Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Кинодағыдай...

Кофе мен темекіден кейін шынымен жұмысты өнімді істеп тастамыз ба?

Кинодағыдай...: Кофе мен темекіден кейін шынымен жұмысты өнімді істеп тастамыз ба?

Кеңседе отыратын, сондай-ақ шығармашылықпен айналысатын жандардың әжептеуір бөлігі кофе мен темекі жұмысты жапырып істеп тастауға көмектесіп, қажыр-қайратыңды арттырады деген пікірде. Біз бұл мәселенің анық-қанығын білуге тырыстық. Сөйтсек, аталған заттар шынымен көмектеседі екен, бірақ әрдайым қажетке жарайды деп айту қиын. 


Қарқынды һәм өнімді

Жоспарлар ғаламат... бірақ... алдымен кофе ішейік!

Көп адам таңғы уақытты бір шыныаяқ кофе және темекісіз елестете алмайды. Осылардың көмегімен ғана тау төңкеріп, тас қопарып тастайтындай сезімде боламыз. Алайда сергіп алған соң темекінің қаупі жайлы мына бір жайтты еске алған жөн: шылымқор әр жолы темекі түтінін жұтқанда, жану барысында бөлінген канцерогендер, шайыр және ыс газы ағзаны улайды. Сол себепті никотин көзінен мүлдем бас тарта алмасаңыз, оның зияны төмендеу балама жолдарына өтуге кеңес береміз. Кем дегенде темекінің жанғанына құтыласыз.

Еңбекқұмарлар мен ерекше жандар үшін міндетті дерлік дүниеге айналған кофе мен темекі жұбы қалай пайда болды? «Brain Candy: ғылым, қарама-қайшылық, бас қатырғыштар, қисын – мұның бәрі нейрондарыңызды қректендіруге арналған» атты кітапта Гарт Сандем бір зиян әдеттің екіншісімен үйлесуін төмендегідей түсіндіреді. 

«Кофе қарқынымызды арттырады, ал никотин зейінімізді жақсартады», – дейді ол.

Артынша ол мұның қысқа уақыт қана жүретінін айтады. Яғни біраздан кейін өнімділігіміз кофе ішіп, темекі тартқанға дейінгімен салыстырғанда төмендеп кетеді екен. Сәйкесінше, біз «кофетемекінің» бір порциясынан соң екіншісін, одан кейін үшіншісін, тағысын тағы тоқтамай қабылдамай береміз. 

Кофе: креатив пе, әлде жұмысты өндіріп істеу ме?

Дүйсенбі таңы

Арканзас және Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары кофеиннің қандай да бір тапсырманы орындауға қалай көмектесетінін зерттеп көрмек болыпты. Тәжірибеге 88 адам қатысады. Оның жартысына 200 миллиграмм кофе капсула түрінді беріледі, қалғаны плацебо алады.

Қатысушылар креатив ойлау, конвергентті ойлау (тапсырманы жылдам шеше білу қабілеті) және жұмыс жадын бағалау бойынша үш тестіден өтеді. Нәтижесінде креатив бойынша көрсеткіш екі топта бірдей екені, алайда кофеин қабылдағандардың екінші тестіден тезірек өткені анықталады. Сондықтан бір шыныаяқ кофе жұмыс өнімділігін арттыруы мүмкін, алайда шәй немесе су ішетін әріптесіңізге қарағанда ерекше, аса тартымды шешім ұсына қоюыңыз неғайбыл.

При этом еще одно исследование показало: курильщику, чтобы получить заряд бодрости, приходится выпивать больше кофе, чем некурящему. Это связано с тем, что никотин препятствует способности организма поглощать и использовать кофеин.

Гормондар билігінде

Жұмыс процесі тығырыққа тірелгенде, темекі тартуға шығатынымыз бар. Шылымнан кейін жобаны дәл қазір аяқтап тастайтындай сезімде боламыз. Шынымен-ақ, дәрігерлердің айтуынша, никотин марапаттау жүйесін күшейте екен. Атап айтқанда, сергек жүруге жауап беретін ацетилхолин нейромедиаторын бөлетін нейрон түйіндеріне әсер етеді. Салдарынан шылымқор темекіден соң өзін белсендірек, жұмысты жақсырақ істейтін секілді сезінеді.

Никотин бұдан бөлек бас мидың дофамин құрылымдарына да ықпал етеді. Ләззат алу гормоны «темекі тарту – жақсы сезім» деген байланысты мықтап бекітіп алады, нәтижесінде қайтадан белсенді болу үшін ми аталған процесті, яғни шылым шегуді талап ете бастайды. 

Ащы әсер қалдыратын тәтті жұп

Кофе іш. Ақымақ істі жылдамырақ және күш-қайратпен істе!

Кофеин мен никотинді қатар қабылдау миға әсер етіп, әлдебір дүниеге назар аударуды және физиологиялық «өршеленуді» күшейтеді. Яғни бұл жұптан соң ағза марапаттаудың еселенген мөлшеріне ие болады. Екеуі де қан қысымын арттырады, салдарынан адам уақытша өзін сергек сезінеді. Мұндағы басты сөз – «уақытша».

Кофеинді ұзақ уақыт қабылдау жүйкенің жұқаруына, ұйқысыздыққа, ағзаның сусыз қалуына, асқазанның тітіркенуіне және шаршап-шалдығуға алып келеді. Ал никотин ағзаға түсісімен, қандағы қант деңгейі аздап көтеріліп, энергетикалық құнар береді. Осының кесірінен кепілге тссіп қаламыз: жұмысты жапырып істеу үшін кофе мен темекіні бұрынғыдан да көп қажет етеміз.

Пайдасы алып бара жатпаған бұл тығырықтан қалай шығуға болады? Ең әуелі түтіні мен кофесі бұрқыраған адамның бейнесін кино кейіпкерлеріне қалдырған жөн. Шын өмірде бірсәттік күшеюдің артында ағзаның түрлі жүйесіне соққы беретін алуан-алуан салдар тұр. Кезекті шылымды тұтатқанда қаншама зиянды зат жұтатыныңызды елестетіп көріңіз.

Сондай-ақ оқу Шылымы аузынан түспейтін қай кинокейіпкерсіз?

Жұмысты жақсы істеу үшін басқа әдістер қолдануға болатынын естен шығармаңыз. Мысалы, кәдімгі тайм-менеджменттің көмегі зор:

  • маңызды жұмысты бірінші бітіріп тастаңыз,
  • бір тапсырманы бітірген соң барып екіншісіне кірісіңіз,
  • күнді алдын-ала жоспарлаңыз.

Сосын таңды шәйден бастап көріңіз, ал темекінің орнына жақын арадағы саябаққа барып, серуендеп қайтыңыз. Бұл да шабыт сыйлайтын тамаша дәстүрге айналуы мүмкін, сеніңіз.


Аударған Димаш Зиядин

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз