығы, қыздырылатын темекі өнімдері және аралас өнімдер.

Залалды азайту концепциясы қауіптерді азайтуды жақтайды: зерттеулер көрсеткендей, радикалды тыйым салу жаман әдеттен арылуға көмектеспейді, ал денсаулық сақтаудың мақсаты – тыйым салып, мәжбүрлеу емес, хабардарлы таңдау жасап, қатерлерді азайтуға көмектесу.

Сарапшылардың кәсіби қорытындылары мен рецензиялары никотинді жеткізудің балама өнімін – электрондық сигареттерді қолдайды. Ағымдағы зерттеулер базасына сүйенсек, электрондық сигареттердің әдеттегі сигареттерге қарағанда кем дегенде 95% зияны төмен деп айтылады. 

Мәселе жану процесінде: сигарет пен ондағы темекі жанған кездегі 600 градус жану өнімдерін және 8000 қосылысты түзеді.

Егер сигарет жанбай, тек 400 градустан төмен температурада қыздырылатын болса, түтін емес, бу пайда болады. Бұл будың құрамында әлі де зиянды заттардың бір бөлігі бар, бірақ қыздыратын өнімдердің өздерін де, оларды тұтынатын адамдарды да зерттеудің нәтижесі жану болмағанда зиянды заттардың мөлшері 90-95%-ке төмен болады, ал канцерогендердің төмендеуімен қоса өкпенің, ішкі мүшелердің құрылымдық және молекулярлық зақымдалуы азаяды деген қорытындыға келді.

Қыздырылатын темекі – қатерсіз деп айтуға келмейтін, бірақ анағұрлым қауіпсіз балама. Америка үкіметінің деректері бойынша бір жыл ішінде балама өнімдерді тартатындардың 18%-і шылым шегуді мүлдем қояды – никотинді алмастыратын терапия кезінде 10%, ал үзілді-кесілді бас тартқанда – тек 7% және бар-жоғы 6-12 айға ғана қоя алады, шылымқұмарлардың көбі жаман әдетіне қайта оралады. 

Понравилась ли вам статья?

3
1
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз