Редакция ұсынады

Шаршағандық және қант

Тамақтануды өзгертіп, өмірдің қызығына қалай оралуға болады

Шаршағандық және қант: Тамақтануды өзгертіп, өмірдің қызығына қалай оралуға болады

«Демалғым келеді, бірақ мүмкіндігім жоқ». Созылмалы шаршау деген не?


Егер сізді бұрын қуантқан нәрсе енді қуантпаса, ісіңіз нәтижесіз болып, өзіңізді үнемі шаршаңқы сезінсеңіз және демалыс күндері де бұл сезімдерден арылмасаңыз, онда сіз созылмалы шаршау синдромына шалдыққан боларсыз. Психологтар оны эмоционалды тозу деп те атайды. Соңғы кездері бұл мәселенің өзектілігі барған сайын артып келеді, көбінде бұның себебі цифрлық технологиялардың дамуында – күннен күнге адам қара жұмыстан интеллектуалдық еңбекке ауысып келеді.

«Күніне тәтті сусындардың бір порциясынан артық ішкен әйелдер диабетке екі есе көп ұшырайды», – деп жазады ғалымдар.

Аудрюс Йозенас адам ағзасын өлтіретін күшті удың бірі қант екенін ерекше атап өтеді. Ол ұсақ капиллярларды, адамның барлық мүшелеріндегі қан тамырларын: миды, жүректі, көзді, бүйректі және т.б. зақымдайды.

Бұндайда тәттіге тәуелділік есірткіге тәуелділікке өте ұқсайды. Бұған тез әдеттеніп алу, тіптен абстиненция синдромы да жатады.

«Қантты тұтынған кезде ми серотонин және дофамин бөледі. Адам рахат сезіміне бөленеді. Бірақ үнемі қант тұтынтын болса, онда ми оларды өздігінен жеткілікті түрде шығармайды. Сондықтан адам «қант инесінде» отырады», – деп айтады Аудрюс Йозенас.

Қалай дұрыс жолға түсуге болады? Ұсыныстар

Сонымен не істеуге болады және созылмалы шаршауға ұшыраған адамдарды тәтті тұзақтан қалай босатып шығарып алса болады? Жоғарыда айтқанымыз қорқынышты болғанымен, тәттінің бәрі бірдей зиянды және қорқынышты емес. Одан бас тартпаса да болады, әсіресе, ол күнделікті өмірдегі күйзеліспен күресуге көмектесетін бір қуанышыңыз болып табылса. Егер келесі ұсыныстарға құлақ асатын болсаңыз, тәттіні жеудің зиянын шынымен азайтуға болады.

Барлығымыз қант алмастырғыштар жайында естігенбіз. Солардың ішінде, фруктоза, сорбит, аспартам, бал. Олар қантқа қарағанда жақсырақ. Диетологтар олармен қатты әуестенбеу керектігін айтады. Бірақ қант алмастырғыштардың пайдасы шынымен бар, мысалы диабетпен ауыратын адамдар үшін. Шамамен пайдаланса, денсаулыққа ешқандай қауіп төндірмейді. Оның үстіне олардың нәрлілігі екі есе аз.

Тәттінің бәрі жаман бола бермейді. Мысалы, жеміс пен жидектердің тәттісі. Аудрюс Йозенастың айтуынша, ондағы қант бірден шығарылмайды, сондықтан ағза да инсулиндік шокқа ұшырамайды. Қант оған жасұнықпен және қатты талшықпен түседі. Біртіндеп бөлініп, қанға жеткізіледі. Бұл шоколадтар мен торттарға қарағанда әлдеқайда жақсы.

Бірақ оларды да белгілі бір нормаларды сақтап, тұтынуға болады. Сау адамдар үшін тәулігіне тәттіні тұтыну нормасы: әйелдер үшін – 50 грамм және ерлер үшін 70 грамм деп саналады. Бұл да аз көрсеткіш емес. 50 грамм сникерстің екі стандартты батончигіне сыйып кетеді. Ал егер ерлер нормасын алатын болсақ, онда батончиктерге, мысалға, екі қасық қант салынған шайды қосуға болады.

Сонымен қатар, Аудрюс Йозенас рационда алуан түрлі тағамдыпайдалануға кеңес береді. Тамақ толыққанды, құрамында ақуыз бен майлар жоғары деңгейде болуы тиіс. Көкөністер, жаңғақтар, дәндер жайында да ұмытпау керек. Тамақтануға тағамдық қосымшаларды да қосуға болады. Бұл ретте әрбір нақты адамның белгілі бір мақсаттарына сәйкес келетін өз рационы болуы керек. Яғни, мысалы, арықтағысы келетін немесе ағзасын жақсы күйде сақтағысы келетін адамдардың нормалары мен порциялары – әр түрлі.

Сонымен қатар, созылмалы шаршауға шалдыққан адамдардың ағзасында кейбір элементтер: темір, йод, дәрумендердің жетіспеушілігі байқалуы мүмкін. Аурюс Йозенастың пікірінше, бұны түзету үшін тамақтану тәртібін өзгерту жеткіліксіз. Өйткені тапшылық жылдар бойы жиналады. Бұл жағдайда дәрігерлер препараттарды: поливитаминдерді, дәрумендерді, йодты және т.б. тағайындауы мүмкін.

Көріп отырғаныңыздай, тығырықтан шығудың жолы бар екен. Ең бастысы – өз ағзаңызды тыңдай білу, оны түсіну және әр нәрсенің өз шамасы барын естен шығармау керек.

Инсулин шығарудың бұзылуы көп жағдайда диабетке алып келеді, бұл да созылмалы шаршауға шалдыққан адамдардың халіне кері әсер етеді. Бұны АҚШ Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығының зерттеуі дәлелдейді.

«Істің мәні мынада: қант ағзаға түскен кезде ол глюкозаға дейін ыдырайды. Ұйқы безі инсулинді бөле бастайды, ол глюкозаның жасушаларға енуіне көмектеседі. Қантты шамадан тыс тұтыну себебінен инсулин үнемі бөлініп тұрады да, инсулиндік төзімділік дамиды. Инсулин жеткілікті болса да – жасушалар енді оны қабылдамайды. Қант қалдықтары бауыр мен бұлшықеттерде – негізгі бөлігі май түрінде жиналады», – деп айтады Аудрюс Йозенас.

Психолог Оксана Гулак созылмалы шаршауға шалдығудың басты үш симптомын атады:

1. Бұрындары қуантқан нәрсе, мысалы, жақындармен араласу, сүйікті іспен айналысу, енді қуантпайды.

2. Үнемі үрей сезімінде жүру. Ешқандай қайғы болмаса да, адам мазасызданудан арыла алмайды.

3. Ұйқының бұзылуы. Тыныш терең ұйқы – психикалық денсаулықтың маңызды көрсеткіші. Егер ұйықтай алмасаңыз немесе үнемі ояна берсеңіз – онда бір нәрсеңіз дұрыс емес деген сөз.

«Көп жағдайда созылмалы шаршауға шалдыққан адамдар қанша демалғысы келсе де, мүмкіндігі болмайды. Жай ғана отырып, ештеңе ойламай отыра алмайды. Оларды үнемі бір ой мазалайды, оларға әрдайым бір нәрсемен айналысу қажет. Бұл өте ауыр симптом, ол кейіннен үрей ұстамасының себебіне және невротикалық күйдің басқа да үлкен спектрінің себебіне айналуы мүмкін», – деп есептейді психолог.

Дене мен психика өте тығыз байланыста болады. Сөйтіп созылмалы шаршаудан арыламын деп зиянды әдеттерге ұрынуға болады. Соның ішінде – дұрыс тамақтанбау, ол адамның күйін керісінше нашарлатады. 

Созылмалы шаршауға шалдыққан адамдарға қант қалай әсер етеді?

Созылмалы шаршауға шалдыққан адамдардың осындай зиянды әдеттерінің бірі – тәттіні шамадан артық жеу. Америкалық дәрігер Якоб Тейтельбаумның зерттеуінде созылмалы шаршау синдромы қантқа құмарлықты тудырады деп айтылады. Ал ағзадағы оның артық мөлшері халді нашарлатып, одан да көбірек жеуге тартып тұрады – осылайша тығырыққа тірейді.

Бұл ретте созылмалы шаршауға шалдыққан адамдар көп жағдайда қандағы қант деңгейін реттеу қиындықтарына тап болады. Біреулерде ол төмен, кейбіреулерде болса жоғары. Бірақ ағза үшін оның ауытқуын қысқа аралықта сақтау аса маңызды – күрт секіргенге жеткізбеу қажет. Британдық ғалым Сара Майхиллдің зерттеуінде қандағы қант деңгейі созылмалы шаршауға шалдыққан адамдарға қалай әсер ететіні айтылады.

Егер қант деңгейі қатты төмен түсіп кетсе, онда барлық тіндердің, әсіресе мидың энергиямен қамтамасыз етілуі бұзылады. Ондай адам тежелгіш болып қалады, басы айналып, өзін мәңгіріп тұрғандай сезеді. Көру қасиетінің айқындығы бұзылады, құлағы шуылдайды, кенеттен әлсіздік, тіптен шамалы діріл де пайда болады. Тіптен сөйлей алмай, дұрыс ойлай алмауға да барады. Әрине, осыдан кейін тағы бір рет тәттіні жеп алуға тартады.

«Пациенттің түрі міне-міне құлайын деп тұрғандай болады (жиі тап солай болып жатады), оған отырып, демалу қажет», – деп Сара Майхилл өз зерттеуінде жазады.

Егер де қандағы қант деңгейі керісінше жоғары болса, онда артерияға қауіп төнеді, тіптен инсультқа да әкеледі. Бірақ ол артериялар зақымдалғандықтан ғана емес, бұлшықеттердің де толыққанды жұмыс істей алмағандығынан болады. Бұл да созылмалы шаршауға шалдыққан адамдардың әлсіздігінің бір себебі болуы мүмкін.

Әдетте бауыр қандағы қант деңгейін бақылайды, ал тәттіні шамадан тыс жейтін болсақ, жүйеміз жаңылып қалады. Егер де адамдар спортпен жеткілікті түрде айналысатын болса, ол ағзаға «тәтті жүктемелермен» күресуде көмектесер еді. Бірақ қазір аз қозғалысты өмір салты – планетаның орташа статистикалық тұрғыны үшін бұл қалыпты жағдай.

Созылмалы шаршауға шалдыққан адамдардың тәттіні жеуден жағдайы нашарлауының тағы бір салдары артық салмақ болып табылады. Бұған қазақстандық диетолог дәрігер Аудрюс Йозенас әбден сенімді.

«Адамның салмағы ондаған артық килограммдармен есептеліп жатса, онда барлық өзге қиындықтармен қатар, ол үнемі бірнеше үлкен құты су көтеріп жүргендей сезімде болады. Сондықтан адам шаршайды, оның жұмыс істеу қабілеті төмендейді», – дейді Аудрюс.

Дәрігер тәтті құмарлар салмақты инсулин гармонының жұмысы бұзылғандықтан қосып алатынын атап айтады.

Понравилась ли вам статья?

0
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз