Сіздерге жақсырақ болу үшін не істеуіміз керек?

Сауалнамадан өту
Редакция ұсынады

Шоколадтың сиқыры

Дәрісіз емделудің жолдары

Шоколадтың сиқыры: Дәрісіз емделудің жолдары

Сіздер үшін қара шоколадтың пайдасы туралы деректер топтамасын жасап қойдық, өнімнің қай кездерде жаманды азайтуға, ал жақсыны арттыруға көмектесе алатынын анықтайық.


Күйзеліс және депрессия

«Барлық аурулар жүйкеден туады» деген мәтел болып кеткен сөздің медициналық негіздемесі бар. Шын мәнісінде ұзақ уақытқа созылған күйзеліс жүрек-қантамыр жүйесінің мәселелеріне әкеліп соқтыруы мүмкін, артық салмақтың жиналуына септігін тигізіп, тіпті, диабеттің пайда болуына да алып келеді. Алайда күйзеліс гормоны кортизолдың көздейтін басты мақсаты – бұл ми. Ал мидың күйзеліске деген реакциясы ретінде депрессиялар, тұрақты мазасыздық, когнитивті қызметтің төмендеуі және есін жоғалту жайттары болуы да ықтимал.

Осы жерде қара шоколад көмекке келе алады. Әрі зиянды азайтып қана қоймай, сондай-ақ патологиялық үдерістерді, тіпті, болдырмай тастап, барлық көрсеткіштерді бұрынғы қалпына келтіре алу мүмкіндігіне ие. Зерттеуге сүйенер болсақ, шоколад мидың рахатқа байланысты аймақтарындағы жүйке белсенділігін ынталандырады. Соның нәтижесінде көңіл-күй көтеріледі, ал депрессия қаупі анағұрлым төмендей түседі. 

Осы тақырыпқа сай тағы бір жаңалық

Бұл зерттеуді жуырда ғана Исфахан медициналық ғылымдар университетінде (жұмыстың нәтижесі Nutritional Neuroscience журналында жарияланған) қызмет ететін ирандық физиологтар өткізген. Осы тәжірибеге кеміргіштер қатыстырылды, ғалымдар оларды үнемі күйзеліс жағдайында ұстап, әртүрлі тамақтану режимдерінің бас миы бөлімдері және жүйелеріне деген ықпалын зерттеген.

Соның нәтижесінде белгілі болғандай, қара шоколад жануарларға тұтынылған тағамның салмағы мен мөлшерін азайтуға көмектесті. Ал ең бастысы, гиппокамптың (қысқа мерзімді жадтың ұзақ мерзімді және кеңістікті жадқа ұласуына қатысатын, сондай-ақ эмоциялардың қалыптасуына атсалысатын ми жүйесінің бөлігі) белсенділігі мен икемділігіне деген созылмалы күйзелістің зиянды әсерін болдырмау мүмкін болып шықты. Алдағы уақытта физиологтар осы нәтижелерді адамдарға жасалатын тәжірибе негізінде растауды жоспарлап отыр. 

Инфаркт және инсульт

Заманауи адамның зиянды әдеттері және қимыл-қозғалысы аз өмір салты инфаркт пен инсультты «зейнеткерлер сырқаттары» тізімінен әлдеқайда жастау санатқа бірте-бірте көшіріп отырғаны өкінішті. Шоколад құрамында кездесетін флавоноидтар зиянды төмендетуге қабілетті. Олар көктамырлар мен күретамырларға анағұрлым серпімді болып қала беруге көмектеседі.

Диабет

Қарама-қайшы көрінгенімен, алайда қара шоколад секілді тәтті өнімді күнделікті тұтыну адам ағзасындағы глюкозаның метаболизмін жақсарта отырып, диабеттің бетін қайтара алады. Сонымен қатар аталмыш флавоноидтар тотығу күйзелісін төмендете алатыны анықталды, ал ол кейбір ғалымдардың пікірінше, инсулинге деген төзімділіктің басты себебі болып саналады. 

Сондай-ақ оқу Қырық шәй қасық қант «Сапалы» тамақтанудың сәнге айналуы бізді қандай проблемаға тап қылатыны жайлы

Ішек инфекциясы

Жалпы осы тақырыпқа назар аударып жүргендер адамның ас қорыту және жалпф хал-жағдайына тікелей әсер ететін бактериялардың жиынтығы, яғни, «ішек микробиомасы» деген ұғыммен таныс болуы керек. Зерттеулер көрсеткендей, ас қорыту үдерісі барысында шоколад пробиотик ретінде әрекет етеді де, пайдалы бактериялардың өсуіне, ал зиянды бактерияларды басып-жаншуға мүмкіндік туғызады.

Онкологиялық аурулар

Бұл салада шоколад бірден екі бағытта жұмыс істейді. Бір жағынан, оның құрамындағы антиоксиданттар қартаю және онкологиялық аурулар үшін жауап беретін бос радикалдар тарапынан жасушаларды зақымданудан қорғайды. Ал екіншіден, шоколад жақсы сіңетін магнийдің көзі болып саналады. Соңғы зерттеулерге зер салсақ, адам ағзасының иммундық жасушалары ауытқымалы өзгеріске ұшыраған жасушаларды тек магнийге қаныққан ортада ғана «көре алуға» қабілетті. 

Холестерин

Нағыз шоколадтың құрамында болатын какао майы жақсы холестериннің мөлшерін ұлғайтуға көмектесе алады. Сонымен бірге жаман холестериннің деңгейін төмендетеді! Бұл тұста бірден екі қасиет бар десек болады. Осыған дейін көрсетілген пайдалы нәтижелерге қол жеткізу үшін шоколадты күн сайын тұтынуға рұқсат. Дегенмен оны орынды, яғни, дұрыс тұтыну керектігін естен шығармаған абзал. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес, бұл түсінік тәулігіне шоколадтың шамамен 50 грамм мөлшерін ғана тұтынуға болатынын білдіреді

Зейін қою

Алдағы уақытта емтихандар өтеді ме? Онда құрамында какаоның мөлшері жоғары шоколад қажет. Зерттеу растап отырғандай, шоколад құрамындағы флавоноидтар мидың ақпаратты өңдеу жылдамдығын арттырады екен. Сонымен қатар естеліктерімізді сақтайтын гиппокамптағы қанайналымын жақсартады.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Понравилась ли вам статья?

0
0
1

Тақырып бойынша тағы оқыңыз