Редакция ұсынады

Ащы және жиіркенішті

Неліктен темекіні тастаған жөн?

Ащы және жиіркенішті: Неліктен темекіні тастаған жөн?

Темекіден бас тартып, электронды құрылғыларға көшкендер, енді темекінің иісі де төзгісіз болып сезілетінін жиі айтады. Киносыншы, ойынхана қызметкері және тілші түтінсіз өмір сүрудің қалай екендігін әңгімелеп берді. 


Шылым шегуден пайда болатын аурулардың себебі никотинде емес деп санайды сарапшылар. Темекінің түтіні мен оның жануы барысында пайда болатын заттар – шайырлар, канцерогендер, улы газдар – адам ағзасына әлдеқайда көп әсер етеді.

Сондықтан денсаулықты сақтау үшін кәмелетке толған шылымқорларға никотинді жеткізетін балама көздерге назар аудару ұсынылады. Мысалы, қыздыру жүйелерінде темекі жанбайды. Ал оның аэрозолінде (түтінмен шатастырмаңыздар) жанып тұрған темекіге қарағанда зиянды заттардың мөлшері 95% дейін төмен болады.

Тәжірибелі шылымқұмарлардан электронды құрылғылар темекінің орнын алмастыра ала ма, әрі неліктен темекіні қыздыру жүйелеріне көшкеннен кейін олардың бұрынғы әдетіне оралуға асықпайтындарын сұрастырып көрдік.

Кәрім Қадырбаев, киносыншы:

– Осыдан бір-екі жыл бұрын гаджеттерге ауыстым, бұл маған алуан түрлі түйткіл – темекі тұқылынан күйген киімнен бастап (ондай да болған), тұрақты жөтелге дейінгі мәселелерден құтылуға көмектесті. Дегенмен басты артықшылығы уақыт үнемдеу мүмкіндігінде жатыр. Көбінесе шылым тартатын орынды іздеп жүгірмейсің, өйткені көптеген жерлерде, тіпті, кеңселерде де осындай құрылғыларды пайдалануға негізінен бейілділікпен қарайды. 

Мен үшін *** (темекіні қыздыру жүйесінің бренді – ред.) көшкеннен кейін шылымға оралу тәуелсіз Қазақстанның Кеңес Одағына оралғанымен тең. Бұған жол жоқ, дегенмен бір жалған сағыныш сезімі бар секілді.

Рената Ишмұхаметова, ойынхана әкімшісі:

– Электронды құрылғылармен танысқанға дейін 10 жыл темекі шектім. Шылымның дәмі мен иісі қатты ұнайтын. Темекіні қыздыру жүйесін байқап көріп, алғашқы уақытта шылымды стиктермен кезектесіп тартатынмын, өйткені әлі де үйреншікті емес еді. Сосын бір апта бойы тек қана гаджетті қолдануға бел будым. Кейіннен қарапайым темекіге оралсам, жиіркенішті иіс пен дәмді сезе бастадым. Осылайша, дәстүрлі темекіні шегуге деген құлшыныс жоғалып кетті. 

Иә, 3 жыл бойы темекіні қыздыру жүйесін қолданып жүріп, достарымның ортасында шылымды қайта-қайта сұрайтынмын. Бірақ әлгі шылымды бір тартып, сол бойдан өшіретінмін – себебі дәмі енді мен үшін жағымсыз болды.

Тағы бір артықшылығы: гаджеттерге өткен соң менде шылымқордың жөтелі тез арада кетті. Шылымның баламасын тапқаныма бір рет те өкінбедім.  

Сондай-ақ оқу Орама темекіден электронды девайстреге дейін Адамдар қашан шылым шеге бастады және темекі шегу қағидаты қалай өзгерді

Дәрігерлер мен өндірушілердің түсіндіруінше, түтіні жоқ гаджеттер шегу барысына қарағанда ағзада жиналатын шайырлар мен басқа заттарды бөлмейді. Әрі шылыммен салыстырғанда тәуекелі аздау. 

Наталья Слудская, тілші:

– Мен, әрине, шылым шекпейтін адамға шылым тарта бастаудың тіпті керегі жоқ екендігіне сенімдімін – бұл ауыр тәуелділік және мүлде ақымақ әдет. Темекі шегудің кез келген түріндегі жарнамасын да ешбір жағдайда қолдамаймын. Алайда. Өзім темекі тартқан соң, шегу зиянын ұғынып, шылымқорлар елінде тұрудың азабын түсінемін, сонда да, өзім темекі тастауға ниеттенбеймін.

Осы әдеттен бас тартқысы келмейтін мен секілділермен не істеуге болады? Бұл сауалға ұзақ уақыт бойы жауап табыла қоймады, кейін мен электронды құрылғыларға ауыстым.

Міне, төрт жылдан астам уақыттан бері темекіні ұстап та көрмеппін, әрі әдеттегі шылым шегу мен темекі қыздыру жүйесін пайдалану арасындағы үлкен айырмашылықты көріп отырмын. Мен үшін бұл жайлы шешім болып шықты, бұның артықшылықтарын физикалық тұрғыдан сезінемін. Шылым шегудің көптеген жағымсыз тұстары – мәселен, жөтел мен жанып тұрған темекінің кәдімгі дәмі жойылды.

Темекі шегуді тастау (немесе мүлдем бастамау) мен темекі шегудің басқа бір амалдарын іздеудің арасында, әлбетте, мен біріншісін таңдар едім. Алайда адам осының бәрін біле тұра бәрібір шылым шегуді таңдаса, меніңше, қарапайым темекі тартуды темекіні қыздыру жүйесін қолданумен теңестірудің қажеті жоқ. Бұл салыстыруға келмейтін заттар.

***

Құрамында никотині бар өнімдерді қауіпсіз тұтынудың нұсқалары жоқ екендігін білу маңызды. Ал егер де одан бас тарту мүмкін болмаса, онда қолайлы ымыраға қол жеткізу үшін зияны анағұрлым төмен әдістерді таңдау керек. 


Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

1
0
0

Тақырып бойынша тағы оқыңыз